Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Планирование  /  4 класс  /  Коучинг тақырыбы: Сабақ үрдісінде АКТ-ны қолдану

Коучинг тақырыбы: Сабақ үрдісінде АКТ-ны қолдану

Бұл коучингті мұғалімдермен өту барысында АКТ мүмкіндіктері туралы білімдері кеңейеді, оқыту процесінде АКТ-ны мақсатты қолдана білуге үйренеді.

23.05.2017

Содержимое разработки

Коуч:

Маханбетова Баянсулу Канаевна

Коучингттің тақырыбы:

Сабақ үрдісінде АКТ қолдану

Мақсаты:

АКТ мүмкіндіктері туралы білімдері кеңейеді, оқыту процесінде АКТ-ны мақсатты қолдана білуге үйренеді.

Оқу нәтижесі:

  • АКТ пайдалану арқылы оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтындығын түсінеді;

  • АКТ қолданудың жақсы жақтарын біледі;

  • АКТ-ны мақсатты қолдана білуге үйренеді

Топқа бөлу:

Алдын ала дайындалған үлкен конверт ішінен құрылғыларының біреуін таңдау арқылы бір топқа бірігеді.

Коуч: Мен сіздерге ұсынғалы тұрған жаттығу бүгінгі топтың жұмыстың тақырыбын, негізгі түйінін табуға мүмкіншілік береді. Сонымен біз не жөнінде ой бөліседі екенбіз?

(Коучинг тақырыбы айтылады)

Тапсырма түрлері

Берілген тапсырманы орындау барысындағы іс-әрекеттер


Уақыты


1-тапсырма

Топтық жұмыс

1-топ. Өз сабақтарыңда АКТ-ның қандай түрін пайдаланасыз? Постер жасау.

2-топ. «ЭКСПО – 2017» тақырыбына презентация жасау

3-топ. АКТ құралдарының бірі телефонды пайдаланып өз топтары туралы слайдшоу жасау

10 мин.

2-тапсырма:

«Радиоға қоңырау шалу»

Радио жүргізуші әр топқа қоңырау шалып сұрақтарына жауап алады

  • АКТ құралдарына не жатады?

  • АКТ құралдарын тиімді пайдалануды қалай түсінесің?

  • Өз іс-тәжірибеңіздегі АКТ-ны қалай қолданасыз?


2 мин.

3-тапсырма

1-топ. Сабақта АКТ-ның тиімді жақтары. 9 ромб әдісі

2-топ. АКТ-ны сабақта пайдаланудың мүмкіндіктері. Свод талдау

3-топ. «Кедергіні көмекшіге айналдыра аламыз ба?» Фишбоун әдісі

7 мин.




Қорытынды

Демек, 3-топ айтқандай кедергіні көмекшіге айналдыра алады екенбіз. Қандай жағдайда?!

Білікті мұғалім АКТ-ны өз білімімен, педагогикалық шеберлігімен ұштастыра алған жағдайда АКТ біздің көмекшіміз бола алады.

Пәндік білім – оқытылатын пәні бойынша өзекті білімдер.

Педагогикалық білім – білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқыту мен оқу үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік.

Технологиялық білім – оқытудың видео, веб-материалдарға қол жеткізу және басқа да сандық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану сияқты қосалқы құралдары туралы білім.

Пән бойынша технологиялық білім – технологиялық білім мен пәндік білімнің өзара әрекеттесуінің тәсілдерін білу.

Технологиялық, педагогикалық және пәндік білім – үш білім саласының ортасында технологиялық, педагогикалық және пәндік білім орналасқан.Осы үш білім саласын өзара байланыстыра алған мұғалім нағыз кәсіпқой мұғалім болып табылады.




3 минут

Кері байланыс


Екі жұлдыз, бір тілек

3 мин



-75%
Курсы повышения квалификации

Мотивация учебной деятельности обучающихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Коучинг тақырыбы: Сабақ үрдісінде АКТ-ны қолдану (17.4 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт