Сабақтың тақырыбы: Сөйлем түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың сөйлем туралы алған білімдерін пысықтау, тиянақтау.
Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылығы: оқушыны сын тұрғысынан ойлауға, шығармашылық қабілетін
дамытуға баулу. Сөздік қорын және байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Тәрбиелілігі: бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыра отырып, оларды ұйымшылдыққа,
ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: ассоциация құру, Венн диаграммасы, тірек сөздер арқылы әңгіме
Көрнекілігі: Венн диаграммасы, кеспе қағаздар, ребус, сызбалар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық:
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз.
Оқып, білім аламыз,
Білімді шәкірт боламыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
85 – жаттығу.
Құраған сөйлемдерін оқыту.
Әр сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісін қойдың?
Сөйлем дегеніміз не?
ІІІ. Қызығушылықты ояту:
«Ойлан тап» (математикамен байланыс)
5*3 2*6
2*4 0*5
3*3 2*7
| 0 | 8 | 9 | 12 | 14 | 15 |
| с | ө | й | л | е | м |
ІҮ. Мағынаны тану:
Ассоциация құру. «Сөйлем» дегенде алдымен ойларыңа не келеді?
Сөйлем
Сөздерден құралады бірінші сөзі бас әріптен

басталып жазылады

соңына тыныс белгі аяқталған (тиянақты) ойды
қойылады. білдіреді.




Хабарлы сұраулы лепті бұйрықты
Сөйлем, оның түрлерінің ережелерін еске түсіру.
90- жаттығу . Сөйлемдегі өзара байланысты сөздерді бөліп жазу. Олардың байланысын сұрақ қойып анықтау.
Аспанды бұлт торлады. Жел соқты. Жаңбыр нөсерлетіп жауды.
Бұлт торлады, аспанды торлады; жел соқты; жаңбыр жауды, нөсерлетіп жауды.
91-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіру. Қарамен жазылған сөйлемдегі сөздердің байланысын табу.

Көрікті Алатау аясындағы мемлекеттік қорықта түрлі хайуанаттар тіршілік етеді. Солардың бірі – теңбіл маралдар. Маралдардың мүйізінен әр түрлі дәрі-дәрмек жасалады. Марал - пайдалы жануар.
Ребус шешу.

«Адасқан сөздер» ойыны.
Еңбек ерінбей тояды тіленбей етсең қарның
Сөздерден сөйлем құрап жазып, сөйлемдегі сөздердің байланысын тап.
95- жаттығу. Берілген сөздерді астындағы сұрақтардың ретімен орналастырып жаз. Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қоясың? Неге?
Барды, Әсел, дүкенге.
Кім? Қайда? Не істеді?
Мөңіреді, ала, бұзау.
Қандай? Не? Қайтті?
Ү. Рефлексия:
Сөйлемдер дұрыс құралған ба? Түзетіп қайта жаз.
Саққұлақ ит жақсы. Мал күзетеді ол. Шапты қасқыр бір күні. Тап берді оған Саққұлақ. Қорқып қаша жөнелді қасқыр.
Мәтін Сөйлем
Үйге тапсырма: 92-жаттығу
Бағалау.

Конспект урока "Сөйлем" (59.5 KB)

