Пән: Информатика
Сынып: 5 «А», «Б», «В»
Сабақтың тақырыбы: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі.
Сабақтың мақсаты: программамен қамтамасыз ету туралы түсінік қалыптастыру, программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсету.
Білімділік: . Бағдарла және бағдарламалық жабдықтама түсініктерімен таныстыру;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракиясын дамыту.ма
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, түгендеу.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Өткен тақырыпты сұрау.Тест тапсырмасы.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Компьютерде сақталатын барлық программалар оның программалық жабдықтамасын (ПЖ)құрайды.
Жүйелік программалық жабдықтама
Операциялық жүйе- ол компьютердің қондырғылары мен программалық жабдықтамаларының жұмысын басқарады.
Драйверлер – компьтерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істуі үшін қажетті программалар.
Утилиталар- компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.
Қолданбалы программалық жабдықтама
Саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы.Қолданбалы программаалрды қосымшалар деп те атайды.
Программалау жүйелері
Жаңа программалар – олар операциялық жүйелер болсын немесе қосымшалар болсын, бәрібір – құру үшін, программалаушыға арнайы программа керек. Ондай программаларды программалау жүйелері деп атайды.
Практикалық тапсырмалар: Карточкалар беріледі.
Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Программалық жабдықтама дгеніміз не?
2. ПЖ түрлері?
3. Жүйелік программалық жабдықтама дегенді қалай түсіндін?
4. Қолданбалы програмаларды ата.
5. Программалау жүйелері деген не?
Сабақты бағалау.
Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларын орындау.