Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның спорт саңлақтары
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік: .Қазақстанның даңқты спортшылары мен
спорттағы жетістіктері туралы білімдерін толықтыру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Қазақстандық спортшылардың олимпиададағы ерлік істерін,отансүйгіштік қасиеттерін мақтан етуге, оқушылар бойларына патриоттық сезімді сіңіре білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдістері: оқу, баяндау, мәнерлеп оқу,ой қозғау , сұрақ- жауап , жатқа оқу, мазмұндау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, « Қазақстан спортшыларының Рио-де-Жанейро Олимпиадасындағы жетістіктері», «Чемпиондар әні »,
« Көк тудың желбірегені» бейнетаспалар, презентациялар.
Пәнаралық байланыс: тарих,география, әдебиет.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Сабақтың мақсатын қою кезеңі:
«Чемпиондар әні » бейнетаспасын тамашалау.
- Бүгінгі сабағымыз Олимп шыңын бағындырып, ел намысын қорғаған Қазақстан спортшыларына арналады.
III . Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
1. Олимпиада чемпиондары туралы презентациялар.
Серік Сәпиев - боксшы, олимпиада чемпионы, Баркер кубогының иегері. Әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері.
Илья Ильин Қазақстандық зілтемірші . Қазақстанның тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, әлемнің төрт дүркін чемпионы. Ауыр атлетика саласындағы
ең жас әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.
2. Жаңа сөздер
ие болу- иемдену-алу шұғылдана бастау- айналыса бастау
бапкер- жаттықтырушы жаттығу- үйрену
жүлдегер- жеңімпаз марапаттау- жүлде тапсыру
3. Ермахан Ыбырайымов туралы презентация
Ермахан – 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиадада алтын медальға ие болған атақты боксшы. 1996 жылы Атлантада өткен XXUI жазғы олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері болды. 1999 жылы Азия құрлығының ең үздік боксшысы атанды. Сидней олимпиадасының жеңісі үшін «Барыс» орденімен марапатталды.
4. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
1.Ермахан Ыбрайымов кім?
2.Ол қай жерде дүниеге келді?
3.Ермахан Ыбрайымов Сидней
Олимпиадасында қандай жүлде алды?
4.Боксшы қандай орденмен марапатталды?
5. Жақсылық Үшкемпіров туралы презентация.
Ол – Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, грек- рим күресінің жеңімпазы. Даңқты спортшы 1980 жылы Мәскеу олимпиадасының және 1981 жылы Әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алған. Сонымен қатар Ж.Үшкемпіров 1974 жылы Семей мал дәрігерлік институтын, 1982 жылы Қазақ денешынықтыру институтын бітірген «Астана- әлем қаласы» бейнетаспаны тамашалау.
6. Мәтін бойынша сұақтар құрастыру.
IV.Жаңа сабақты түсінгенді тексеру кезеңі:
1. 6- тапсырма.Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңдар.
Спортпен шұғылдану , ерте тұру, шаңғы тебу, айдында сырғанау, жеңімпаз атану, сыйлықпен марапатталу.
2. 4- тапсырма.Мәтінге қарап, сөйлемнің дұрыс- бұрысын тексеріңдер. Оқушылар Астана туралы өлеңдерді жатқа оқиды.
3. Ой қозғау
1)Менің сүйікті спортым»
2)Спорт- денсаулық кепілі»
4.Мақал- мәтелдерді мағыналық жағынан сәйкестендіріңдер.
Денсаулық – ………. зор байлық.
Тәні саудың – …….. жаны сау.
Еңбек пен бақыт –……. егіз.
Ауырып ем іздегенше,………… (ауырмайтын жол ізде.)
Спорт – денсаулық ………. (кепілі.)
Шыңықсан – ......................шымыр боласын
VI.Бекіту кезеңі:
1.« Қазақстан спортшыларының Рио-де-Жанейро Олимпиадасындағы жетістіктері» туралы бейнетаспа.
2. Олимпиада жеңімпаздары туралы презентациялар.
Данияр Елеусінов .азақстандық әуесқой-боксшы. 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының чемпионы, Азиада-2010 жеңімпазы.
Дмитрий Баландин. Олимпиада чемпионы, Азия ойындарының үш дүркін чемпионы.
Ниджат Рахимов Қазақстан құрамасына Әзірбайжаннан келген легионер спортшы. Рио Олимпиадасының чемпионы.
Жазира Жаппарқұл - зілтемірші, екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері , жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы.
Елдос Сметов -дзюдошы ,Рио - де -Жанейрода өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері, әлем чемпионы.
3. Чемпиондарға арналған өлеңдерді жатқа оқу.
Рионың хақ төрінде топты жарған
Дараланып Данияр шоқтылардан
Қазақтың маңдайына жазылған ұл
Басып озды азулы мықтылардан
Шаршы алаңда аямадың кез келгенін
Атойладың рингінде өзге елдің
Сен - Ұлансың! Данияр! Ұлы елдің
Қырандайын іле тұғын көздегенін
Алтыныңды қанжығаға бөктерiп!
Көк туыңды жатыр Ұлың көкке iлiп!
Ильин бүгiн орындады уәдесiн.
'АЛТЫН АЛАМ, ТАРТЫП АЛАМ' деп келiп.
Мойындаймыз бiз осындай мықты ұлды.
Ол ҚАЗАҚТЫҢ кiм екенiн ұқтырды.
ИЛЬЯНЫҢ өр намысы секiлдi,
Бүкiл әлем, аяғынан тiк тұрды!
VII.Үйге тапсырма:
«Қазақстанның спорт саңлақтары» 5- тапсырма,60- бет.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
VIII. Сабақты қорытындылау:
Еліміздің намысын қандай ұлт өкілдері қорғады?
Еліміздің намысын қорғаған көп ұлтты Қазақстан командасына арнап
« Көк тудың желбірегені» бейнетаспасын тамашалаймыз.


КОНСПЕКТ УРОКА ҚАЗАҚСТАНСПОРТШЫЛАРЫ (20.28 KB)

