Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Мероприятия  /  Дошкольникам  /  "Көңілді отбасы" отбасылық сайысы

"Көңілді отбасы" отбасылық сайысы

Бұл отбасылық сайыс. Сайысқа і ата анамен кішкентай бүлдіршіндер қатысады

11.01.2018

Содержимое разработки

Мақсаты:

а) балалардың дене қимылдарын дамыту, ойындарға деген қызығушылығын арттыру;

б) шапшаңдылық, ептілікке үйрету, жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, қадірлі тәрбиешілер, қымбатты балалар! Бүгін міне сіздер мен біздер жақсылықта қауышып, жүздесіп отырғанымызға қуаныштымыз!

Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды,

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімінен ананың жасалады,- дей келе бүгінгі «Көңілді отбасы» атты сайысына қош келдіңіздер!

Бәйге, жарыс, деген соң жарысайық,

Мәреден бәрімізде табысайық.

Бұл сайысты ең алдымен бастау үшін

Ең әділ, әділқазылар алқасымен танысайық.

- Әдіскер – Бекенова Меруерт Джексенбековна

- Педагог – психолог Галеева Кунтай Амергалиқызы

-Қазақ тілі пәнінің мұғалімі – Құдайбергенова Бақыт Мұқатаевна


Жүргізуші: Экранға назар аударыңыздар. (Слайд көрсету)

-Ал, енді бүгінгі сайысқа қатысатын ана және бүлдіршіндермен танысайық

-Мухамеджанова Айжан –Тұрсынбай Айкөркем

-Васина Маргарита – Васин Станислав

-Баржаксинова Алтынай – Баржаксинова Рамина

-Жусупбекова Мөлдір – Шабдан Әмір

Енді қатысушыларымызды ортаға шақырайық(екі топқа бөлу)

1 - тапсырма:«Кім жылдам?»

Мақсаты: Шеңбер ішінде 3 сылдырмақ жатады. Ал шеңбер сыртында 4 бала тұрады. Әуен басталғанда шеңберді айналып жүріп билейді. Әуен тоқтағанда сылдырмақты алып үлгеру керек. Үлгермеген бала ойыннан шығады. Осылай ойын жалғасады.

2- тапсырма: «Анасының кішкентай көмекшісі»

Мақсаты: (Залдың бір шетінде аналар – екінші шетінде балалар тұрады.) Аналар орамалды жуып, сығып, балаларына жүгіп келіп, баласына береді. Баласы қысқышпен оны жіпке жаяды. Осылай екінші анада жалғастырады.

Сергіту сәті: Аяқпененен топ топ топ.

Жүргізуші: Аналар сіздер балаларыңызға ертегі оқисыздар ма?

Қазыр байқап көреміз. Біздің келесі тапсырмамыз ертегіге байланысты.

3 - тапсырма: «Шалқан»

Шарты: Бүгін біздің балаларымыз шалқан болады. Ал шалқанды ата мен әже тартады, бірақ тышқансыз оларда ештеңе шықпайды.

1 бала –шалқан, ана –әже, ана –ата, 1 бала – тышқан болады. Шалқан орындықта отырады, ата жүгіріп шалқанды айналып жүгіріп келіп әжені алып кетеді де жүгіреді. Сосын ата мен әже жүгіріп келіп тышқанды ұстап шалқанға жүгіреді. Тышқан шалқанды ұстап артқа жүгіріп келу керек. Қай топ бірінші келсе сол жеңеді.

4- тапсырма: «Отбасы туралы ән айту»

5 – тапсырма: «Кедергілерден өту»

Жүр: Бүгінгі сайыстың қорытынды шешімін білу үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.

( Шешім бойынша жақсы өлең оқыған баланы мадақтамамен ( грамота) марапаттайды).


Жүр: Құрметті қонақтар, қадірлі тәрбиешілер, қымбатты балалар бүгінгі «Көңілді отбасы» атты сайысыда өз мәресіне келіп жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға мың алғыс. Сіздердің барлықтарыңызға отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, әрқашан өнердің биігінде қанаттарыңыз талмасын. Нұрлы күндерде жүздескенше қош сау болыңыздар!

-80%
Курсы дополнительного образования

Основы косметологии

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Көңілді отбасы" отбасылық сайысы (16.39 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт