Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Уроки  /  5 класс  /  Компьютердің құрылымы

Компьютердің құрылымы

Саба?ты? та?ырыбы : Компьютерді? ??рылымы

Саба?ты? ма?саты :

Білімділігі : Бала бойына б?гінгі та?ырыпты ?ту барысында білімдерін арттыру.

Т?рбиелігі : ?р о?ушыны іскерлікке, на?тылы??а, ынтыма?тылы??а т?рбиелеу.

Дамытушылы?ы : О?ушыны? ?рбір саба??а ынтасы мен ?аблетін біріктіріп, п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру.

Саба?ты? т?рі : жа?а саба?ты ме?герту саба?ы

Саба?ты? к?рнекілігі : компьютер, интерактивті та?та, презентация

Саба?ты? барысы :

а) ?йымдастыру кезе?і

б) саба? с?рау

в) ба?алау

г) жа?а саба?

д) бекіту

е) ?йге тапсырма

ж) ?орытынды

Жа?а саба?ты т?сіндіру

Барлы? компьютерлерді? бір – бірінен айырмашылы?ы- оларды? ??рамына кіретін ??рыл?ылар жиыныны? ?рт?рлі болуында.

Дербес компьютер 3 б?ліктен т?рады.

· а?паратты шы?ару ??рыл?ысы – монитордан

· а?паратты енгізу ??рыл?ысы – пернета?тадан

· ж?йелік блокта орналас?ан а?паратты ??деу ж?не са?тау ??рыл?ыларынан

Б?л ??рыл?ылар міндетті болып табылады. Б?л ??рыл?ыларды? біреуінсіз компьютер ж?мыс істей алмайды. Бас?а барлы? ??рыл?ылар міндетті емес немесе ?осымша болады.

Пернета?тадан бас?а енгізу ??рыл?ыларына тыш?ан, ойын джойстігі ж?не бас?алар жатады. Оларды? к?мегімен компьютерлік программалармен байланысамыз, б?йры? бере аламыз.

Компьютерді? ж?йелік блогында ?рт?рлі ??рыл?ыларды? негізгі жиыны орналас?ан. Шын м?нінде, компьютер осыны? ?зі. М?нда аналы? та?ша, жедел жады, ?атты дискі, процессор, дискжетектер, видеокарталар мен дыбыс карталары ж?не та?ы бас?алар орналас?ан.

Ж?йелік блокты? ??рамы

Аналы? та?ша – ж?йелік блокты? бас?а ??рыл?ылар жал?ан?ан негізгі б?лігі. Аналы? та?ша ар?ылы ж?йелік блокты? ??рыл?ылары ?зара байланысып, а?парат алмасу іске асады.

Процессор – ж?йелік блокты? «миы». К?біне оны? жылдамды?ына компьютерді? ж?мыс ?німділігі т?уелді

Жедел жады - компьютерде деректерді уа?ытша са?тау жады. Ол тек компьютер ж?мыс істегенде ?ана ?олданылады. Жедел жады мектептегі саба? та?тасына ??сас. Саба? ж?ріп жат?анда та?та?а жазып, одан а?парат о?исы?. Саба? ая?тал?анда барлы? а?парат та?тадан ?шіріледі. Та?та жа?а саба??а дайын. Компьютерді? жедел жады да осылай. Компьютерлік программа ж?мыс істеп т?р?анда, жедел жадыда о?ан ?ажетті а?парат са?талады. Сендер программамен ж?мыс істеуді то?тат?анда немесе компьютерді ?шіргенде, жедел жадыда?ы а?парат жойылады.

?атты дискі – а?паратты ?за? уа?ыт са?тау?а арнал?ан ??рыл?ы. Онда т?тынушыны? программалары мен файлдары са?талады.

Видеокарта – ж?йелік блокты? ішінде орналас?ан ??рыл?ы. Видеокарта компьютерді? ж?йелік блогында?ы бейнені монитор?а шы?ару?а «дайындайды». Видеокарта?а бейнені? сапасы т?уелді.

Дыбыс картасы – компьютерде дыбыспен ж?мыс жасау ?шін ?ажет.

Желілік карта – окмпьютерді бас?а компьютерлермен желі ар?ылы біріктіру ?шін немесе Интернет желісіне ?осылу ?шін керек.

Пернета?та

Пернета?та – компьютерге а?парат енгізу ??рыл?ысы. Пернета?тада пернелерден бас?а индикаторлар да бар.

Индикаторлар – пернета?таны? ?андай режимде ж?мыс істеп т?р?анын к?рсететін кішкене шамдар

?аза?станда ?олданылатын компьютерлік пернета?таларды? алфавиттік – цифрлы? б?лігінде а?ылшын, орыс ж?не ?аза? ?ліпбиіні? ?ріптері бар. Бір тілден бас?а тілге пернелерді? ?рт?рлі тіркесімін бірге басу ар?ылы ауысу?а болады (Shift + Ctrl). Бас ?ріппен жазу ?шін тиісті ?ріпті Shift пернесімен бірге басу керек.

Егер бірнеше ?лкен (бас) ?ріп басылып шы?уы керек болса, онда бас?а т?сіл ?оланылады. Пернета?тада?ы CapsLock пренесі бас ?ріптер теру режимін іске ?осады. Оны ?алай ?олданамыз ? Ол ?шін CapsLock пренесін бір рет басу керек. Одан кейін пернета?таны? о? жа? жо?ар?ы б?лігінде CapsLock пренесіні? аты бар индикатор жанады. Б?дан кейін перната?тада тергендері?ні? б?рі ?лкен ?ріппен жазылып шы?ады. Кіші ?ріптер теру режиміне ауыс?ылары? келсе, CapsLock пренесін ?айтадан басы?дар. Егер б?рін д?рыс жасаса?дар, онда кішкене шам – индикатор ?шеді.

?осымша цифрлы? пернета?та цифрлардан да, сілтемелерден де т?рады. Ж?мыс режимін NumLock пернесі к?мегімен ауыстырады.

Enter пернесі – б?л енгізу пернесі. Ол пернета?тада терілген кез келген б?йры?ты? орындалуын ??птайды.

?орытынды

Ба?ылау с?ра?тары

Компьютерді? негізгі ??рыл?ыларын ата?дар.

Компьютерді? негізгі ??рыл?ысына тыш?ан неге кірмейді ?

Компьютерді? ж?йелік блогы ??рамына кіретін ??рыл?ыларды ата?дар

Мына ??рыл?ыларды? ?айсысы компьютерді? ж?йелік блогы ??рамына кіреді: тыш?ан, процессор, санды? видеокамера, ішкі жады, дискжетектер, аналы? та?ша ?

А?паратты ?за? уа?ыт са?тау ?шін ?олданылатын жады т?рі ?андай ?

Компьютер ?шірілгеннен кейін а?парат жедел жадыда са?тала ма ?

?йге тапсырма

§ 6 та?ырыпты о?у, тестке жауап жазу

15.03.2017

Содержимое разработки

Сынып : 5

Сабақтың тақырыбы : Компьютердің құрылымы

Сабақтың мақсаты :

Білімділігі : Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі : Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу .

Дамытушылығы : Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қаблетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың көрнекілігі : компьютер, интерактивті тақта, презентация

Сабақтың барысы :

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Жаңа сабақты түсіндіру

               Барлық компьютерлердің бір – бірінен айырмашылығы- олардың құрамына кіретін құрылғылар жиынының әртүрлі болуында.

        Дербес компьютер 3 бөліктен тұрады.

·         ақпаратты шығару құрылғысы – монитордан

·         ақпаратты енгізу құрылғысы – пернетақтадан

·         жүйелік блокта орналасқан ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғыларынан

Бұл құрылғылар міндетті болып табылады. Бұл құрылғылардың біреуінсіз компьютер жұмыс істей алмайды. Басқа барлық құрылғылар міндетті емес немесе қосымша болады.

           Пернетақтадан басқа енгізу құрылғыларына тышқан, ойын джойстігі және басқалар жатады. Олардың көмегімен компьютерлік программалармен байланысамыз, бұйрық бере аламыз.

           Компьютердің жүйелік блогында әртүрлі құрылғылардың негізгі жиыны орналасқан. Шын мәнінде, компьютер осының өзі. Мұнда аналық тақша, жедел жады, қатты дискі, процессор, дискжетектер, видеокарталар мен дыбыс карталары және тағы басқалар орналасқан.

Жүйелік блоктың құрамы

           Аналық тақша – жүйелік блоктың басқа құрылғылар жалғанған негізгі бөлігі. Аналық тақша арқылы жүйелік блоктың құрылғылары өзара байланысып, ақпарат алмасу іске асады. 

           Процессор – жүйелік блоктың «миы». Көбіне оның жылдамдығына компьютердің жұмыс өнімділігі тәуелді

           Жедел жады - компьютерде деректерді уақытша сақтау жады. Ол тек компьютер жұмыс істегенде ғана қолданылады. Жедел жады мектептегі сабақ тақтасына ұқсас. Сабақ жүріп жатқанда тақтаға жазып, одан ақпарат оқисың. Сабақ аяқталғанда барлық ақпарат тақтадан өшіріледі. Тақта жаңа сабаққа дайын. Компьютердің жедел жады да осылай. Компьютерлік программа жұмыс істеп тұрғанда, жедел жадыда оған қажетті ақпарат сақталады. Сендер программамен жұмыс істеуді тоқтатқанда немесе компьютерді өшіргенде, жедел жадыдағы ақпарат жойылады.

           Қатты дискі – ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы . Онда тұтынушының программалары мен файлдары сақталады.

          Видеокарта – жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғы. Видеокарта компьютердің жүйелік блогындағы бейнені мониторға шығаруға «дайындайды». Видеокартаға бейненің сапасы тәуелді.

          Дыбыс картасы – компьютерде дыбыспен жұмыс жасау үшін қажет .

          Желілік карта – окмпьютерді басқа компьютерлермен желі арқылы біріктіру үшін немесе Интернет желісіне қосылу үшін керек.

Пернетақта

         Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы. Пернетақтада пернелерден басқа индикаторлар да бар.

           Индикаторлар – пернетақтаның қандай режимде жұмыс істеп тұрғанын көрсететін кішкене шамдар

          Қазақстанда қолданылатын компьютерлік пернетақталардың алфавиттік – цифрлық бөлігінде ағылшын, орыс және қазақ әліпбиінің әріптері бар. Бір тілден басқа тілге пернелердің әртүрлі тіркесімін бірге басу арқылы ауысуға болады (Shift + Ctrl) . Бас әріппен жазу үшін тиісті әріпті Shift  пернесімен бірге басу керек.

          Егер бірнеше үлкен (бас) әріп басылып шығуы керек болса, онда басқа тәсіл қоланылады. Пернетақтадағы CapsLock пренесі бас әріптер теру режимін іске қосады. Оны қалай қолданамыз ? Ол үшін CapsLock пренесін бір рет басу керек. Одан кейін пернетақтаның оң жақ жоғарғы бөлігінде CapsLock пренесінің аты бар индикатор жанады. Бұдан кейін пернатақтада тергендеріңнің бәрі үлкен әріппен жазылып шығады. Кіші әріптер теру режиміне ауысқыларың келсе, CapsLock пренесін қайтадан басыңдар. Егер бәрін дұрыс жасасаңдар, онда кішкене шам – индикатор өшеді.

           Қосымша цифрлық пернетақта цифрлардан да, сілтемелерден де тұрады. Жұмыс режимін NumLock пернесі көмегімен ауыстырады.

          Enter пернесі – бұл енгізу пернесі. Ол пернетақтада терілген кез келген бұйрықтың орындалуын құптайды.

Қорытынды

Бақылау сұрақтары

Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар.

Компьютердің негізгі құрылғысына тышқан неге кірмейді ?

Компьютердің жүйелік блогы құрамына кіретін құрылғыларды атаңдар

Мына құрылғылардың қайсысы компьютердің жүйелік блогы құрамына кіреді: тышқан, процессор, сандық видеокамера, ішкі жады, дискжетектер, аналық тақша ?

Ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылатын жады түрі қандай ?

Компьютер өшірілгеннен кейін ақпарат жедел жадыда сақтала ма ?

Үйге тапсырма

§ 6 тақырыпты оқу, тестке жауап жазу



-80%
Курсы дополнительного образования

Основы HTML

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Компьютердің құрылымы (29.8 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт