Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  Прочее  /  Коммутатор Мәліметтерді беру

Коммутатор Мәліметтерді беру

Оқулық тақырыбы Зертханалық жұмыс №8. «Коммутатор қондырғыларын есептеу»

Коммутатор(лат. commuto – өзгертемін, ауыстырамын) – электрлік тізбекті жалғастыруға, ажыратуға және ауыстырып қосуға арналған электрмеханикалық, электронды немесе электронды-сәулелік қондырғы. К-дың қарапайым және аса күрделі түрлері бар. Коммутаторлар байланыс техникасында (оның ішінде әскери) абонент желілерін бір типті шеттік аппараттардан (телефон, телеграф, мәлімет беру және т.б.) және ақпаратты беру мен қабылдау үшін кедергісіз жолдар жасау мақсатында байланыс арналарын бір-бірімен электрлік жалғастыруға арналған.

20.12.2018

Содержимое разработки

Оқулық тақырыбы
Зертханалық жұмыс №8. «Коммутатор қондырғыларын есептеу»

Коммутатор(лат. commuto – өзгертемін, ауыстырамын) – электрлік тізбекті жалғастыруға, ажыратуға және ауыстырып қосуға арналған электрмеханикалық, электронды немесе электронды-сәулелік қондырғы. К-дың қарапайым және аса күрделі түрлері бар. Коммутаторлар байланыс техникасында (оның ішінде әскери) абонент желілерін бір типті шеттік аппараттардан (телефонтелеграф, мәлімет беру және т.б.) және ақпаратты беру мен қабылдау үшін кедергісіз жолдар жасау мақсатында байланыс арналарын бір-бірімен электрлік жалғастыруға арналған. Жалғастыру тәсілдеріне байланысты коммутаторлар қолмен жұмыс істейтін және автоматты қызмет кәрсету болып бөлінеді. Қолмен қызмет көрсетуде коммутацияны оператор жүзеге асырады. Автоматты қызмет көрсетуде коммутация оператордың қатысынсыз шеттік аппараттардан келетін сигналдар бойынша орындалады. Жалғастыру тәсіліне қарай арналар коммутаторлары және байланыс коммутаторлары болып бөлінеді. Арналар коммуникациясында ақпаратты беру үшін тораптар желісі арқылы бір шеттік пунктті екіншісімен қосатын кедергісіз арналар ұйымдастырылады. Байланыс коммуникациясында берілуге тиісті ақпарат мекен-жайымен бірге сәйкес аппаратураға беріледі және есте сақтау қондыргысында сақталады. Сонан соң белгіленген пунктте аралық пунктердің қайта қабылдап-беруі арқылы беріледі. Коммутаторларды сондай-ақ абонент желілері мен арналарының санына карай да айырады.

Коммутация байланыс торабының коммутациялық құрылғыларында электрлік қосындыларды, сымдарды, кабельдерді, байланыс желілерін, аппараттарды, аспаптарды әр түрлі ауыстырып қосу

Коммутация(switching) - құрылғыларды бір-бірімен ауыстырып қосу арқылы керекті байланыстарды іске асыру; құрылғыларды сұрыптау және олармен байланыс орнату. Қашықтағы терминалды компьютерге жалғастыру (қосу).

Коммутация (лат.commutatioөзгеріс, алмасу)— тілдін екі танбасынын — тілдік танбанын көрінісі мен мазмұнынын сәйкестігінен туатын қатынас. "Коммутация" ұғымынглоссематикада тіл таңбалары арасындағы парадигматикалық катынасты анықтау үшін, 1935 ж. Л. Ельмслев (Дания) енгізген. Ол шағын тіл элементтерін көрінісі мен мазмұны жағынан ерекшелеп көрсету үшін Коммутациялық тест жасаған. Мысалы: заттын сандык мөлшерін білдіретін моль-ноль, ноль-нуль сөздері көрінісі жағынан роль-руль сиякты бір-бірінен ерекше. Бірак олар мазмүны жағынан эр түрлі катынаста: моль-ноль, роль-руль жұп сөздері көрінісі мен мазұн сәйкестігі жағынан бір-бірімен Коммутациялык катынаста, ал ноль-нуль жұбы—тек бір танбанын варианттары ғана, онда Коммутациялық қатынас Ж°К. Коммутациялық тест тілдік танбалардын көрінісі мен мазмұнын аныктау мақсатында тілдік талдаудың барлық деңгейіндеде (мыс. синкретизм құбылыстарында) қолданылады.

Коммутациялық модем

Коммутациялық модем (номер терімі бар модем) (коммутационный модем (модем с набором номера); dial-up modem) — жұмыс істеу үшін жеке немесе арендалық телефон желілерін пайдаланбай, қарапайым коммутациялау желісін пайдаланатын модем.

Коммутатор, жалғауыш

Коммутатор, жалғауыш (коммутатор; switch, switching hub) — екі және одан көп құрылғылар арасындағы мәліметтер ағынының бағытын өзгертіп (үзіп- жалғастырып) тұратын құрылғы

 

Бақылау сұрақтары

1.Сигнал параметрлерін бағалау.

2. Сигналды демодуляциялау арқылы тактілі синхронды және тасымалдаушыны қалпына келтіру.

3. Синхронды және асинхронды жүйедегi синхрондау. Элементтері бойынша синхрондау, топтық және циклдық синхрондау түсiнiктерiнiң анықтамалары.

4. Элемент бойынша синхрондау құрылғысы мен жұмыс iстеу принциптерi.

5. Фазалар ауытқуының мүмкін болатын шамалары туралы түсiнiк.



-80%
Курсы дополнительного образования

Основы правильного питания

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Коммутатор Мәліметтерді беру (15.83 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт