Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Көліктер /технологиялық карта/

Көліктер /технологиялық карта/

Балаларды? к?лік т?рлері жайлы білімдерін ке?ейту.С?йлеу да?дыларын ?алыптастыру.

31.01.2017

Содержимое разработки

23.01.2017ж

Білім беру саласы: Қатынас

Бағдарлама тараулары:Тіл дамыту

Тақырыбы: «Көлік түрлері

Мақсаты: Көлік түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру. Атқаратын қызметіне және жүретін ортасына қарай (ауада, суда, жерде) топтастыру. Көліктердің пайдалы және зиянды жақтарымен таныстыру. Адам тұрмысындағы көліктердің пайда болу тарихынан қысқаша мәлімет беру. Көлік ішіндегі мінез-құлық ережелері туралы түсіндіру.

Құрал-жабдық: Сабақтың қысқаша мазмұны. Әліппе-дәптер. Мазмұнды суреттер. Ойындар жинағы.

Сабаққа дайындық: Көліктер түрлері туралы суреттер, атқаратын қызметіне және ортасына (суда, ауада, жерде) қарай мазмұнды суреттер, бақылаулар.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы







Шаттық шеңбері:

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Иіліп сәлем береміз!

Саяхаттың барысы:

Серуен кезінде балаларды жақын жердегі көшеге көліктерді бақылау жасауға алып бару.

Балалар шаттық шеңберге тұрып бәрімен амандасып әндетеді.


Саяхатқа шығып, балалар, жолдың бойымен жүріп жатқан көліктің түрлеріне назар аударады.

Іздену-ұйымдастырушылық









М.Жаманбалиновтың «Автобуста» өлеңін оқып беру.

Сабақта әртүрлі суреттерді пайдалана отырып, көлік түрлерімен таныстыру. Көлік түрлері туралы мазмұнды суреттерге қарап


«Кім қандай көлікті қалайды?» деген ойынды балаларға ойнату. Көлік түрлері әңгімесін жалғастырып, оның пайдалы жағы: адамның еңбегін жеңілдетеді, алысты жақындатады.

Зиянды жағы: көліктерден бөлініп шығатын зиянды газдар мен түтіндер қоршаған ортаның ауасын ластайды, адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Осыған орай өсімдіктердің (ағаштар, гүлдер т.б.) ауаны тазартаныны, яғни улы газдарды бойына тартып алатыны туралы естеріне салу. Сондықтан


Ежелгі көлік түрлері туралы мазмұнды суреттерді қолдана отырып, көліктің шығу тарихы туралы қысқаша әңгімелеп беру. Ертеде адамдар көлік ретінде және жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланды (ат, өгіз, түйе). Оларға арба жегіп жүк тасыды, адамдарды тасымалдады. Бертін келе адамдар көліктің жаңа түрлері – машиналарды ойлап тапты. Қазіргі уақытта көшелерде, алыс жолдарда көптеген машиналардың түрлері жүреді. Ал көліктермен жүрушілер «жолаушылар» деп аталады. Жолаушылар жол жүрген кезде көліктерде мәдени мінез-құлық ережелерін сақтауға, жол ақысын төлеуге міндетті (үлкенге орын беру, қатты сөйлемеу, жалпыға бірдей тазалық ережесін сақтау, жол ақысын төлеу).

Өлеңді мұқият тыңдайды.

Балалар көліктердің жүретін ортасы мен (ауада, суда, жерде) атқаратын қызметіне қарай (жүк машинасы, жеңіл машиналар, жолаушылар тасымалдайтын машиналар) топтастырады.

Балалар көліктердің пайдалы және зиян жақтарынынң барын түсінеді. Зияндығын азайту үшін не істеуге болатынын әңгімелейді. Жыл сайын көктемде ауылдар мен қалаларда көгалдандыру жұмысы жүргізіліп, ағаштар мен бұталар, гүлдер т.б. отырғызады. Ал, балалар болса үлкендермен бірге отырғызылған ағаштарға, бұталарға, гүлдерге қамқорлық жасаулары керек.

Ежелгі көліктің түрлерімен танысады.

Жолаушылардың жолда жүру ережесін сақтаулары керектігін ұғады.


Рефлексифті – корригиялық







Әліппе-дәптермен жұмыс: «Ұшақ» (Ж.Нұрханов) өлеңін оқып, түсіндіру.

Дидактикалық ойын: «Егер де...»

Балалар сабақ соңында мынадай дағдыларды меңгеруі тиіс.

а) көгалдандыру жұмыстарына қатысып отыру

ә) жасыл әлемге қамқорлықпен қарау

а) ауылдағы көлік түрлерін қаладағымен салыстырып әңгімеле

ә) сен балабақшаға қандай көлік түрімен келетініңді суреттеп көрсет, атын ата.

б) берілген суретте не артық, себебі неде, қалған суреттегі заттарды бір сөзбен қалай атауға болады?Балалардың алған білімдерін бекіту мақсатында «Жолаушылар» деген мазмұнды-ролді ойын ойнатуға болады. Балалар қоғамдық көліктерде жалпыға ортақ мінез-құлық ережелерін сақтап жүруі тиіс.


Өлеңді мұқият тыңдайды.


Тапсырмалар орындайды:

а) шетін сызықпен көрсетіп бояйды

ә) суретте берілген көлік түрлерін үш топқа бөліп, сызық арқылы араларын қосып көрсетеді, аттарын атайды.

- ауылдағы көлік түрлерін қаланікімен салыстырады.

«Жолаушылар» мазмұнды рөлдік ойынын ойнайды. Біреулері жолаушылар, біреуі жүргізуші, біреуі билет беруші болып бөлініп ойнайды.


Болжамды нәтиже: Көлік түрлері жайлы білу. Адам тұрмысындағы көліктердің пайда болуы жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Білуі керек: Көлік ішіндегі мінез-құлық ережелері туралы білу

Істей біледі: Көліктердің пайдалы және зиянды жақтарымен тану



-80%
Курсы повышения квалификации

Развитие человека от рождения до смерти: психология развития и возрастная психология

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Көліктер /технологиялық карта/ (14.92 KB)

Похожие файлы

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт