10.03.2016ж.
Білім беру саласы:Таным.Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Экология.
Тақырыбы;Көктем.
Мақсаты ;Сұрақтарға байланыстыжауаптар қайтаруға,сөз тіркестерін құрастыруға үйрету.
Билингвальды компонент;бәйшешек-подснежник,бүршік-почка,көктем-весна.
Керекті құралдар: суреттер, көктем көрінісі сурет түрлері.
| Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық қозғаушы:
Іздену – ұйымдастырушы:
Рефлексиялық-түзетушілік
| Сәлеметсіздер ме,балалар! Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып,төмендегі өлең жолдарын қайталату.
Бақшамызға барғанда, Жолыққан бар жандарға Ертемен ақпейілмен; "Қайырлы таң!"деймін мен. (Е.Өтетілеуұлы)
Демонстрациялық материалмен жұмыс. Ақ қар еріп,су көбейіп, Сай-салаға толады. Ағаш басы бүршік ашып, Гүл бәйшешек толады. Айтыңдаршы,бөбектерім , Бұл қай кезде болады? Көктем
-Бәйшешек көктемде ерте гүлдейтін гүл. Ерте көктемде ағаштар бүршік атады. Балалар өлеңде қай жыл мезгілі туралы айтылған?-Көктемде күн шығып,қар еріп,су көбейіп,сай-салаға толады.Құстар жылы жақтан ұшып келеді.Балалар оларға қамқорлық жасап,құстың ұясын ағашқа іліпті. Ағаштар гүлдеп тұр. Айналаның бәрі қандай? -Балалар не істеп жүр?
-Балалар қалай киінген? -Судың жағасындағы бала не істеп отыр? Сергіту сәті; Қоюланып қара бұлт, Жаңбыр жауды себелеп. Жапырақты жамылып, Жата қалды көбелек. "Суреттердің орнын тап"д.о.
-Балалар,суреттен не көрдік?
-Көктемде құстар қай жақтан ұшып келеді екен? -Ағаштарда не өседі? Балаларды мадақтап,оқу іс-әрекетін қорытындылайды. | Балалар жауабы. Бір-біріне лебіздерін білдіру.
тақпақ тыңдау.
.
Көктем. .
Сұрақтарға жауап береді.
Жап-жасыл шөп. -Алғашқы көктемнің гүлдерін теріп жүр. -жеңіл киінген. Қолдан жасаған кемесін суға жіберіп отыр.
Суреттер;құс,күн,ұя. |
Күтілетін нәтиже: белсенділік таныту.
Білуі керек: көктем туралы.
Білді: тақпақты есте сақтап,әңгімелеп айтуды.
Біледі:ерекшеліктерін.

"Көктем өрнегі" (18.64 KB)

