| Тақырып: Тиімді есептеу / Сәндік-қолданбалы өнер | Мектеп: Ш.Уәлиханов атындағы№10 орта мектеп-гимназия | ||||
| Күні:08.01.18ж | Мұғалімнің аты-жөні: Нурмолданова А.Е. | ||||
| 3-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
| Оқумақсаттары | 3.1.2.3** көбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану. 3.1.2.9 - 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні біртаңбалы санға бөлу, + қосындыны санға көбейту ережесін қолдану. 3.2.1.3 - көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріптік теңдік түрінде: (ab)c=a(bc); a(b+c)=ab+ac; | ||||
| Күтілетін нәтижелер | Барлықоқушылар: | ||||
| -көбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттерін, қосынды мен көбейтіндіні біртаңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту, қосындыны санға бөлу ережелерін қолдануды біледі. | |||||
| Бірқатароқушылар: | |||||
| -көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріптік теңдік түрінде: (ab)c=a(bc); a(b+c)=ab+ac; | |||||
| Кейбір оқушылар: | |||||
| -өз бетімен тиімді тәсілдерді табу және олардың теориялық негізін түсіндіруді біледі. | |||||
| Тілдік мақсаттар | Оқушылар: -көбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттерін қолдана отырып тиімді есептеуді түсіндіреді. Пәндік лексика және терминология:көбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттері, тиімді есептеу. | ||||
| Сабақта диалог/жазуүшінпайдаланылатынтіл. Талқылау:
| |||||
| Жазу: | |||||
| -көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріпті теңдік түрінде жазу: (ab)c=a(bc); a(b+c) =ab+ac; a(b-c) =ab–ac; қосындыны санға бөлу ережесі (а+в):с. | |||||
| Тірекбілім, білік, дағдылар | Көбейту мен бөлу амалдарының қасиеттері, сандық және әріптік өрнектер, формула. | ||||
| Жоспар | |||||
| Жоспарлан-ғануақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Қоры | |||
|
0-3
| Ынталандыру. Мұғалім алдыңғы сабақты жалғастыра отырып, кез келген сәндік-қолданбалы өнер туындысына қарауды ұсынады. Әңгімені сұрақ пен толықтыруға болады: –Сәндік-қолданбалы өнер шеберіне қандай математикалық білім қажет? Балалардың ұсыныстары тыңдалады. Осылай, мұғалім қандай мамандық болса да математиканың қажет екенін ерекшелеп көрсетеді. | Сәндік-қолданбалы өнер үлгілері, фотосуреттер. | |||
|
4-6
| Белсендіру. №1 тапсырманы орындауды ұсынады. Мұнда қасиеттердің әріптермен таңбалануына қарау және өзінің мысалдарыңда көрсету. Балалар ұсынған әрбір қасиетті дәлелдеу үлгісін пайдаланады. | Оқулық, тұсаукесер. | |||
|
7-11
| Мақсатты қою (мәселелі жағдаяттар). Досыңмен ойна. Әр сандықшадан бір көбейтіндіден ал. Олардың мәндерін қос. Алынған өрнектерді жаз. 5 минуттың ішінде кім көп есептеп үлгерді? Осы тапсырманы орындауда қандай қасиеттер қолданылады. Неге кейбіреулер жылдамырақ есептеді? Мұғалім қасиетті әріппен жазуды сұрайды. Балалар қиындықты сезеді. Осылай сабақтың мақсаты тұжырымдалады –көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріптік теңдік түрінде жазу, қосындыны санға бөлу ережесі. | Оқулық, дәптер. | |||
|
12-29
| Жаңаны ашу. Жаңаны ашу үшін балалар топтық жұмыс орындайды. Әр топ түрлі түсті қарандашпен жоғарыда көрсетілген қасиеттердің бірін немесе олар бойыншашешкен мысалдың ережесін жазады: 4∙50= (13+22):7= (350+49):7= 5∙45∙20= 600:(60–10)= 880:80=
Топпен жұмыс жасау үшін №1 тапсырмаға ұқсас жаттығу беруге болады. Ережелер сыртына жазылуы мүмкін немесе балалар өздері құрастырады. 1. Екі санның қосындысының қандай да санға көбейтіндісі қосылғыштардың әрқайсысын осы санға көбейтіп қосқанға тең. 2. Екі санның айырмасының қандай да санға көбейтіндісі азайғыштың осы санға көбейтіндісінен азайтқыштың осы санға көбейтіндісін кеміткенге тең. 3. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтінді өзгермейді. Топтар өз жұмыстарын тақтаға шығып қорғайды. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. №3,4тапсырманы түсінік бере отырып немесе жұппен мықты + әлсіз оқушы жоғарыдағы ұстаным бойынша орындайды. Өздік жұмыс
Балаларға өзін-өзі тексеруге парақ таратыңыз. 3•50=50•3=1500 (14+21):5=35:5=7 (350+21):7=350:7+21:7=50+3 5•65•20 =5•20 •65 =100 •65 =650 60•(6–1)= 60•6–60•1=360–60=300 60•(6–1)=60•5=300 440:40= (400+40):40=400:40+40:40=10+1=11
| Дәптер, оқулық, тұсаукесер. | |||
|
30-40
| Жаңаны қолдану. №7,8тиімді есептеу кезінде көбейтудің терімділік, үлестірімдік қасиеттерін қолдану. Бұл тәсіл қосындыны санға көбейту қасиетінің негізінде жасалған (көбейтудің үлестірімдік қасиеті). a(b+c) =ab+ac №7 тапсырма айырманы санға немесе сандардың айырмасын санға көбейту қасиетіне негізделген. Өткенмен жұмыс. №5–санның квадратын қайталау. № 6 –есепті әртүрлі тәсілмен орындау. Осыған ұқсас есепті өзің құрастыр. Шебер 12 қамшы және 8 дулыға жасады. Барлық бұйымдарды екі қорапқа бөліп салды. Әр қорапта қанша бұйымнан бар? Өрнек құрастырылады: 1-тәсіл: (12+8) :2=20:2=10 2-тәсіл:12:2+8:2=6+4=10 Сабақтың тақырыбына байланысты сұрақтар құрастыр. Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум текшесін. |
| |||
| 41-45
| Рефлексия. Рефлексия жүргізу үшін балаларға өз біліктіліктерін мақсатымен байланыстыруды ұсынады: кім сабақ барысында қолынан не келетінін ұқты:
| Сәттілік жолы. | |||



Көбейту және бөлу (43.88 KB)

