Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Мероприятия  /  7 класс  /  Кім білімді, кім жылдам, кім алғыр?

Кім білімді, кім жылдам, кім алғыр?

Сайыс саба?ымызда 7 класта ?тілген та?ырыптарын еске т?сіру барысында оларды? ой тол?аныстарын жетілдіріп, арттыру.

31.10.2016

Содержимое разработки

Ы.Алтынсарин атындағы № 51 гимназия



















Сыныптан тыс шара





Тексерген: Жұмабаева Ү.Ж.







Ақтөбе



Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Кім білімді, кім жылдам, кім алғыр?

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың мақсаты: Сайыс сабағымызда 7 класта өтілген тақырыптарын еске түсіру барысында олардың ой толғаныстарын жетілдіріп, арттыру. Сабақта қолданылатын оқытудың жаңа технологиялары оқушылардың білім сапасын арттыруға және пәнге қызығуын, ізденімпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіруге, өзіндік дамуына мүмкіндік береді. Шығармашылық қабілетін дамыту, оқуына талдау жасау. Сабақта әр түрлі ойын элементтерін пайдалану – оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп, олардың өзіне деген сенімін қалыптастыру.

Cабақтың әдісі: Ойын технологиясы.

Көрнекіліктер: үйлестірілімді карточкалар, ребус, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: оқушылар үш топқа бөлінеді.

I топ «Модем»

II топ «Политра»

ІІІ топ «Программистер»

Мұғалім: Сәлеметсіздерме, құрметті мұғалімдер мен оқушылар!

Дүниедегі құбылыстың мәнін де,

Интернеттің , жаңалықтың бәрін де,

Мүмкін емес информатикасыз түсіну,

Компьютер дүние кілті бүгінде,- демекші заман талабына сай әрбір адам компьютердің қыр - сырын білгенге не жетсін!

Сонымен бүгінгі сайыс сабағымыз «Кім білімді, кім жылдам, кім алғыр?» қош келдіңіздер!

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

І. Тур «кім білімді?»

1.бөлім: Үш топқа сұрақтар қойылады, әр топ өз белсенділіктерін

көрсетіп, сұрақтарға ойланып жауап беру.

Әр топқа қойылған сұрақтар, әрқайсысы 1 ұпаймен есептелінеді.

Сұрақтар

I топ «Модем»

1. Компьютер ақылшысы? (процессор)

2. Блокнот бағдарламасын іске қосу қалай жүзеге асады?

(Пуск – программы- стандартные -блокнот)

3. Ақпараттың бір түрі? (бейнелік)

4. ЭЕМ - нің буындары? (ENIAC 1940- 1955

1955ж. Бастап

Интегралдық негіздегі схема

Қазіргі кездегі, олар 1970ж.

Жасанды интелект мыс: робот, калькулятор)

5. Сыртқы жады (диск)

II топ «Политра»

1. Графикалық ақпаратты оқуға арналған құрылғы? (сканер)

2. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан (латын)

3. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)

4. Ақпараттың ең кіші бірлігі? (бит)

5. Зиянкес программа? (вирус)

ІІІ топ «Программистер»

1. Компьютердің беті (монитор)

2. Компьютер жанына қойылатын өсімдік? (кактус)

3. Мәлімет негізу құрылғысы? (пернетақта)

4. Бос орын қалдыру пернесі (пробел)

5. Мәліметті қағазға шығару құрылғысы? (принтер)


2.бөлім: Ойлаңыз, ақыл - білім қайда болмақ,

Денеде қандай орын-жайда болмақ?

Білу, нану, ұнату – ақыл ісі,

Қайтсе де зиян, қайткенде пайда болмақ? – деп келе келесі бөлімімізге көшеміз. Осы бөлімде тапсырманы дұрыс орындаған тобымызға 5 ұпаймен есептелінеді.

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.

1) Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, суретсалу керек болса, сканерді пайдаланамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндердә тыңдап, динамик дап аталатын, плоттерде құжаттарды сақтаймын.

Жауабы: 8 қате жіберілген.

1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет;

2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі;

3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылады;

4. Компьтерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады;

5. Мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады;

6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққалқан керек;

7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады;

8. Плоттердің екінші аты графиксызғыш құрылғы;


2) Маған бейнелерді компьютерге енгізу керек болса, сканерді іске қосамын. Бейнелерді көшіріп алып, оларды сақтап қоямын. Сонан кейін компьютердің жүйелік блогын іске қосып, сканерден өткізілген мәліметтерді түзетемін. Соңынан мониторды қосып, не шыққанын көріп шығамын. Мен осылай компьютердің аппараттық құрылғыларымен электр энергиясын үнемдеп жұмсаймын.

Жауабы: 3 қате жіберілген.

1. Алдымен монитормен жүйелік блокты іске қосу керек;

2. Жүйелік блок іске қосылмай, сканердегі мәлімет енгізілмейді;

3. Монитор қосылмай мәлімет түзетілмейді және оны сақтауда қиын;


3) Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, суреттер салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижелерін мен векторлық bmp форматында сақтаймын.

Жауабы: 3 қате жіберілген.

1.Word графикалық редакторы емес;

2.Word – та суреттің кез келген бөлігін бояу оңай емес;

3. Графикалық bmp форматы векторлық форматқа жатпайды.

Көрермендер сайысы

Көрермендер бұл жиналған тамашаға,

Құр отырып жай қарау жараса ма?, -дей келе сайыскерлеріміз ойланып жауаптарын тапқанша, көрермендермен сайыс өткізуді жөн көрдік.

Құрметті көрермендер, сіздерге сұрақтар қойылады. Сұрақтарға белсенді түрде жауап беріп, өз білімін шыңдаған көрермен өз ұпайын қалаған тобына бере алады.

Көрермендерге қойылатын сұрақтар:

1.Салынған суртті сақтау үшін? (Файл - Сақтау)

2.Тұйық контурдың ішін бояу үшін? (Құю)

3.Жаңа бет ашу үшін? (Файл -Құру )

4.Қолданбалы программа жұмысы көрінетін экран аймағы (Терезе)

5.Дыбыс шығаратын құрылғы (колонка)

6.Windows жүйесіндегі тұтынушының өшірген файлдары мен бумаларын сақтайтын арнайы бума (Қоржын)

II Тур «Кім жылдам»

Ең қиыны жарыстың енді келді,

Мықтылары шығыпты, жеңсін енді

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,

Осы ойыннан көреміз ерен ерді,- дей келе келесі «Кім жылдам» турымызды бастаймыз.

  1. Ойын шарты: Екі бағанда тұрған сөздердің жұбын тауып, 1 минут аралығында қағаз бетіне түсіру.Барлығын дұрыс орындаған тобымыз 3 ұпаймен есептелінеді.


Перне

аппарат

Қатты

тану

Фото

сақтау

Ақпарат

тақта

Мәліметтерді

блок

Файлды

шығару

Жүйелік

диск


  1. Ойын шарты: Әр топқа, ішіне ақпарат өлшемдері жазылып дөңгелектеліп қиылған 5 карточка беріледі. Төмендегі ақпараттың өлшем бірліктерін 10 секунд ішінде өсу ретімен орналастыру керек. Ұпай саны 2




  1. «Ауыстырмақ» келесі сайысымыздың шарты бойынша орын ауысқан сөздерден сөз қрастыру керек. Ұпай саны 2

Терчесвин - винчестер

Такедис - дискета

Сорцеспро - процессор

Магрампро - программа

Ретпьюком - компьютер

Қаншыт - тышқан

III Тур «Кім алғыр»

Тапқыш ой ғой ақылдың мағынасы,

Түбі жүрек болады мида басы – дей келе Шәкәрім атамыз айтып кеткендей келесі турымыз «Кім алғыр», ендеше сайысымызды бастайық.

  1. Ойын шарты: «Ребус шешу» Дұрыс шешімін тапқан топ 7 ұпаймен бағаланады.


,, ,,,, ‘ ‘‘ ,, ,,,,,, ‘ ‘

:




Жауабы: Ақпараттану



’ ’’’’ ‘‘ ’’ ‘‘ ’’ ’’’’


Жауабы: Информатика


’’’’’ ‘ ’’’’’’ ’’ ‘‘‘‘‘‘‘‘ ’ ‘‘ ’’’ ‘‘

Жауабы: Программа

Қорытынды: Сайыс соңында әділқазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептеп қорытындылайды.

Сайысымыздың шешуші сәті төрешілер өздеріңізде. Жеңімпазды анықтап, марапаттау.

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамызба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ! – деп бүгінгі тамашалаған сайыс сабағымыз өз мәресіне жетті.

Зейін қойып, тындағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.


-80%
Курсы дополнительного образования

Основы HTML

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Кім білімді, кім жылдам, кім алғыр? (3.46 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт