1 сынып
6-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Киімдер | Мектебі: | |||||
Күні, айы: | Мұғалімнің аты –жөні: | |||||
1-сынып | Сабаққа қатысқан оқушылар саны | Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: | ||||
Оқу бағдарламаға сәйкес оқу мақсаты
| 1.1.1.1Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл,ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау). 1.1.3.1.Тыңдаған мәтінге (баяу қарқында) мұғалімнің көмегімен иллюстрациялар/ суреттер/ сызбалар орналастырып, сұрақтарға жуап беру. 1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру. 1.2.6.1. Тыңдаған/ оқыған материалдар туралы пайымдамасын (ұнайды/ұнамайды) жасау. | |||||
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар: Киімдерді атай алады және оларды түсін атай алады. | |||||
Оқушылардың басым бөлігі: Киімдердің түсін ажырата алады, сұрақ қоюды біледі, сұраққа жауап беруде өзін еркін сезінеді. | ||||||
| Кейбір оқушылар: Басқа да киім атауларын атай алады, оларды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады. | |||||
Сабақтың барысы: | ||||||
Сабақтың кезеңдері | Жоспарланған жұмыс | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы (2-5 минут) | (МК) Оқушылардың сабаққа дайындыған тексеру Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру. |
| ||||
Сабақтың ортасы (6-40 минут)
| (МК,Ұ) Оқулықтағы 1- тапсырма бойынша оқушылар атаулармен танысады. Сурет бойынша киім атауларын (көйлек, шалбар, жейде, күрте,етік,бәтеңке) тыңдайды, хормен және жеке-жеке қайталайды. Мұғалім алдын ала киімдерге байланысты карточкалар дайындай алады. Оқушыларға бір –бір карточкадан таратады. Әр оқушы өзінің қолындағы киім түрін атайды.
(МК,Ұ) 2- тапсырма оқушылар түстерді қайталайды. Суреті бойынша көйлектердің түсін атайды. «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушыларға қызғылт, қызғылт сары, көгілдір, күлгін түстерін үйретеді. (МК,Ұ) 3- тапсырмада оқушылар өздеріне қандай түсті киім ұнайтындарын атай алуды үйренеді. Орындаған кезде оқушылар шығармашылық түрде жұмыс істейді. Мұғалім оқушыларға ақ қағаз таратады. Оқушылар оған өз қалауы бойынша бір киімнің суретін салады, оны өзі таңдаған түске бояйды. Содан кейін тапсырмада берілген үлгі бойынша атайды.
(Ж) 4- тапсырма оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлейді. Ол үшін мұғалім үстелдің үстіне киімнің суреті бар карточкаларды қояды (суретін төмен қаратып қою керек). Бірінші оқушы бір карточканы таңдайды, екінші оқушы оның не екенін және қандай екенін (түсін) сұрайды.
(МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө)Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.өз бетінше жүмыс істеуге дағдыланады. Сондай –ақ АКТ-ны қолдана білуге дағдыларын қалыптастырады. | Оқулық
Аудиодиск: 1.6.1: 1.6.4. 1.5.4 Киімдерге арналған карточкалар. Қағаздар, қарындаштар.
№ 1 жұмыс дәптері.
Қосымша тапсырма: 1.6. | ||||
Сабақтың соңы 41-45 минут | (Қ)Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой – пікірлерін білдіре алады.
|
| ||||
Қорытындылау | Төмендегі бөліктегі сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағанадағы сұрақтарға жауап беріңіз |
| ||||
1. Сабақ барысында өзгертулер еңгіздіңіз бе? 2.Жүргізілген жұмыс түрі қаншалықты тиімді болды. |
|
| ||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе не? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді? 1: 2: |