Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Планирование  /  Дошкольникам  /  Кеңес «Дидактикалық ойындар арқылы балалардың қызығушылығын арттыру»

Кеңес «Дидактикалық ойындар арқылы балалардың қызығушылығын арттыру»

Дидактикалық ойындар туралы балаларға мағлұмат беру

Жеке ойнатқызу

25.03.2019

Содержимое разработки

Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні


Ойынның түрлері көп, соның ішіңде маңыздысы - дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы баланың ой-өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды.


Дидактикалық ойындарды педагогикалық процестерге қосқанда тәрбиеші солардың ішінен балаларға ыңғайлы ойындарды таңдап алады, олар бүлдіршіндерді ақыл-ой тәрбиесіне, адамгершілікке, эстетикалық сезімге тәрбиелейді.


Дидактикалық ойындарды бала тәрбиесіне енгізу үшін тәрбиешілер көптеген жұмыстарды атқарады, балалар ойындарды қалай қабылдайтынына назар аударады. Бұл дидактикалық ойындар жан-жақты қамтылған әртүрлі мағынадағы мақсатқа бағытталған.

Балабақшаға жаңа келген бөбектер үйренгенше өздерін әртүрлі ұстайды. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретің әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекет-ойын.

Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады. Жас бүлдіршіндерге сабақтарды ойын ретінде көркем құралдар арқылы, сабақтан тыс уақытта, серуенде өткізеді.


Тәрбиешілер бала бойына ойындарды қызықты да, әсерлі сіңіру арқылы ақыл-ой өрістерін дамытуды мақсат етеді. Сондай-ақ бүлдіршіндердің адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді.

Балалар алдарына қойылған дидактикалық тапсырмаларды өз беттерінше орындау үшін тәрбиеші көркем әдебиет оқып беру, суреттер дайындау, декоративтік заттар тағайындау арқылы алдын ала жұмыс жүргізуі керек.


Дидактикалық ойын формасы кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады.


Ойын өлең мен қимылды ұштастыру негізінде жүргізіледі. Мысалы: “Сиқырлы қақпақтың сырын ашайық” деген ойында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қақпақтың астында не бар екенін білу.


Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да өту емес, балалардың білімді игеру, ақыл – ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші.


Дидактикалық ойындарда да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ережені ой елегінен өткізе білу т.б. Олар балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруіне көмектеседі. Дидактикалық ойындар айналамен табиғатпен таныстыру сабағында жиі қолданылады. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, учаскеде өткізіледі. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.

Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті тұтынуына керекті барлық заттардың комплектілері болу керек. Стол үсті ойындарға лото, домино, тақырыптық ойындар (“Қайда не өседі?” “Бұл кімге керек?” т.б.) пазылдар, леголар, қимыл белсенділігін, ептілікті талап ететін ойындар (“Ұшатын қақпақтар”, “Қаздың балапаны”, “Нысаныға тигіз” т.б.), мозайка типтес ойындар жатады.


Ересек топтағы балалар үшін қағазға басылған стол үстінде ойналатын ойын қызықты келеді. Оларға табиғат құбылыстары, қөліктің алуан түрлері (кім не біледі, немен жүреді, немен жүзеді, немен ұшады?) бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді. Өмірдегі түсінігі еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады.


Дидактикалық ойынның маңызы

Дидактикалық ойындар балалардың білімін кеңейту және бекіту мақсатындағы жоспарлы және мақсатты педагогикалық тәсіл. Ойынның қай түріне болмасын зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, одан мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені алдымен ненің болсын бастамасы жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі, демек біз ойынды бар өнердің бастауы деп білеміз. Дидактикалық ойын оқытудың әдістерінде 2 жолмен қарастырылады: Ойын сабақтар және дидактикалық тапсырмалар не болмаса дидактикалық ойындар.

Мен өз тәжірибемде ойындық сабақтардың көмегімен балаларға білім беріп қана қоймай, оларға қалай ойнауды да үйретемін.

Мен бір мезетте оқытушы және ойынның мүшесі ретінде де балаларды ойнатуға талпындыраман, ал балалар ойнай отырып үйренеді, сондай-ақ ойын өзіндік ойын әрекеті нәтижесінде де қалыптасады. Өзіндік ойын әрекеті балалардың ойынға деген қызығушылығы артқан кезде ғана іске асады. Балалар ойын ойнағанды ұнатады және өз ынталарымен беріліп ойнайды. Тапсырмаларды балалар өз беттерімен орындап және ойынды ұйымдастырып бір-біріне әділ баға беруге үйренеді.

Балабақшада мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда дидактикалық ойын маңызды құрал болып есептеледі.

Мен ойын арқылы білімді меңгеріп және оны бекіту үшін дағды мен әдетті қалыптастырамын.

Балабақшада жиі қолданатын дидактикалық ойын түрлерін өткіземін:

1.Ойыншықпен ойналатын ойындар.

2.Үстел үстінде ойналатын ойындар.

3.Сөздік ойындар.

Әр топта балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойындар іріктеймін, сондай-ақ тапсырмалар арқылы балалардың білімін тереңдете түсемін және ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамытуға көмектесемін.

Ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылады: Дидактикалық тапсырмалар, мазмұны, ережесі және ойынның орындалуы, мұнда басты элемент- дидактикалық тапсырмалар болып табылады, ал қалған элементтер осы тапсырмаға және оның орындалуына көмектеседі. Тапсырмалар әртүрлі болады (табиғат, жануарлар және өсімдіктер әлемі, адамдар, еңбек т.б.) және қарапайым математикалық ұғымдарды бекітуге байланысты.

Ойынның үлкен басты рөлі ережелерге сүйенеді, ережелер әр баланың ойында не істеу керектігін, қалай істеу керектігін, мақсатқа жетудің жолдарын көрсетеді және ақыл-ой қабілеттерін дамытады, әсіресе, кішкентай топтағы балалардың өзін-өзі ұстауға, өздерінің мінез-құлықтарын қадағалауға үйренеді. Сонымен бірге, психологиялық жағдайларын жақсартады: көңіл аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке үйретеді.

Балалар алған білімдерін ойын барысында көрсете білуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, әділ болуға, қиындық кезінде көмектесуге, өз ойларын жеткізе білуге, қиялының дамуына, қиындықты ақылмен жеңе білуіне көмектеседі. Осының бәрі баланы мектепке даярлайды. Дидактикалық ойындар жоспар бойынша және сабақтан тыс уақытта өткізіледі.

Көптеген дидактикалық ойындар балалрдың жеке-дара ойнауына арналған (мозаика, пирамида), олар баланың дербестігің, аңғарғыштығын, өздігінен еңбек етуін жетілдіреді. Кейбір ойындар 4-6 баламен ойналады, сандық лотолар сан үйрету үшін өте қолайлы қызықты.

Ойын өткізгенде мен ойын мақсатын сақтай отырып, балаларды үйретемін. Мен тек ұйымдастырып қана қоймай, ойынға өзім де қатысамын және белгіленген ережені орындауын қатаң түрде талап етемін, бұл баланы талапты орындауға, ережені бұзбауға үйретеді.

Дидактикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет. Ойынды таңдап алған соң, ойынның көмегімен қандай тапсырманы орындайтынын анықтаймын және ойынды өткізу үшін алдын-ала дайындаламын, сонымен қатар балаларға ойын түсінікті, анық, жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Мысалы: табу, көрсету, белгілеу естияр топқа лайықты, ал ересек балаларға салыстыру басым болады. Мінезқұлықты тәрбиелеуде ойынның рөлі маңызды болып есептеледі.

Дидактикалық ойынды білім беру мен оқыту бір-бірімен тығыз байланыста жүреді.

Қорыта айтқанда, ойын - баланың жан серігі. Ойын сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал, іс-жүзінде бала ойынға қатысу үшін басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуінің, денесің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді.

Мектепке дейінгі мекемелердің оқытудағы негізгі міндеті: сәбилер тобынан бастап балаларға білім , дағды, іскерлікті берумен қатар ойлау қабілеттерін қалыптастырып балалрды ойлау жұмысына дайындауы





«Дидактикалық ойын барысында»






-80%
Курсы повышения квалификации

Проектная деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Кеңес «Дидактикалық ойындар арқылы балалардың қызығушылығын арттыру» (1.24 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт