Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,ата-аналар,балалар!
Біз сіздерді Жаңа 2015 Қой жылымен құттықтаймыз. Сіздерге Жаңа жылда,жаңа табыс,бақыт тілейміз.
Ақтарайық ән менен көңіл сырын - дей келе құрметті қонақтар, ата - аналар бүгінгі «Қошақан»тобының жаңа жыл ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы.
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Кел балалар келіндер!
Тамашаны көріндер,
(Балалар шыршаның қасына келеді)
Жүргізуші. Балалар бізбен бірге жаңа жылды тойлау үшін Спанч Боб келеді деген сыбыс бар, қане, оны ортаға шақырайық келініздер, келініздер.
(өздерінің өнерлерің көрсетеді)
Жүргізуші: Балалар өткен жылмен келер жылдың иелері жылқы мен қойды ортаға шақырайық бізбен бірге тойласын. (Ортаға жылқы мен қой шығады) топқа қосылады.
Жүргізуші: Дауласпаңыздар, дауласпаңыздар. Жылқы жылы сізге өкпеміз жоқ, бізге көп жақсылық жасадыңыз, рахмет сізге. Қой жылы қош келдіңіз, сіз бізге көп жақсылық, шаттық, бақыт, табыс әкеледі деп сенеміз, үмітіміз көп! Төрлетіңіздер – 2 рет.
Ойын ойнату.
Жүргізуші: Балалар Аяз ата бізге өткен жылы келер жылы тағыда келемін деп уәде беріп еді. Бірақ кешігіп жатыр. Бізді ұмытып кетпеді ме екен. Балалар бәріміз бірігіп Аяз атаға хат жазайық. (конфертке салдық, ал мұны кім апарып береді).
Осы кезле, Спанч Боб Аяз атаға бұл хатты мен апарайын.
Жүргізуші: Спанч Боб біздің балалардың жазған хатын Аяз атаға апарып бересің бе?
Спанч Боб: Мен дайынмын, бұл хатты үлкен қуанышпен апарып беремін.
Жүргізуші: Балалар біздің хатымызды Спанч Боб апарып беретін болды.
Спанч Боб: шыршаны айналып жүріп. Бірақ мен қайда барам. Мына үйшіктерде кім бар екен
(үйшіктің есігін қағады).
Ара мен қоңыз ыз-ыз кім келіп тұрған
Спанч Боб: Бұл мен Спанч бобпын
(Сол кезде үйшіктен ара мен қоңыз ызылдап шығады).
Спанч Боб: Мен Аяз атаны іздеп жүр едім. Маған мекен-жайын айтындаршы, тез арада балалардың хатын апарып беруім кереке еді.
Ара: мен білмеймін.
Қоңыз : мен де білмеймін. Мен саған аюдың үйшігін көрсетіп жіберейін тура жолды сол көрсетер.
(Ара пен Қоңыз шыршаны айналып келіп) үйшікке жақындап. Аю, тұр орнынан, бізге көмектес).
Аю: (Жақтырмай) – Неге бұлай айғайлайсындар ұйқымды бұздындар ғой сендерге не керек?
Спанч Боб: Аю, сенің көмегің керек болып тұр. Аяз-ата қайда тұрады. Қалай барамын.
Аю: Мен ініме кіргелі көп болды оны көрмедім. Анау тұрған кішкентай Мащаның үйі ол орман, тоғайға барып ойнайды, мүмкін сол білер Аяз атаны. (ара, қоңыз, аю, спанч боб Машаның үйіне келеді) есік қағады.
Маша: Ой, мені Жаңа жылмен құттықтап қонақтар келіп қалыпты ғой төрлетіңіздер!
Спанч Боб: Маша бізге сенің көмегін керек болып тұр. Мен Аяз атаны іздеп жүр едім, балалардың хатын берейін деп едім, олар күтіп отыр.
Маша: Сендер Аяз атаны таба алмайсындар, ол үйінен ерте шығып кеткен арқасында бір дорба сыйлығы бар, бірақ ол сыйлықтар кімге арналғанын білмеймін. (бәрі ойланып қалады).
Маша: Қамықпандар, мен сендерге көмектесемін, қазір бәріміз Аяз атаның немересі Ақшақарға барамыз. Ол бізге көмектеседі. Ақша қар қуана келіседі.
Спанч Боб: Ақша қар , бізге көмектесші, Аяз атаны табуға, тез хатты берейік, балалар күтіп қалды.
Ақша қар: жарайды әкел хатты. Әй, әй суық жел, қарлы боран тез мына хатты менің атама жеткіз.
(Хатты алысқа лақтыру).
Ақша қар: Ал, балалар мен Аяз атамды қарсы алайын, сендер осында күте тұрындар.
Жүргізуші: Балалар, Аяз ата мен Ақша қар келгенге дейін
Ән: Аппақ-аппақ
Жүргізуші: Балалар барлығымыз бірдей Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.(Аяз ата,Ақша қар-3 рет)
Аяз ата:
Бүлдіршіндер, балғыным.
Өмір гүлім шалғыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сеңдердің бақтарын мен деңсаулығың.
Сәлеметсіздер ме, балалар?
Міне мен де жеттім ғой сендерге. Орман, тоғайды, үскірік аяздан сендерге келе жатқанда сендердің хаттарында тауып алдым. Сендермен бірге жаңа жылды тойлайын деп асығып жеттім.
Ух, шаршадым.
(Аяз ата шыршаның жанына барады).
Ән: В лесу родилась елочка
Жүргізуші:
Ақ таяғын таянып
Таңмен бірге оянып.
Аяз ата келіп тұр
Ақ күпіге оранып
Көрдің бе аяз атаны
Аппақ екен сақалы
Аппақ екен мұртыда
Аппақ екен шапаны
Жүргізуші: Біздің жыл бойы сағынған Аяз атамыз ортамызда, қане бәріміз шыршаны айналып Жаңа жыл әнін айтайық. Ән: Жаңа жыл
Балаларға сыйлық таратылады,Аяз Ата,Ақша қар,жылқы жылы қош айтысып кетеді)
| Лемежис Николай |
| Райханова Айкөркем |
| Нұрданбеков Ернұр |
| Қожахмет Айша |
| Дүйсенғали Мухаммед |
| Дүйсенғали Алина |
| Қорабай Есбол |
| Серіков Мирас |
| Тоқсанбай Альбина |
| Ерген Нұрислам |
| Думанбекова Айару |
| Лемежис Никита |
| Құрметті достар, Жаңа жылда бәріңіздің шаңырағыңызға денсаулық, махаббат және байлық үшеуі бірдей қол ұстасып кіріп келсін және ешқашан қайтып шықпасын! Сіздерді әлемдегі ең ғажайып мейрам –Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз ! Тек осы кеште ғана біз өзімізді сәбидей сезініп, ғажайыптың бар екеніне сенеміз. Өтіп бара жатқан жылдың жақсылығы ғана есте қалып, болашақта жүзінізден тек күлкі көрінсін! Сізге өмірде бақыт, жұмысыңызда жеміс, зор денсаулық тілейміз! игі тілекпен: «Қошақан тобы» |
Жаңа жыл
Залдың ортасында сәнді шырша.
Жүргізуші:Даламызға,қаламызға,
Жаңа жыл кіріп келеді.
Қартыңызға,балаңызға
Жалынды сәлем береді.
Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар,
Таңырқанып тұрмаңыздар.
Сәнді шырша шақырады.
Шырша жырын жырлаңыздар.
Келіңіздер,келіңіздер,
Би де билеп беріңіздер.
Қызығы мол жаңа жылдың
Тамашасын көріңіздер.
(Балалар шырша түбінде жайғасып отырады.Ертегі тамашалайды.)
Жүргізуші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімде сан қилы
Қызық-қызық сырлар бар.
Соныменен,балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
Қараңдаршы балалар,айналаға.
Сондай әдемі,өздеріңде әдемі болып кетіпсіңдер. Мынау не?Жамылғы ғой балалар.Бұл жай жамылғы емес екен жарқыраған,әдемі жұлдызды жамылғы.
-Сендер білесіңдерме,бұл кімнің жамылғысы?
-Иә,бұл ертегі елінің ханшайымы Шахерезаданың жамылғысы.
Балалар мен жаңа айтып өттім.Бұл жай ғана жамылғы емес,жаңа жылда не тілесек,тілегімізді орындайтын жамылғы екен.
Ендеше жамылғының сыйқырлы жұлдызшасын ұстап, сыйқырлы сөзді айтайық не болар екен?
Балалар:
Ертегі,ертегі
Таңырқат біздерді.
(Ән әуенімен Шахерезада келеді)
Шахерезада:Менің атым Шахерезада Шығыс елінен келдім,мен ертегі айтқанды жақсы көремін.
Жүргізуші:Шахерезада біз жамылғыңызды тауып алдық.
Шахерезада:-Рахмет,менің сыйқырлы жамылғымды тауып бергендеріңе.Мұндағы әрбір жұлдыз ертегіге айналады.
Жұлдызшаны қолымызға алсақ,ертегілер елінен бірақ шығамыз.
Жүргізуші:Балалар Шахерезада жұлдызшаны қолына алды,сыйқырлы сөзді айтуымыз керек.
Балалар:
Ертегі,ертегі
Таңырқат біздерді.
(Ән әуенімен Алладин кілемшемен,қолында шамы бар келеді)
Алладин:Қолындағы шамды уқалай бастайды.
(Жарық өшіп,үлкен ірі жын шығады.)
Жын:У-ух-хо-хо-ха-ха
(Алладин аяғына жығылады.)
Алладин:Шегініп сен кімсің?
Жын:Мен сенің құлыңмын тақсырым.Не бұйырасың? Тез арада орындаймын.Тасқа айналдыр десең,тасқа айналдырамын.Қатырып таста десең қатырамын.
Алладин:Міне керемет! Мен жаман іспен айналыспаймын,мен Шығыстың әдемі қыздарының арасында болғанды қалаймын тезірек орында.
Жын:Әміріңізге құлдық.(айналып үш рет шапалақтайды)
Би:Шығыс биі.
Алладин:Рахмет жын,ертегі айтатын Шехерезада осыма?
Жын:Иә,бұл біздің Шехерезада.
Алладин:О,сұлу қыз жынды шамымен саған сыйға беремін,ал.
Шахерезада:Рахмет Алладин.
Алладин:Мен сыйлық бергенді ,жақсылық жасағанды жақсы көремін.Сау болыңдар.
Жын:Әмір беріңіз ханымым.
Шахерезада:Жын Аяз атаны мерекеге тезірек келуіне көмектес.
Жын:Әміріңізге құлдық.(айналып үш рет шапалақтайды)
Аяз атаның дауысы:Келемін асығып келе жатырмын.-Сәлеметсіңбе мереке,жұлдыздай жарқыраған.
Жүргізуші: Сәлеметсізбе Аяз ата,көптен күткен.
Аяз ата:-Сәлеметсіңдер ме қыздарым мен ұлдарым.Мен сендердің мерекелеріңе асығып ұзақ жүрдім.Көп сыйлықтар әкелдім.Қарша қызым қайдасың?Сыйлығым кәне көрсетейік.
Сыйқыршы:Алладин қайда?Шам қайда?Шахерезада айт кәне.
Шахерезада:Шамның саған не керегі бар.Жынды шақырып жаман істермен айналыспақшысың ғой.Кет бұл жерден әйтпесе саған жаман болады.
Сыйқыршы:Әп бәлем сен мені қорқытпа.Әйтпесе Аяз Атаны сыйқырлап,сені алып кетемін,жаңа жылда сыйлық болмайды.Ух-ха-ха-ха деп сыйқырлайды.Сыйқыршыларым жиналыңдар өнерлеріңді көрсетіңдер.
Би:Сыйқыршылар.
Жетеді.Биледіңдер енді жұмысқа кірісіңдер Аяз Атаға шабуыл жасап сыйлығын тартып алыңдар.
Шахерезада:Балалар қайғырмаңдар .Жұлдызды жамылғыдан жұлдыз алайын жын көмекке келеді.
Жын:Әміріңізге құлдық.(айналып үш рет шапалақтайды)
Сыйқыршы беталды әуре боласың.Мен сенің сыйқырыңды жоямын,жаман істер істемейтін боласың.Жақсы сөз айтып жүретін боласың.
Сыйқыршы:Кешірші Аяз Ата.Енді жаман іспен айналыспаймын.
Аяз ата:Кешірейік балалар.Сыйқыршы ескі жылмен жаңа жылды сахна төріне сыйқырлап әкелсін .
Сыйқыршы:Жарайды Аяз Ата дегенің болсын.
Жылқы мен қой келеді.
Аяз ата:Жылқы жылы көп жақсылық әкелді.Енді Қой жылы көп жақсылық болсын!
Жүргізуші:Ақ сақалды шал жылына
Бір-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына сыйлық алып келеді.
Ол кім балалар?
Балалар:Аяз Ата.
Жүргізуші:Ендеше Аяз Атаны ортаға шақырайық. Шыршамыздың шамдарын жақсын.
Аяз Ата:1,2.3
Шырша шамы жан.
Шыршаға арнаған әндерің бар ма?
Ән:Шырша.
Жүргізуші:Ал,балалар,мерекені ары қарай жалғастырайық.
Аяз Ата алыстан шаршап келді,олай болса өлең айтып берейік.
Ән: Аяз ата.
Аяз ата:Жарайсың балаларым!Мені бүгін бір қуантып,алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды,білімді де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерің қандай әдемі!Солай емеспе қызым?Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық.Басқа да балалардың өнерін тамашалайық.Ал,балаларым,сендер өсе беріңдер,өркендей беріңдер.Аспандарың ашық болсын!Қош болыңдар!
Жүргізуші:Құрметті,балалар 2015 жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды.Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.Жаңа жыл құтты болсын!Отбасыларыңа тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!Барлық кейіпкерлер сахнада Жаңа жыл әнін орындайды.
| Тақырыбы: «Дидактикалық ойын сәби жастағы балалардың сенсорлық тәрбиесіндегі танымдылық белсенділігінің дамытудың құрамы».
1,5-2 жас аралығындағы балалардың сенсорлық қабілеттерін арттыруға арналған ойындар
Баланың сенсорлық дамуы- ол заттың сыртқы құрамын: формасын, түсін, өлшемін, қоршаған ортадағы орнын, сондай-ақ иісін, дәмін және т.б. құрамдарын қабылдауы және елестете білуі.
Бала ерте жасында сезіну органдарының қызметі жақсы жетіледі, қоршаған орта жайында өзіндік елестері пайда болады. Сондықтан, сенсорлық тәрбиелеу- мектеп алды тәрбиенің негізгі бағыттарының бірі.
Сенсорлық даму баланың жалпы дамуының негізін құрайды, ол баланың оқу барысында жетістіктерге жетуіне көмектеседі.
Баланың сенсорлық дамуы арқылы оның мектеп оқуына дайындығы анықталады.
Заттардың өлшемін анықтауға қажетті сенсорлық эталондар ретінде геометриялық фигуралар қолданылады.
Заттардың формалары, түстері және өлшемдері баланың елестету қабілетінің дамуына зор үлесін қосады. Бала ұзақ уақыт аралығында сенсорлық эталондарды елестету құралы ретінде қабылдайды және бұл процесс өзіндік бөлімдерге ие.
1-бөлім- эталон алдындағы шара, баланың 3 жасында жүргізіледі. Бала бір заттың атын атау барысында екінші затты үлгі ретінде қабылдайды. Өз ойыншықтарымен ойнау барысында бала олардың түстерін, өлшемдерін есте сақтайды.
2- бөлім- есте сақтау заттары ретінде нақты заттар емес, олардың құрамының белгілі бір үлгілері қолданылады және олар өзіндік атауға ие. Балалар негізгі түстермен күнделікті өмірде және дидактикалық ойын барысында танысады.
3- бөлім- 4-5 жасында бала сенсорлық эталондарға ие бола тұра оларды жүйелендіруге талпынады. Тәрбиеші балаға түстерді анықтай отырып, оларды кезек бойынша қоюға көмектеседі. Заттың өлшемін үйрену жақсарған кезде, бала оларды ұзындығы, биіктігі, көлемі бойынша қатар бойынша қоюға үйренеді. Осыған байланысты дидактикалық ойындар да қиындай бастайды.
Қосымша
Дидактикалық ойындар «Көліктерді гараждарға орналастыр» ойыны
Дидактикалық тапсырма: басты түстердің күнделікті айтылуын қалыптастыру; түсі бойынша көліктерді айыра білу; аталған түсті басқа үш түстерден айыра білу; грамматикалық жұмыстарды қалыптастыру – зат есімді түсті білдіретін сын есіммен салыстыру.
Материал: басты түстермен боялған кубиктер мен кірпіштер; аталған түстердегі ойыншық машиналар;
Басшылық: тәрбиеші балаларға машиналарды көрсетеді. Гараждың не үшін қажет екендігін балалардан сұрайды. Гараж қандай болуы тиіс? Көлікті гаражға кіргізу үшін не істеу қажет?
Балаларға әр түрлі түстегі құрылыс материалдарын көрсетеді. Екі түстен- көк және сары түстен бастау қажет, кейіннен қызыл және жасыл түстерді енгізу қажет. Балалар қателеспей екі түстегі затты айыруды үйренгенде, оларға барлық төрт түске боялған ойыншықтарды ұсынуға болады. Тәрбиеші балаларға кірпіштерден гараж құрастыруды ұсынады. Құрылыстың бірнеше тәсілдері бар. Балаларға жолда тұрған көліктерді қарастыруды ұсынады. Тәрбиеші әр көлікті көрсете отырып, оның қандай түске боялғандығын сұрайды. Егер балалар аталған көлік түсін сенімсіз атаса басқа нұсқа қолданылады: тәрбиеші бір түсті атап, аталған түске боялған көлікті тауып беруді сұрайды.
Тәрбиеші еденде бордың көмегімен жол суретін салады. Балаларға ойын ойнауды ұсынады: тәрбиешінің айтқандарын тыңдап,аталған түстегі гаражды тауып, машинаны гаражға кіргізеді.
«Шырша және саңырауқұлақ» ойыны
Дидактикалық тапсырма: заттарды түсі бойынша реттеуді үйрету. Сөйлесу қабілетін арттыру. Материал: жасыл және қызыл түске боялған қораптар, аюдың бас киімі. Басшылық: тәрбиеші балаларға қызыл түсті қораптарды көрсетеді, шыршаның жасыл түсі болғандығын түсіндіріп, тақтаға шыршаларды орналастырады. Қызыл қорапты көрсетіп, осындай түсте саңырауқұлақтардың болатындығын айтады және тақтаға орналастырады. Кейін балалар үстелде өз бетінше шыршалар мен саңырауқұлақтарды орналастыра бастайды. Балаға аталған тапсырманы орындау қиындыққа түссе, тәрбиеші оған шырша және саңырауқұлақтарды ретімен айта отырып, көмектеседі.
Балалар шырша мен саңырауқұлақтарды ретімен орналастырып болған соң, тәрбиеші олардың қалаған тапсырманы жақсы орындағанын айтып, оларды мақтайды. Ал орманда кім өмір сүреді? Аю! Балаларды ортаға шақырады, ал аю ортада тұрады. Аю ортада тұрып секіреді, балалар қол соғады.
«Қуыршақтарға өз ойыншықтарын табуға көмектес» ойыны
Дидактикалық тапсырма: бір түске ие заттарды топтастыру және әр түсті заттарды түсі бойынша салыстыру. Материал: сегіз түрлі көйлектерді киген сегіз қуыршақ, сегіз түске боялған саңырауқұлақтар мен таяқшалар. Басшылық: тәрбиеші әр түсті көйлектер киілген сегіз түсті қуыршақтарды кезек бойынша балаларға көрсетеді, баламен кезекті қуыршақты қарау барысында тәрбиеші оның көйлегінің әдемілігіне назар аударады. Қуыршақтар тәрбиешінің үстелінде қатарға тұрғызылады. Ақ және қара көйлек киілген қуыршақтар екі жақ шетте орналасады. Кейін тәрбиеші әр қуыршақтың өз ойыншығы: саңырауқұлақтар мен таяқшалары бар екендігін, алайда олардың шатасып кеткендігін айтады, балаға қуыршақтарға ойыншықтарын тауып беруге көмектесуді тапсырады. Тәрбиеші әр баланың үстеліне бір қуыршақтан қойып, қуыршақтың көйлегіне сай түске боялған саңырауқұлақтарды таңдауды ұсынады.Бір үстелде отырған балалар жалпы материалдардан қажетті саңырауқұлақтарды таңдайды. Барлық балалар әр қуыршақтың қасына сай келетін саңырауқұлақтарды қойғаннан кейін, тәрбиеші жалпы материалдардан таяқшаларды таңдауды ұсынады. Ойын барысында тәрбиеші балалардың тәрбиесін реттеп, оларға асықпай, ойыншықтарға назар сала қарап, кейін оларды қажетті қуыршақтардың қасына қою керегін ескертеді.
Ойын соңында тәрбиеші балаларға барлық қуыршақтарды, әрқайсысының өз орны бар екенін ескере отырып, қастарына үстел үстіне қоюды тапсырады. Түстерін атамай, тәрбиеші балаларды кезек бойынша қуыршақтарды әкеліп беруді ұсынады. Әр қуыршақ түсі бойынша орналасқан кезде тәрбиеші қуыршақтарға сай саңырауқұлақтарды, кейіннен таяқшаларды әкеліп беруді тапсырады. Аталған ойын 10-12 минутқа созылады,екі рет қайталанады.
«Қызықты төртбұрыштар» ойыны
Дидактикалық тапсырма: төртбұрыш туралы баланың түсінігі, олардың өлшемі бойынша кезектеп қоюға үйрету, есте сақтау, назар аудару қабілеттерін арттыру.
Материал: суреттер салынған төрт төртбұрыш, төрт үлкен конверт және бірдей түске боялған төрт кішкентай төртбұрыш. Сурет үлгісі.
Басшылық: Тәрбиеші: Қараңдар, бізге қонаққа қызықты төртбұрыштар келді. Бізге күледі. Олар қанша? Көппе? Төртбұрыштарды саусақпен санаңдар.Қызықты төртбұрыштар сендерге іштеріне кішкентай төртбұрыштар салынған конверттер алып келіпті( конверттерден төртбұрыштарды алып шығады). Олар қалай аталады?(Төртбұрыштар). Тәрбиеші үлкен төртбұрышты көрсетеді. Бұл қандай квадрат?( Үлкен). Ал мынау?(Кішкентай). Мына мүсіндерден қандай әдемі суреттер салуға болатындығын қараңдаршы. Саусағымен ең бірінші тұрған үлкен төртбұрышты көрсетеді, кейіннен келесі тұрған кішкентай төртбұрышты көрсетеді. Енді бәріміз бірге суреттің қандай мүсіндерден тұратындығын қайталаймыз.( Үлкен, кішкентай, үлкен...). мен сендерге сурет салынған қағаздарды ұсынамын, және сендер мүсіндерді солдан оңға бірде- біреуін өткізбей қоясыңдар. Жарайсыңдар, қандай әдемі суреттер салғансыңдар.
«Ол не»? ойыны Мақсаты. Балаларға заттардың бір-бірінен үлкен-кішілігін анықтай білуді үйрету. Керекті материалдар. Балалардың санына есептеліп, бөлшектелген ағаш матрешкалар. Балаға тапсырма. Матрешканың бөлшектеу және құрастыру, кіші матрешканы үлкен матрешканың ішіне салу, матрешканың жоғарғы және төменгі жартысын үлкен-кішілігі және өрнектері бойынша салыстыру. Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға мынадай жұмбақ айтады: Бойы әр түрлі, жұмбағымды тыңдашы, Өзара ұқсас жүзі менен сымбатты. Бір-біріне сыйып кеткен көрінбей, Жиналғанда бір ойыншық сияқты.
Ойынды қайталап өткізгенде балалардың ынтасын туғызу үшін матрешка туралы кітаптарды көрсетуге болады. Осыдан кейін матрешканы бөлшектеп, оның жоғарғы және төменгі бөлігіне балалардың назарын аударады, оларды салыстырады, соңынан қайтадан құрастырады. Тәрбиеші матрешкалардың ең үлкенінен кішісіне қарай орналасу тәртібін көрсетеді. Балалар бір матрешканы екіншісінің ішіне салып, оның қайсысы үлкен екенің анықтайды. Егер бала матрешканың өз бөліктерін үлкен-кішілігі бойынша тауып, оларды бойларына қарай қоя білсе, тапсырма дұрыс орындалған болып есептеледі. Ойын бір- екі рет қайталанады. Матрешканы бөлшектеп құрастыруда қателеспеген бала жеңімпаз аталады. Ойынның ұзақтығы 10-15 минут.
Шарлар
Дидактикалық міндеті. Балаларда түс туралы түсінік қалыптастыруда жағдай жасау. Заттардың әртекті түстің арақатынастарын белгілеуге үйрету. Жаттығулар балалардың бастапқы жеті спектрлар түстімен танысуларына бағытталған. Қажетті материалдар. 30х12см өлшеміндегі жеті спектр түс жіпшелері салынған картон жолақшасы. Жеті әр түрлі түсті картон дөңгелектер- шарлар, олардың түстері жіпшелердегі түстермен сәйкес келеді. Ойынға басшылық. Тәрбиеші балаларға әртүрлі түсті жіпшелер салынған картон жолақшасын көрсетеді. Шарларды көрсете отырып, бүгін шарлармен ойнайтындарын ескертеді. «Қазір әр қайсымыздың алдымызда картон жолақшалар жатыр. Мұқият қарап , одан не көріп отырғандарыңды айтыңдаршы. Иә, әр түсті жіпшелер. Енді шарларымызға қарайық, олардағы жіпшелер сияқты әр түрлі түсті екен. Әрбір шарға картонда өз жіпшелері бар. Әр жіпшеге өзіне түстес шарды таңдап алып байлап қоямыз. Қызыл жіпшеге қызыл шарды, сары жіпке сары шарды, көк жіпке көк шарды, сөйтіп барлық жіпшелерге өз шарларын байлаймыз. Міне, оны былай жасаймыз» деп өзі көрсетіп, олардың дұрыс орналасқандығын айтады. Содан кейін дұрыс байланбаған шарларды көрсетеді: жасыл жіпке сары шарды, қызыл жіпке тоқ сары шарды, көгілдір жіпке күлгін шарды байлап көрсетіп олардың қате байланғандығын айтады. Содан кейін балалар бұл тапсырманы өз беттерімен орындайды. Шарларды таңдауда қиналған балалардың қасына келіп, тәрбиеші алдымен екі жұп шарды байлап көрсетеді де, қалған шарларды баланың өзінің байлауын талап етеді.
Ойынның ұзақтығы мен қайталануы Ойын ұзақтығы 15 минут, 1-2 рет қайталап ойнауға болады
ЕКІ ТҮСТІ САҢЫРАУҚҰЛАҚТЫ СӘЙКЕС ҮСТЕЛДЕРДЕГІ КӨЗШЕЛЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ Дидактикалық міндеттері. Балалардың заттарды түсіне қарай топтастыру икемділігін бекіту және әр текті заттардың түстік ара қатынастарын белгілеуге үйрету. Материал 8-10 екі түсті үстелдер өлшемі 17,5 х 35см 10 көзшелерінің диаметрі 1,5см бар және биіктігі 4см, қалпағының диаметрі 4см саңырауқұлақ қажет. Үстелдің биіктігі 5см. Үстел беттерін қызыл-көк, жасыл-сары, тоқсары-күлгін түстерге бояу керек. Әр үстелге 10 жақты жинақталған саңырауқұлақ қажет. (үстел түсіне қарай 5 түрлі түсті саңырауқұлақ). Ойынға басшылық Тапсырманы түсіндіру барысында тәрбиеші үстелдің және саңырауқұлақтың әр түсті екенін, бірақ үстелдің бір жартысы және бірнеше саңырауқұлақтар біркелкі түсте екендігін ескертеді. Егер саңырауқұлақты түстес үстелге орналастырсақ, ол көрінбей, жасырынып қалады да, ешкім оны байқамайды. Ал егер басқа түстегі үстелге орналастырсақ, ол алыстан бірден көзге көрінеді. (осындай түсті саңырауқұлақтар қайда). Бір екі саңырауқұлақты таңдай отырып, тәрбиеші балаларға өз алдарындағы саңырауқұлақтан тағы да біртүсті саңырауқұлақты таңдауларын және оны тәрбиеші үстеліне орналастыруларын сұрайды. Балаларға дұрыс және қате орналастырылған саңырауқұлақтарды көрсетеді. Содан кейін жасырынып қалған саңырауқұлақ көрсетулерін сұрайды. Келесіде әр баланың өз бетімен жұмысты орындауларын қадағалайды. Қатар отырған балаларға әр түстегі құралдар беріледі.Үстел мен саңырауқұлақтың сәйкестігін табуда қиналған балаларға саңырауқұлақты көзшелерге орналастырмас бұрын үстел шетіне қойып салыстыруларын сұрайды. Бір сабақта әр бала тапсырманы 2-3 рет орындап, 20-30 саңырауқұлақты орналастырып 4-6 түсті меңгереді. Егер бала үстел түсі мен саңырауқұлақ түсін дәл сәйкестендіре алған жағдайда тапсырманы толық орындады деп есептейді. Кейбір балалар жекеленген қателіктер жібереді. Оны тәрбиешінің «сен дұрыс орналастыра алдың ба» деп сұрауы арқылы түзетеді. Кей жағдайда балалар саңырауқұлақты алақандарымен жауып алып, түс сәйкестіктерін ажырата алмайды. Сондықтан тәрбиеші саңырауқұлақты қалай ұстау керектігін түсіндіреді. Ойынның ұзақтығы мен қайталануы Сабақ ұзақтығы 8-10 минут. Ескерту: сабақ 1 жас 9 айдан бастап жүргізіледі. Сабаққа 6-8 бала қатысады.
|
| |
| |