Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Планирование  /  10 класс  /  ХХ! гасыр кошбасшысы

ХХ! гасыр кошбасшысы

Саба?ты? та?ырыбы: «ХХІ ?асыр к?шбасшысы» зияткерлік сайыс

Білімділік ма?саты: дарынды о?ушыларды табандылы?пен шешім ?абылдау?а, оны д?лелдеуге баулу. Дамытушылы? ма?саты: о?ушылар арасынан биология ?ылымына ынталы, талапты, ал?ыр о?ушыны аны?тау ж?не оларды ізденуге тез ойлану?а, ал?ырлы??а баулу.

Т?рбиелік ма?саты: ?сімдіктерді, жануарларды ?ор?ау?а, ?орша?ан ортаны с?юге т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі:аралас

Саба?ты? ?дісі:практикалы?

06.02.2017

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайыс

Білімділік мақсаты: дарынды оқушыларды табандылықпен шешім қабылдауға, оны дәлелдеуге баулу.
Дамытушылық мақсаты: оқушылар арасынан биология ғылымына ынталы, талапты, алғыр оқушыны анықтау және оларды ізденуге тез ойлануға, алғырлыққа баулу.

Тәрбиелік мақсаты: өсімдіктерді, жануарларды қорғауға, қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың әдісі:практикалық

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, нақыл сөздер, слайд


Салематсыздарма оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келіпсіздер!

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар!


Ал, енді мен мақалдың басын айтам, соны сіздер жалғасын тауып, тапқан оқушы ойын қатысушысы болады. Ойынға алты оқушы қатысады.

1. Бірлік болмай,

Тірлік болмас.

2. Адам – керуен,

Өмір – жол.

3 Оқы да біл,

Ойна да күл.

4. Ақыл азбайды, білім тозбайды.

5. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

6. Тазалық – денсаулық кепілі.

7. Жаңбырменен жер көгерер,

Батаменен ел көгерер.

8. Жері байдың – елі бай.

9. Көз қорқақ, қол батыр.

10. Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

Әділ төрелігін беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Енді сіздерді бүгінгі сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін.

1-тур .“Өзін таныстыру”.

2-тур . “Бәйге”.

3-тур. “Жүйрік болсаң, озып көр ”.

4-тур. “ Ғажайып бақ ”.

5-тур. “ Жануарлар әлеміне саяхат

6-тур. Қорытынды

1-тур .“Өзін таныстыру”.

  1. Оқушы..................................................

  2. Оқушы..................................................

  3. Оқушы..................................................

  4. Оқушы..................................................

  5. Оқушы..................................................

  6. Оқушы .................................................

Өздеріңізді таныстырып,өз ұрандарыңызды айтып өтіңіздер. Ал, сіздерге сәттілік, отырған көрермендерге шаттық тілейміз!

2-тур . “Бәйге”. Шын жүйрік саналатын кезің келді,

Көрейік тамашалап бәйгені енді

Болса егер ойың терең, ақылы кең

Саралап ой өрісін ел көреді.

Бұл турда сіздерге әр пәнінен жиырма сұрақ қойылады, әр сұраққа бес балл беріледі. Уақыт шектеулі. Сұрақтар өте жеңіл, мүдірмей жауап бересіздер деп сенемін.

    1. Сұрақ: Мемлекет? (митохондрия)

    2. Сұрақ: Аспанда бес түйеқұс ұшып барады, оның екеуі жерге қонды, аспанда қанша түйеқұс ұшып жүр? (түйеқұс ұшпайды)

    3. Сұрақ: Микроскопты ашқан? (әкелі балалы Янсендер)

    4. Сұрақ: Аюдың баласын қалай атайды? (қонжық)

    5. Сұрақ: Ерте көктемде жаппай көктеп, гүлдейтін өсімдік түрлері? (жауқазын, бәйшешек, өгейшөп)

    6. Сұрақ:Мата неден тоқылады? (мақтадан)

    7. Сұрақ:Химиялық құрамы күрделі, қоймалжың келген мөлдір зат?(цитоплазма)

    8. Сұрақ: Тазалықтың белгісі, киелі құс? (аққу)

    9. Сұрақ: Денедегі сұйықтық? (қан)

    10. Сұрақ: Адамның өмір бойы өсетін мүшесі? (мұрын)

    11. Сұрақ: ДНК\ның бөлігі? (ген, цистрон)

    12. Сұрақ: Жирафтың мойыны неге ұзын?(қорегіне байланысты)

    13. Сұрақ: Шөлді, құрғақ жерде өсетін өсімдіктер?(жусан,бетеге)

    14. Сұрақ: Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым? (генетика)

    15. Сұрақ: Қай органоидта ақуыз синтезі жүреді? (рибосома)

    16. Сұрақ: Көмірсуларға жатады? (моно, ди, полисахаридтер)

    17. Сұрақ:Жасушаны ашқан? (Шванн мен Шлейден)

    18. Сұрақ: Микроскоптың механикалық бөлімі?(жарық және оптикалық бөлімдерін байланыстырады

    19. Сұрақ: Балаларға білім беретін мекеме? (мектеп)

    20. Сұрақ: Қарапайымдылар қоректенеді?(автотрофты, гетеротрофты)

3-тур. « Жүйрік болсаң, озып көр»

Бұл бөлімде сіздерге адам мүшесі арқылы сөз тіркесіне сәйкес жұбын табу.



  1. Көз алма піс,аузыма түс

  2. Тіл алма

  3. Ауыз



  1. Қол көз қорқақ, қол батыр

  2. Ет батыр

  3. Көз



1.ас піскен асқа тік қасық

2.су қасық

3.тұз



1.іш ішің ауырса, ауызыңды тый

2.тіс ауыз

3.қол



  1. Бауыр екі беті піскен алмадай

  2. Бет алма

  3. Қол

Рахмет! Әділқазылар алқасы сөз өздеріңізде.Айтқандай ойын шарты бойынша ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығу керек.Сіздерге көп рахмет!Келесі бөлім:

4-тур: “Ғажайып бақ”. Сондықтан бүгін бізде жарыс сабақ

Аларсыз әрбір істен жақсы сабақ

Тілеймін жас достарым сәтті сапар

Көрсетіп жақсы білім тырысып бақ.

Бұл турда сіздерге төрт бөлім беріледі. Олар:

  • Өсімдіктер дүниесі 10 20 30 40 50

  • Жануарлар дүниесі 10 20 30 40 50

  • Адам 10 20 30 40 50

  • Еркін сұрақтар 10 20 30 40 50



Өсімдіктер дүниесі



  1. Өсімдіктердің ішкі және сыртқы құрылысын, систематикасын зерттейтін ғылым? (ботаника)

  2. Шығу тегі,құрылысы бірдей атқаратын қызметіне бейімделген клетка жиынтығы? (ұлпа)

  3. Өсімдіктер денесінің қанша пайыз бөлігі судан тұрады? (70-80%)

  4. Күн сәулесінің энергиясы арқылы органикалық қосылыстардың синтезі қалай аталады? (фотосинтез)

  5. Экранға қараңыз. Әлемдегі ең жуан ағаш. Өсімдіктің ұзындығы 18-25м, жуандығы орта есеппен 10м, олардың өмір сүру уақыты 1000-5500жыл. бұл кандай ең үлкен ағаш?(баобаб)

Жануарлар дүниесі

  1. Балықтарды зерттейтін ғылым?( ихтиология)

  2. Жануарлар дүниесі бөлінеді? (омыртқалылар, омыртқасыздар)

  3. Қаздар қайда тіршілік етеді? (қамыс,қоға, өзен көл)

  4. Буынаяқтылардың дене бөлімі неше бөліктен тұрады?(бас,кеуде құрсақ)

  5. Саны аз және өте маманданған құстар тобы, оларды балпанайлар деп те атайды. Бойы 100-120 см, салмағы 45кг. Бірақ ұшпайды, жақсы жүзеді. Ол қандай құс?(пингвин)

Адам

  1. Адамның кеуде қуысында орналасқан мүше?(Өкпе)

  2. Жүрек минутына неше рет соғуы қажет? (60 - 70 рет)

  3. Адам жүрегінің массасы қанша? (300 г)

  4. Адам мүшесінде қанша сүйек бар? (екі жүзден астам)

Организмдегі су мөлшерін реттеп және оның құрамындағы тұздар мен қышқылды қалыпты ұстап,қанды сүзіп,организмге қажетсіз заттарды несеп арқылы шығарады. Бұл қандай мүше?

Еркін сұрақтар

  1. Верный қаласы қай жылы құрылды? (1954ж)

  2. Бәйтерек монументінің ұзындығы канша метр?(97м)

  3. Тік төртбұрыштың ұзындығы мен енін көбейту арқылы нені табуға болады? ( ауданын)

  4. 2011жылы жазғы олимпиада символы (барыс)

  5. Тыңданыз

Рахмет! Әділқазылар алқасы сөз өздеріңізде.Айтқандай ойын шарты бойынша ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығу керек.Сіздерге көп рахмет!Келесі бөлім:

5-тур. “Жануарлар әлеміне саяхат”.

Кел балалар ойнайық

Ойнайық та ойлайық!

Қандай сұрақ болса да,

Шешпей енді қоймайық!

Бұл бөлімде сіздерге ойын түрінде өтеді, екі сурет беріледі, сіздерге таңдау жасап,берілген суретті жоғары көтеріп, 10 сұрақ қойылады, сол сұрақ арқылы қандай жануар екенін тауып аласыз. Суреттер Қасқыр, киік, жолбарыс,аю.

6-тур. Қорытынды.

Көңілді тапқырлар, білімділер

Бар өнерін алдарына салады

Кім білімді көп оқыған болса егер

Бүгінгі күн жеңімпазы кім болады

Жеңімпазымызды анықтау барысында әділқазылар алқасына сөз береміз. Қорытынды жасап, жеңіске жеткен оқушыны марапаттау!



Көріп тамашалағандарыңызға көп көп рахмет!





21 ғасыр көшбасшысы

Категориясы: Шығармашылық

Жарияланды: 24-01-2015, 13:26

Қарау саны: 1726

  • 0

  • 1

  • 2

  • 3

  • 4

  • 5


Тақырыбы: XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ
Ойынның мақсаты: ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интелектуалдық оқушылардың дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру.
Барысы
Жоспары:
1тур - Бәйге
2тур – Жұмбақ сандық
3тур – Жеті жұрттың тілін біл...
4тур – Ақтық мәре
5тур – «Көшбасшы»
Жүргізуші:
Армысыңдар, құрметті қонақтар
Ағайын мен халайық
Көпшіл болған ер дана
Достары көп ер бала
Өнерліден үлгі алып,
Салдырар сәнді мол қамал
Өнерлімен дос болсаң,
Қиялыңды қорғайды - демекші, бүгінгі ХХІ ғасыр көшбасшысы атты интелектуалдық ойынымызды бастаймыз!
ӘДІЛҚАЗЫЛАРДЫ САЙЛАУ, ТАНЫСТЫРУ
1.Тарих пәнінің мұғалімі Ақдөнов Бақытжан Бауыржанұлы
2. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Молдуова Гүлнар Нұрланқызы
І бөлім – Бәйге
Бөлімімізді бастайық. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда – демекші, қане, көреліік, алғашқы бөлімімізде ойыншыларымыз өздерін қалай ұстар екен...
Ойын шарты:
Берілген сұрақтарды мұқият тыңдап алып, қолдарыңызды көтересіздер. Бірінші болып көтергеніңіз жауап бересіздер. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі ойыншы жауабын айтуына болады. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады,
1 – Сиырдың пірі /Зеңгібаба/
2 –Заттың қимылын білдіретін сөз табы /Етістік/
3 – Жылдан құр қалған жануар /Түйе/
4 – Оян, қазақ! өлеңінің авторы /Ахмет Байтұрсынов/
5 – Ұя салмайтын құс /Көкек/
6 – Сын есім дегеніміз не?
7- Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазмды тұлға
/Президент/
8 – Біржанмен айтысқан ақын қыз /Сара/
9 – Сан есім дегеніміз не?
10 – Ең үлкен уақыт өлшемі /Ғасыр/
Әдлқазыларға сөз береміз, ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады.
Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі – демекші сайысымыздың
ІІ бөлімі – «Жұмбақ сандық» деп аталады. Ойыннын шарты мынадай: өздеріңіз таңдап алған сұраққа жауап бересіздер. Сандықшаға назар аударыңыздар. Жеңіл сұрақ таңдағыңыз келсе, 20 балдық сұраққа жауап беру арқылы ала аласыз, 30 балл орташа деңгейдегі сұрақтар. Ал, ең күрделі сұраққа дұрыс жауап беру арқылы 40 балдан жинақтауға болады. Ұпайы аз ойыншы бастасын.
40 40 40
30 30 30
20 20 20
Ақындар мен жазушылар
1. «Бала шоқан» шығармасының авторы (Сапарғали Бегалин)
2. Арқаның бетпақ деген даласы бар
Бетпақ шөл, ойлы-қырлы панасы бар
Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген
Жәндіктің киік деген баласы бар деп басталатын шығарманың авторы (С.Сейфуллин)
«Абай жолы» романының авторы А.Құнанабаев
Бейне сұрақ
1.
2.
3.
4.
Мақал-мәтелдер
1.Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады
2.Егінші жерге қарайды, құс көкке қарайды
3.Кітапты сүйіп оқы, көңілге түйіп тоқы
Әділқазыларға сөз береміз, ұпай саны төмен ойыншымен қоштасамыз.



ІІІ тур: Жеті жұрттың тілін біл (5 ұпайдан)
Ендігі соңғысы жеңімпаздар кезеңіміздің атауын, Жеті жұрттың тілін біл атадық. Мұнда сіздер қазақша, орысша, ағылшынша тілде дұрыс сөйлеумен қатар, қатесіз жазуларыңыз тексеріледі, жазғандарыңызды тексеретін арнайы маман бар. Ендеше бастайық
1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі.
(Көктем - весна - spring)

2. Мұрты бар, иегінде сақал жок,
Тон бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішінекн табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапар жоқ.
(Мысық - кот - cat)

3. Футболшының алаңдағы ойын заты
(Доп - мяч - ball)

4. Жеті қазынаның бірі, адамды қорып жүретін досы
(Ит - сабака - dog)

5. Әр адамның шағын отаны
( Жанұя - семья - family)

6. Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады
(Қоян - заяц - carrot)

7. Ер қанаты(Ат)
(Ат - конь - horse)

8. Ердің(екі) сөйлегені өлгені
(екі - два - two)
9. Еңбек түбі (береке)
Береке-
10. Ерлік білекте емес (жүректе)
Жүрек-

Ұпай санын білсек. Ұпайы 2 аз оқушы ойыннан шығады.
Ендігі тур - Ақтық мәре. Екі оқушы бір - біріне мақалдың жалғасын жасырады, ал екінші оқушы жалғасын табады, яғни5 - 5 мақалдан болуы нағыз көшбасы анықтайтын кезең.
Тапсырма беріледі(21 ғасыр көшбасшысы
  • Арайжан

  • 8 ақпан 2014

  • 19046

  • 0

  • 100

«ХХІ ғасыр көшбасшысы»
1 - жүргізуші: Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысын біз бастаймыз
2 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
1 - жүргізуші: «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 2 сыныптар оқушылары арасында өткелі отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
1.
2.
3.
1 - жүргізуші:
- Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,- дегендей ой мен білім жарысына қош келдіңіздер! Сайыскерлермен таныс болыңдар.
2 - жүргізуші:
1 – ойыншы_________________– болашақта журналист болуды армандайды және ол арманына жету үшін бар күш жігерін аямайды.
2 – ойыншы _________________— өскенде халқына адал қызмет ететін полиция қызметкері болуды армандайды.
3 – ойыншы ________________— заң қызметкері боламын деген ойы бар.
4 – ойыншы ________________— эколог болып, Қазақстанды гүлдендіремін дейді
5 – ойыншы _______________— әлемге әйгілі ұшқыш болғысы келеді
6 – ойыншы ____________________ – заң қызметкері болуды армандайды.
7 – ойыншы ________________- болашақта ұстаз болуды армандайды
8 – ойыншы_________________ - болашақта адам жанының арашашысы дәрігер болғысы келеді
1 - жүргізуші: Енді сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз
4 турдан тұрады:
1. Бәйге
2. Полиглот
3. «Сөз ойла, тез ойла»
4. «Жас қалам»
«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші баршаңызға сәттілік тілеймін!
2 - жүргізуші: I – тур «Бәйге»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер –
деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық
1 - жүргізуші: Шарты:
1. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан 10 сұрақ беріледі.
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 2 минут ішінде қойылған сұрақтың жауабын қолдарындағы параққа белгілеп, дұрыс жауапты тексеріп тұрасыңдар. Яғни тұсына «+» белгісін қойындар. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
4. «Бәйгенің» сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.
1. Қазақ алфавитіндегі әріптер санын көрсет.
а) 40
б) 42
в) 38
2. Қай сөзде қате кеткен?
А) Қариа
б) қария қалам
3. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
А) 2
б) 3
в ) 4
4. Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін қалай аталады?
А) сипаттау
б) пайымдау
в) әңгімелеу
5. Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді қалай атаймыз?
А) лепті
б) хабарлы
в) сұраулы
6. Жұрнақтың белгісін көрсет
а)
б)
7. Қай сөзге лар жұрнағын жалғауға болады?
А) кітап
б) тау
в) жазық
8. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді қалай атаймыз?
А) туынды сөз
б) түбір сөз
в) жалғау
9. Жауын сөзіне дұрыс жалғанған қосымшаны көрсет
А) гер
б) бек
в) хана
10) Дұрыс буынға бөлінген буынды тап.
А) Жа - пы - рақ
б) жап - ырақ
в) жапыр - ақ
2 - жүргізуші: Келесі айналым – Полиглот. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» дегендей, өз ана тілімізбен қоса орыс, ағылшын тіліндегі білімдеріңіз сараланады.
1. Алыстан қарасаң, аппақ,
Татып көрсең, тәтті - ақ (Қант – сахар - sugar )
2. Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үірген шырын бал. ( алма – яблоко - аpple )
3. Бұл үйге көзсіз боп басың сұғасың,
Бұл уйден көреген болып шығасың.(мектеп - школа - school)
4. Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді. ( ауа, воздух, air )
5. Қазақтардың қасиетті саны... «жеті, семь, seven»
6. Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында каны жоқ
Май жейді, су ішеді (көлік - машина - car)
7. Мамықтай ұлпа, қанаттай ақ
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады (Қар - снег - snow)
8. Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолына алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем
(Кітап - книга - book)
9. Ұшып - қонып тынбайды,
Тасқа соқсаң сынбайды.
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды
(Доп - мяч -. ball)
10. Жолбарыстан аумайды
Пеш түбінде аунайды (мысық - кошка cat )
11. Ашылып жабылады
Әр үйден табылады
12. Жылт – жылт еткен
Жылғадан өткен (су – вода - water )
13. Жұпар иісі еседі,
жайнап бақта өседі ( гүл – цветок - flower)
14. Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег - snow)
15. Тар шеңберді айналып,
Тұр қазықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен таңбайды.
(Сағат - часы - clok)
16. Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан (Сәбіз - морковь - carrot.)
2 - жүргізуші: Әділқазылар есептеп ең аз ұпай жинаған 2 ойыншыны атайды. Оларға өмірде сәттілік тілеп, қош айтысамыз. Ойында жеңілгендеріңмен, өмірде жеңілмеңдер.
Келесі кезекте: «Білімпаз» бұл сайыста негізгі 4 пән бойынша сұрақтар беріледі. Математика:
1. Көбейтудің қасиеттерін ата? (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімдік)
2. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
3. Ең үлкен 2 таңбалы санға бірді қоссақ неше шығады? (99+1=100)
4. Әлібек 1 күнде 2 ертегі оқыды. Ол 1 жұмада неше ертегі оқиды. Осы қарқынмен? (14 )
Қазақ тілі:
5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, олардың түрлері? (қатаң, ұяң, үнді)
6. Қарсы мағыналы сөздерді тауып ата: семіз – (арық), терең – (таяз), қою – (сұйық), қысқарды – (ұзарды)
7. Қандай зат есімді туынды зат есім дейміз? (түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім)
8. Жұмбақты шеш. Өзім сөзден тұрамын
Біткен ойды құрамын (сөйлем)
Дүниетану:
9. Өсімдік бөліктерін ата? (тамыр, сабақ, жеміс, гүл, тұқым)
10. Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады? (60 – 80 рет)
11. Ауаның 1жерден 2 - ші жерге ауысуы? (жел)
12. Желдің күші мен бағытын анықтайтын арнаулы құрал? (флюгер)
Ана тілі:
13. Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, тұңғыш ағартушы ұстаз. Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан бұл кім? (Ыбырай)
14. «Дарабоз» атанған батыр? Кім қойды сол атты? Батырдың шын аты кім? Ол неге солай атанды? (Ерасыл – Қабанбай)
15. Бата дегеніміз не? (той - жиында, дастарқанбасында айтылатын тілек түрі)
16. Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?
5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
1 - жүргізуші: «Сөз ойла, тез ойла» сайысына да келіп жеттік. Мұнда сендерге әріптер беріледі, сол әріпке байланысты берілген сұраққа жауап қатасыңдар. Мыс: С әрпі болса, с – дан басталатын жауаптар беріледі.
Сенің атың кім?
Сен нені армандайсың?
Қайда барасың?
Сен не ұнатасың?
Досыңа туған күнге не әпересің?
Қыста не болады?
Мектепке немен келесің?
Демалыста қайда боласың?
Алманың түсі қадай?
10. Достарыңа тілек
2 - жүргізуші: ең аз ұпай жинаған 2 ойыншы шығады
1 - жүргізуші: Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
біліміңмен шарықтай бер әрдайым.
2 - жүргізуші: Келесі кезекте 2 жеңімпаз берілген тақырып бойынша шағын эссе жазады.
1 - жүргізуші: Келесі сөзді әділқазы алқасына береміз
2 - жүргізуші: Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ - дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман - сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!

Начало формы


Конец формы

ХХІ ғасыр көшбасшысы

Жарияланды 30-11-2012, 11:34 Категориясы: Информатика 

Ақтөбе облысы,
Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің
физика және информатика пәні мұғалімі
Сагынова Ибаш Тұрғанбайқызы

Тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысына 9 сынып оқушылары арасында жүргізілді. Әр сыныптан бір оқушыдан алты сыныптан алты оқушы қатысты.
Мақсаты:
1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып әрбір оқушы өзінің білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуге үйрету.
2. Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту.
3. Оқушыларды өзін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға баулу.
Сайыс 4 турдан тұрады.
І Бәйге
ІІ Жорға
ІІІ Дода
ІҮ Жүйрік

Бәйге (Бұл турда 6 ойыншыға бірдей 8 сұрақтан сұрақ оқылып, әрбір сұрақтың а, ә, б, в жауаптары беріледі)
Білімнің ұшқырлығын танытатын,
«Бәйге» тур да сайыскер жаңылмағын.
Уақыт деген зымырап, өтіп кетер,
Асып, тасып, асықпа, қалыспағын

1. Бірқатар байттар тізбегі
а) қалта
ә) себет
б) файл ***
в) құжат
2. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші?
а) пернетақта
ә) мәтіналғы***
б) басып шығарғыш
в) тінтуір
3. Microsoft фирмасын құрған адам?
а) Блез Паскаль
ә) Джон Фон Нейман
б) Билл Гейтс ***
в) Ада Лавлейс
4. ОЖ міндетіне қарай нешеге бөлінеді?
а) 5
ә) 4
б) 2 ***
в) 3
5. Утилиттер - бұл
а) редакторлар
ә) компиляторлар
б) модуляторлар
в) көмекші программалар***
6. Дискідегі ақпаратты сығу программалары
а) архиваторлар***
ә) утилиттер
б) оңтайландыру программалары
в) драйверлер
7. 111012 –санау жүйесі қандай ондық санау жүйесіне тең
а) 29***
ә) 35
б) 25
в) 19
8. Компьютерде орындалатын программалар келесі топтарға жіктеледі
а) жүйелік, қолданбалы, программалау тілдері ***
ә) басқарушы, ойын программалары
б) қарапайым және көпдеңгейлі программалар
в) операциялық жүйелер

Жорға /Бұл турда экранда көрсетілген 6 ұяшықтың сайыскер біреуін таңдайды. Таңдаған ұяшықтың ішінде 10 сұрақ қойылады, әр сұраққа 8 секунд ішінде жауап беруі керек/
1 ұяшық сұрақтары

1. Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бағдарламалаушы - Ада Лавлейс
2. Жеті санына байланысты салт-дәстүрді білесіз бе?- (жеті ата,жеті қазына, жеті нан, жеті күн)
3. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы? - интернет
4. Жаз айларын атаңыз?- маусым, шілде, тамыз
5. Спорт және туризм министрі кім?- Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлы
6. Ең кіші планета? - Меркурий
7. Ноғай ордасының астанасы? - Сарайшық
8. Ең көп тараған процессордың түрі - Пентиум
9. Нөл температурада су неге айналады? - мұзға
10. Ақпарат сақталатын орын, нешеге бөлінеді? жад екіге бөлінеді

2 ұяшық сұрақтары
1. Адам мен компьютер арасындағы байланыс - интерфейс
2. Батаның қандай түрлерін білесіз? -(Наурыз бата, жас отауға арналған бата, ас қайыру батасы т.б.)
3. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы?- модем
4. Астана қаласының әкімі кім?- Тасмағанбетов Иманғали Нұрғалиұлы
5. Азияда ойындары спорттың неше түрінен өтеді?-11
6. Қыс айларын атаңыз?- Желтоқсан, қаңтар, ақпан
7. Астананың бұрынғы атауы - Ақмола
8. Қазақ елінде ертеден келе жатқан мейрамдар бар?- (ораза айт, рамазан айт, наурыз тойы, соғым басы, сабан той т.б.)
9. Кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш - уық
10. 1 кг қанша грамм бар?-1000 г


3 ұяшық сұрақтары
1.Вирустың кері әсерін жоятын программа - антивирус
2. Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңыз. -(сәукеле, тұмақ, бөрік, кимешек, шапан, ішік, кәмзол, мәсі т.б.)
3. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? –бәйтерек
4. ЭЕМ неше буынға бөлінеді?-5
5. Ақпаратты өңдеу құрылғысы - процессор
6. “Оянған өлке” романының авторы? - Ғ. Мүсірепов
7. Үнемі солтүстік бағытты көрсетіп тұратын жұлдыз?- Темірқазық
8. Компьютердің құрылғыларын бір-бірімен байланыстыратын сымдар қалай аталады?- кеңарна
9. 3-ке бөлгенде екі 2 бүтін шығып, 2 қалдық қалды ол қай сан? -8
10. “Компьютердің атасы” деп кімді атаған?- Чарлз Беббидж

4 ұяшық сұрақтары
1. Бір жолға қанша оператор жазылады-256
2. Жаңа туған нәрестенің ең алғаш киген көйлегі? – Иткөйлек
3. Қоршаған орта ластануын зерттейтін ғылым? - экология
4. Бірінші қазақ киностудиясы кімнің атымен аталды?- Шәкен Айманов
5. Ақпаратты экранға шығару құрылғысы?- монитор
6. Көктем айларын атаңыз?- наурыз, сәуір, мамыр
7. Дәрігерлер беретін анттың авторы? - Гиппократ
8. “Жеті жарғы” заңдар жинағы қай ханның тұсында жазылған?- Тауке хан
9. Қазақстанда өткізіліп жатқан Азияда ойындары нешінші рет өтіп жатыр? -7- рет
10. Екі санының бес дәрежесі нешеге тең?-32

5 ұяшық сұрақтары
1. Дискілер ішіндегі көлемі ең үлкені - DVD
2. Ұлттық ойын түрлерін атаңыз.- (соқыр теке, шертпек, ақсүйек, орамал тастау, сақина салмақ т.б.)
3. Құсжолы қандай пішінде болады? - Шиыршық
4. Компьютердің негізгі құрылғылары. –жүйелі блок, монитор, пернетақта
5. Азияда ойындары біздің еліміздің алдында қай елде болды - Қытай
6. Файл неше бөліктен тұрады-2
7. Абылай ханның шын аты - Әбілмансұр
8. “Ақпарат” сөзі қай елдің тілінен шыққан - латын
9. 1 ден 5-ке дейінгі сандардың көбейтіндісі қай цифрмен аяқталады. -0
10. Кеңестер одағында бірінші ЭЕМ- ға басшылық жасаған академик ғалым - Сергей Алексевич Лебедев

6 ұяшық сұрақтары
1. Компьютерді ең алғаш шығарған фирма - Apple
2. Балаға байланысты салт-дәстүрлерді атаңыз.- (бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу, сүндетке отырғызу)
3. Қан қысымын өлшейтін аспап? - Тонометр
4. Ә. Марғұлан атамыз қай жерде дүниеге келген.- Павладар обл, Баянауыл ауылы
5. Хоккей алаңында, бір командада неше ойыншы ойнайды?-5
6. Күз айларын атаңыз?- қыркүйек, қазан, қараша
7. Жас келінге айтылатын жыр - беташар
8. Қазақстан Республикасы туындағы тәуелсіздіктің белгісі - қыран
9. Қандай санның кубы 27-ге тең?-3
10. «Қыз Жібек» фильмінде Қыз Жібек рөлін ойнаған кім? –Меруерт Өтекешова

Дода /Бұл турда алдыңғы екі сайыста жоғары ұпай жинаған үш сайыскер қалады да, қалған үш сайыскер сайысты осы жерден тоқтатады. Дода сайысында Әйгілі тұлғалар, Салт – дәстүр, Спорт деген үш тақырыпта 20,30,40 ұпаймен өлшенетін 9 ұяшық жасырылған. Әдеттегідей сайыскерлердің ұпайы жоғарысы ұяшықтарды таңдайды/.

Әйгілі тұлғалар

1. Әлкей Марғұлан есімі мектебімізге қай жылы берілді?-5 шілде 2005 жыл
2. 1938 жылы репрессияға ұшыраған бес арысты атаңыз?-
Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкірім Құдайбердіұлы
3. Абайдың 31- қара сөзінде не туралы айтылады?- Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар:
- көкірегі байлаулы берік болмақ;
- сол нәрсені естігенде, я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып ынтамен ұғыну керек;
- сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек.
- ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек

Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойшыл-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу.
Бұл төрт нәрселер –күллі ақыл мен ғылымды тоздыртатын нәрселер

Салт-дәстүр
1. Қыз ұзатылғанда киетін бас киім - сәукеле
2. Жеті атаны ата - 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.
3. Ерулік дегенді қалай түсінесіз?-«...Екі ауыл бір –біріне ерулік беріп, шақырысып аяқ-табақ қатысып қалады» Ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса сол ауылдың адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп табақ тартады. Бұл жаңа адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі. Мұның әлеуметтік қоғамдық мәні де бар. Мысалы жаңа көшіп келген үйде отын, су болмайды. Оны әкелуге біраз уақыт кетеді. Міне, кең ойлап, терең толғайтын қазақ салты мұны да ұмытпаған.
Спорт
1. Азияда ойындары ең алғаш нешінші жылы ойнатылды?-1951жылы Үндістанда өтті
2. 2012 жылы жазғы олимпиада қай елде өтеді?- Лондон
3. Азияда алауын жаққан спрортшылардың есімдерін атаңыз?-
Әбілсейт Айханов, Жақсылық Үшкемпіров, Даулет Тұрлыханов,
Ермахан Ыбыраймов, Бақтияр Артаев, Жәнібек Қандыбаев, Тимур Тұрсынбаев

Жүйрік /Бұл турда екі сайыскер ҚАЗАҚСТАН деген сөзден жаңа сөздер ойлап тауып жарысқа түседі. Беріліп отырған ҚАЗАҚСТАН сөзінен не бір мағаналы сөздер шығатынын оқушы сезіну керек. Осылайша Жүйрік анықталады. /
ҚАЗАҚСТАН
Қазақ, сақ, қаз, азан, азат, қазан, ана, ата, нан, ас т.б көптеген мағыналы сөздер құрастырылады.
Қорытынды: Жеңіске жеткен оқушыны марапаттау./ХХІ ғасыр көшбасшысы әнімен аяқталады/.

Тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы.

Мақсаты: Математика пәні бойынша оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуу, математикалық білімдерін нығайту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс істей білуге, шапшаң есептеуге, есте сақтауға дағдыландыру, тапқырлыққа, нақтылылыққа тәрбиелеу.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру: сайыс тәртібімен, кезеңдерәмен таныстыру, сайысқа дайындау, әділқазыларды сайлау.

Армысыздар, құрметті сайыскерлер, көрермендер! Бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер! Сіздерге алғыр ой, ұшқыр жауап, сәттілік тілеймін.

  1. Таныстыру.

  2. Бәйге.

  3. Көкпар.

  4. «Ойлан, тап!»

  5. Ғажайып тоғыздық

  6. Жорға

  7. Жеңімпазды анықтау.



1-кезең. Таныстыру (слайд арқылы қатысушыларды таныстыру)

2-кезең. Бәйге: (берілген сұрақтарға жылдам жауап беру керек. Қолындағы белгішені көтеру арқылы)

1.Астананың символы (Бәйтерек)
2.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл (қазақ тілі)

3. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42 әріп)
4. Өсімдік өсу үшін не қажет ? ( ауа, жылу, топырақ)

5. Рәміздерді ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)
7. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)
8. Зергер 5 күнде 25 сырға жасаса, 7 күнде неше сырға жасайды? (35)

9. Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін … ? (ұзындығын еніне көбейтеміз)

10. 300 –ді 6-ға бөлгендегі нәтиже. (50)

11. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті (қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді)

12. 654 санын разрядтық қосылғыштарға жікте? (6 жүзд. 5 онд. 4 бірл)
13. Айдалада ақ отау,
Аузы – мұрны жоқ отау. (жұмыртқа)
14 Аңның екі алдыңғы аяғы,
Екі артқы аяғы,
Екі оң аяғы,
Екі сол аяғы бар
Аңның барлығы неше аяғы бар? (4)

15. Мектеп директоры кім?







3-кезең. Көкпар.



Теңдеулер

10

20

30

Логикалық есептер

10

20

30

Формулалар

10

20

30

  • Теңдеулер: 10- 125 : х =25, 20- у *15 + 7 =67; 30- 144 : (2х+8) =12

  • Логикалық есептер 10: 1 килограмм мұз қыста ауыр ма, жазда ауыр ма?

20: Столдың төрт бұрышы бар.
Егер бір бұрышын кесіп тастаса,
неше бұрыш қалады.

30: Жұлдызды құрт күндіз ағаштың басына қарай 6 м көтеріледі. Ал түнде 4 м төмен түседі. Жұлдызды құрт 14 метр ағаштың басына қанша күнде шығады?

  • Формулалар:

10: S=a*b 0: 30; бұл қасиет қалай аталады?

4-кезең. «Ойлан, тап!»

Келді кезек шырпыларды шешуге,
Бір-ақ шырпы қозғау керек бұл жерде.
Жауаптарың дұрыс болса егерде,

30 ұпай, шәкірт саған несібе.

Мұнда берілген есептен тек бір ғана шырпы қозғап теңдікті дәлелдеу керек.

1. 96-41=77

2. 81+45=35

3. 92+34=133

4. 63+18=77

5-кезең: Ғажайып тоғыздық:



20

30

40

20

30

40

20

30

40



  1. Квадраттың қабырғасы 9 см. Периметрі неге тең? (36)

  2. Тік төртбұрыштың қабырғасы 10 см және 8 см. Периметрі неге тең? (36)

  3. Қабырғасы 6 см және 8 см тік төртбұрыштың ауданы неге тең?(48)

  4. “ к ” әріпінен басталатын 5 математикалық сөздерді ата.

  5. Үшбұрыштың элементтерін ата.

  6. Ұшақтың жылдамдығы 200 км/сағ, машинаның жылдамдығы одан 80 км/сағ кем. 600 км қашықтықты әрқайсысы неше сағатта жүреді.(5; 3)

  7. Қандай атақты математикті білесің?

  8. Параллелепипедтің көлемін қалай есептейді?

  9. Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар. (бас)

6-кезең: Жорға:

1-нұсқа
1. Ең үлкен бір таңбалы сан ? (9)
2. кім?, кімдер?, не?, нелер? сұрақтарына жауап беретін сөз табы? (Зат есім)
3. Құрманғазының кім? (күйші)
4. Адам денесінің тірегі не? (қаңқа)
5. 1 тәулікте неше сағат бар? (24)
6. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшесі? (тұрлаулы)
7. Үйге арнайы шақырылған кісілер? (қонақ)
8. Білім күні? (1-қыркүйек)
9. Б – дауыссыз және …? (ұяң)
10. Шаршының қабырғасы қандай? (тең)
11. «Жүріп келе жатырмын» құрамына қарай қандай етістік? (күрделі)
12. 40 – тың ширегі? (10)
13. «Қас пен көздің арасында» теңеу сөзінің мағынасы? (тез, жылдам)
14. 32 нешеге бөлінеді?
15. Есту мүшесі (құлақ)

II нұсқа
1. Ең үлкен екі таңбалы сан ? (99)
2. Не істеді?, не қылды?, қайтті? Сұрақтарына жауап беретін сөз табы? (етістік
3. 2-нің кубы (8)
4. Көру мүшесі? (көз)
5. 1 т= ? кг (1000 кг)
6. Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем? (жалаң)
7. Махамбеттің кім? (батыр)
8. Тәуелсіздік күні? (16-желтоқсан)
9. Ө – дауысты және … (жіңішке)
10. шаршының неше бұрышы бар? (4)
11. «Қуанды» құрамына қарай қандай етістік? (дара)
12. 21 –дің үштен бір бөлігі (7)
13. «Екі езуі екі құлағына жету» теңеу сөзінің мағынасы? (қуану)
14. 72 қандай санға бөлінеді?
15. Иіс сезу мүшесі? ( мұрын)

Қорытынды

Әділқазылар алқасына сөз беріледі. Сайыс бойынша ұпай саны көп ойыншы «XXI ғасыр көшбасшысы» атағына ие болады.

Конец формы

Начало формы

Конец формы

Начало формы

Конец формы




-80%
Курсы повышения квалификации

Эмоциональный интеллект

Продолжительность 36 часов
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
3000 руб.
600 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
ХХ! гасыр кошбасшысы (218.42 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт