Меню
Разработки
Разработки  /  Музыка  /  Уроки  /  6 класс  /  Халқы ардақтаған екі алып ─ Жамбыл мен Дина

Халқы ардақтаған екі алып ─ Жамбыл мен Дина

Сабақтың тақырыбы: Халқы ардақтаған екі алып ─ Жамбыл мен Дина

Сабақтың мақсаты: Батыс Қазақстанның күйшілік дәстүрі мен орындаушылары жөнінде мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Халық қалаулысы болған өнер иелері –Жамбыл мен Динаның шығармашылықтарымен таныса отырып, олардың ерекшеліктерін талдай білуге дағдыландыру

Дамытушылық: Музыкалық шығармаларды тыңдай білуге, музыкалық аспаптардың үнін айыра білуге баулу

Тәрбиелік:Күйшілерге деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың ұйымдастырудың әдіс- тәсілдері: сұрақ – жауап, сергіту сәті, топпен жұмыс, пікірталас

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, белсенді тақта,бейнекөріністер, сазгерлердің портреттері, домбыра,баян, фортепиано

Музыкалық материалдар: Күй тыңдау: Динаның күйі «Жеңіс».

Жаңа ән үйрену: «Қоңырау» әні,сөзі А.Меңжанова

15.12.2017

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Халқы ардақтаған екі алып ─ Жамбыл мен Дина

Сабақтың мақсаты: Батыс Қазақстанның күйшілік дәстүрі мен орындаушылары жөнінде мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Халық қалаулысы болған өнер иелері –Жамбыл мен Динаның шығармашылықтарымен таныса отырып, олардың ерекшеліктерін талдай білуге дағдыландыру

Дамытушылық: Музыкалық шығармаларды тыңдай білуге, музыкалық аспаптардың үнін айыра білуге баулу

Тәрбиелік:Күйшілерге деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың ұйымдастырудың әдіс- тәсілдері: сұрақ – жауап, сергіту сәті, топпен жұмыс, пікірталас

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, белсенді тақта,бейнекөріністер, сазгерлердің портреттері, домбыра ,баян, фортепиано

Музыкалық материалдар: Күй тыңдау: Динаның күйі «Жеңіс».

Жаңа ән үйрену: «Қоңырау» әні,сөзі А.Меңжанова

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу (әндете), оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру

Үй тапсырмасын сұрау:

5 сыныпта өткен тақырыптарды қайталау

Ән орындау:

Дауыс баптау жаттығулары,әннің мәтініне,құрылымына назар аудару

-Ән не туралы? (әннің мазмұнына көңіл бөлу)

-Ән қалай орындалып тұр? (әннің орындалу жылдамдығына)

- Ән қандай көңіл – күйді білдіріп тұр? ( әннің характері)

- Ән неше бөлімнен құралған? (әннің құрылысына – шумақты)

Жаңа сабақ. Қазақ халқының мәдениетінде сөз бен музыка өнері ерекше орын алады. Қазақ халқы мыңдаған жылдар бойы көшпелі өмір салтын ұстанған. Сол себепті көшіп – қонуға ыңғайлы киіз, тері, ағаштан жасалған дүние – мүліктер мен түрлі үй бұйымдарын қолданып келген. Мұндай өмір салты сөз бен музыка өнерінің дамуына көп ықпалын тигізді. Ал сәулет өнерінің сақталуын мазарлар мен балбал тастардан көруге болады. Бұл балбал тастар мен мазарлар өмірден өткен ата – бабаларға ескеркіш әрі өткен тарихтың белгісі іспетті. Қазақ халқында сурет салу, сахналық қойылым жасау немесе би билеу өнері жоқтың қасы. Десек те әрбір өазақ домбыра тартып, бір шумақ өлең шығара алатын қабілетке ие болған.

Сөз бен музыка – бір-бірінен бөлінбес бір тұтас өнер. Сал –серілер қазақ халқының композиторлары атанып, әннің сөзін де, әуенін де өз жанынан шығарып, өздері орындаған сегіз қырлы бір сырлы өнер иелері болған. Ал ақын – жазушылар болса, халыққа сүйемелдеп, тыңдаушыға жеткізе орындаған. Иә, сөзге аса құрметпен қараған қазақ халқы “ Өнер алды – қызыл тіл” деп бір ауыз сөзге тоқтаған емес пе?

XX ғасырда сөз бен музыка өнерінің дәстүрін жаңа ғасырға жалғастырған қазақтың ұлы тұлғалары ақын Жамбыл мен күйші Дина болды. Жамбыл мен Динаның өмір сүрген кезеңіндегі болған оқиғалар олардың шығармашылығынан көрініс тапты. 1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына арналған Жамбылдың «Ленинградтық өренім» атты жыр жолдары кеңес жауынгерлерінің рухын, халықтың еңсесін көтеріп, жігеріне жігер қосты.

Күй тыңдау: Динаның күйі «Жеңіс».

Жаңа ән үйрену: «Қоңырау» әні,сөзі А.Меңжанова

Қоңырау

Бірінші қыркүйек күні мен,

Аңқыған жұпары гүліммен

Келіп ем, қарсы алды мектебім

Сүйкімді қоңырау үнімен.

Қайырмасы:

Сылдырла, сыңғырла тағы да

Шақыра білімнің бағына,

Қоңырау әсем саз әдемі,

Қоңырау әсем саз әдемі.


Қоңырау сыңғыры асыға

Үн қосқан қиядан асуға,

«Білім ал, еңбек ет, жас ұлан,

Өрле, - деп, - биік шың басына».

Қайырмасы.

«Бол енді білімді, ақылды,

Сүйеді ел мықтыны, батылды»

Дегендей алғашқы қоңырау

Алысқа, алысқа шақырды.

Қайырмасы.

7. Сабақты қорыту:

1.XX ғасырда сөз бен музыка өнерін кімдер жалғастырды?

2.Жамбыл Жабаевтың қандай дастандары бар?

3. Динаның қандай күйін тыңдадыңдар?

8. Үйге тапсырма: «Халқы ардақтаған екі алып ─ Жамбыл мен Дина» тақырыбын оқу.

9. Бағалау: Сабаққа ынтамен қосылып отырған тапсыру балаларды бағалау










-80%
Курсы повышения квалификации

Современные педагогические технологии в образовательном процессе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Халқы ардақтаған екі алып ─ Жамбыл мен Дина (13.49 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт