Павлодар қаласы әкімдігі
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің
«Павлодар қаласының № 28 сәбилер бақшасы»
Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
(Кьюзинер таяқшалары)
Ортаңғы «А» тобы
Тәрбиеші:Кунанбаева.Р.М
2017-2018жж
Тақырыбы: «Қызықты математика»
Мақсаты: «4 саны мен цифры»
Мақсаты:Балаларға шамамен 4 заты бар топтарды салыстыруды үйрету, 4 цифрымен таныстыру, соңғы санның барлық топпен арақатынасын белгілеу. Сан заттардың орналасу пішініне байланысты болмайтыны туралы түсінік қалыптастыру.
1.Білімділік: 4 саны мен цифры туралы түсінік беру
2.Дамытушылық: Өзіне қатысты бағдарлану ойын дамыту
3.Тәрбиелік:Таза және ұқыпты жаза білуге тәрбиелеу
Әдіс –тәсілдер:.Сұрақ-жауап түсіндіру көрсету
Қөрнекіліктер:Интератифтік тақтамен жұмыс, кьюзинер жолақшалары, карточкалар, таяқшалар, алма суреті бар сауапшалар.
Билингвалдық компонент: 4 саны
ҰОК-жоспары
Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
1.Кіріспе бөлім: Балалар шаттық шеңберге жиналып, тақпақ айтады. Балалар бүгін сабақта не істейміз? 2.Өткен тақырыпқа сұрақтар қою Балалар өткен сабақта не өттік? Интератифтик тақтаға назар аударыңдар. -Цифрларлы тура, кері санау -Пішіндерді және түстерін атаңдар. -Түсіп қалған пішіндерді тап.
-Көршілірін ата. -Суреттен биік-аласа үйдің айырмашылығын атап беріңдер. Балалар орындарына отырады. -Карточканың үстіне қызғылт таяқшалардан орындық құрастырыңдар -Құрастырған орындықтарыңды айналдырыңдар.Қандай сан шықты? -Мына суретте нелер көрсетілген? -1-ші суретте піл нешеу? -2-ші суретте пілдер қанша? Барлығын қосып санайықшы.Қанша болды барлығы? -Ендеше үштен кейін төрт цифры екен | Біз қандаймыз, қандаймыз. Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Ренжісуді білмейміз Қуанайық достарым, Арайлап атқан әр күнге. -Ойланамыз, сандарды санаймыз, жолақшалармен жұмыс жасаймыз, ойнаймыз. -1,2,3 тура, кері санайды. -дөңгелек сары түсті, шаршы қызыл түсті, үшбұрыш көк түсті, төртбұрыш жасыл түсті, сопақша тоқсары түсті. -түсіп қалған пішіндерді тауып атап береді. -Көрші цифрларды атайды. -Суреттегі биік-аласа үйлерді тауып атап береді. -Карточканың үстіне орындықты қызғылт таяқшалар арқылы құрастырады. -Құрастырған орындықтарын айналдырады.4-саны шықты -Пілдер. -Бір -Көп -Барлығы төртеу болды
|
3. Негізгі бөлім: 4 саны мен цифры туралы | -4 саны мен цифрымен танысады.
|
3.Ауада 4-санын жазу. 1-тапсырма.Цифрларды тура, кері санату. Неше жыл мезгілі бар.атап беріңдер, санаңдар. 2-тапсырма.Кьюзенер жолақшаларымен жұмыс.Қызыл және көгілдір жолақшалардан төртбұрыш құрастыр. 3-тапсырма.Төртбұрыш және қызғылт, көгілдір, қызыл жолақшалардан баспалдақ құрастырыңдар. -Баспалдақтарды санаңдар. 4.Сергіту сәті: 4-тапсырма.Карточкада ортасындағы сызықтың үстіне 3 қызыл алма орналастырыңдар.Астына 2 жасыл алма орналастырыңдар. 5-тапсырма.Үстіндегі 3қызыл алмаға астындағы 1-жасыл алманы қосыңдар. 5.Дидактикалық ойын: «Аюды құрастыр» Ойын шарты:қара, сары, қызғылт, көгілдір жолақшаларды қолдана отырып аюды құрастырыңдар.
| -Балалар ауада 4-санын жазады. -1,2,3,4 цифрларды тура, кері санайды. -Төрт жыл мезгілі бар, көктем, жаз, күз, қыс.1,2,3,4. -Қызыл және көгілдір жолақшалардан төртбұрыш құрастырады.
-Төртбұрыш және қызғылт, көгілдір, қызыл жолақшаларды қолдана отырып баспалдақ құрастырады. -1,2,3,4 санайды баспалдақтарды. Санай, санай саусағым, Әлсіреді, шаршадым, 1,2,3 Қолға жинап күш, Кәне қалам алайық, Әдемілеп жазайық. Балалар тапсырмаларды орындайды.
|
Қорытынды:
Жақсы қатысқан балаларды жұлдызшамен мадақтап сабақты қорыту.
|
-Түсіп қалған пішіндерді дұрыс тауып ойландық -1,2,3 тура, кері санадық -4 саны мен цифрымен таныстық -жолақшалардан орындық, баспалдақ құрастырдық. -Кьюзинер жолақшалаынан аюды құрастырдық.
|