Сабақтың тақырыбы: Қыздыру үдерісі. 5-зертханалық жұмыс. «Судың қайнау үдерісін зерттеу» | Мектеп: №274 | |||
Күні: 8-сабақ | Мұғалімі: | |||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ негізделген оқу мақсаты: | Салқындау үдерісін зерделеу, салқындау қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру | |||
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар Судың қайнау үдерісін зерделейді, қыздыру қисығын салып үйренеді, зерттеушілік дағдылары дамиды | |||
Оқушылардың басым бөлігі Қыздыру қисығын салады және оны талдайды, танымдық түсініктері жетіледі. | ||||
Кейбір оқушылар Бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіреді | ||||
Тілдік мақсат: | Оқушылар: (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) Заттардың қайнау үдерісіне сипаттама бере алады, маңызы, қолданылуы туралы ой қорытады. Ойын ашық жеткізе біледі. Сөйлеу дағдылары қалыптасады. | |||
Негізгі сөздер мен тіркестер: Қайнау үдерісі, булану, конденсациялану | ||||
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы бірліктер: | ||||
Талқылауға арналған тармақтар: Қайнау үдерісі, заттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруі | ||||
Сіз неліктен ...екенін айта аласыз ба? Заттардың күйлерін ажырата білу маңызды | ||||
Жазылым бойынша ұсыныстар: Заттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруіне сипаттама жазады | ||||
Алдыңғы оқу | Физикалық құбылыстар, заттардың агрегаттық күйлері | |||
Жоспар | ||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар | ||
Басталуы 3 мин 3 мин
| 1)Ұйымдастыру Мақсаты: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру, табыс тілеу. Психологиялық ахуал тудыру үшін «Көтеріңкі көңіл күй сыйла» тренингі. 2) Үй тапсырмасын сұрау «Қай тұжырым дұрыс?» әдісі Ж. Мақсаты: Өз ой-пікірлерімен санаса білу, пікір алмасу, көзқарастарын бөлісуде белсенді жағдай орнату Оқушы әрекеті: Сұрақтарға жеке-жеке жауап береді. Бұрын игерілген білімді қолданады 1. Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі химиялық құбылыс (+)
2. Жай заттардан күрделі зат алу әдісі анализ деп аталады (-) 3. Сұйықтың қатты күйге өтуі қайнау деп аталады (-) 4. Заттардың 4 агрегаттық күйі бар (-) 5. Сұйық заттың газ күйіне айналуы булану деп аталады (+) 6. Заттарды бір күйден екінші күйге ауыстыруға болады (+) 7. Қатты заттар пішіні мен көлемін сақтамайды (-) 8. Сұйық куйдегі заттардың молекулалары бір-біріне жақын болғандықтан, оларды сығу қиын (+) 9. Газ молекулалары еркін қозғалады, сондықтан газдың пішіні болады (-) 10. Диффузия құбылысы арқылы қатты күйдегі заттар молекуласының қозғалысын зерттейді (-) 11.) Бұлттың түзілуі физикалық құбылыс (+) 12. Ағаштың жануы химиялық құбылыс (+) 13. Айранның ашуы физикалық құбылыс (-) 14. Қыраудың басуы химиялық құбылыс (-) 15. Шаштың ағаруы физикалық құбылыс (-) 16.Қорғасынның балқуы химиялық құбылыс (-) 17. Темірдің тот басуы химиялық құбылыс (+) 18. Балқу, агрегаттық күйдің өзгеруі физикалық құбылыстың белгісі(+) 19. Заттардың түсінің өзгеруі, иісі бөлінуі, газ түзілуі физикалық құбылыстың белгісі (-) 20. Тұнбаның түзілуі, жарық пен жылудың бөлінуі химиялық құбылыс тың белгісі (+) |
Үлестірмелі таратпалар | ||
Ортасы Жаңа сабақ 5мин
15 мин
7 мин
5 мин | 3. Жаңа сабаққа дайындық: «Миға шабуыл» әдісі Ұ.Ж. Мақсаты: Өз ой-пікірлерімен санаса білу. 1) Зат қандай физикалық процестерге ұшырауы мүмкін? 2) Заттардың агрегаттық күйлері өзгергенде заттарда қандай процестер жүзеге асуы мүмкін? Оқушылармен бірге заттардың агрегаттық күйлерін әңгімелеу Оқушы әрекеті: сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтайды, табыс критерийлерімен танысады, мұғалім қойған мәселелерін шешеді 4. Жаңа сабақты оқып үйрену. 5-зертханалық жұмыс. «Судың қайнау процесін зерттеу» (Ж; ЖЖ) Мақсаты: тақырыптың мағынасын ашады. Оқушы әрекеті: Оқушылардың жұптасып жұмыс жасайды, тұжырым жасайды, теориялық материалды, экспериментті талдайды, қорытынды жасайды, өз жұмыстарын қорғайды Мұғалім әрекеті: ҚТ ережелерін талқылайды. Жұптар жұмыс істеуіне, эксперимент жүргізуіне бағыт беріп, көмектеседі Жұмыс барысы: 1. а) 50 мл суды колбаға құйып, спиртшаммен қыздыру ә) Температураның өзгеруін әр минут сайын өлшеу б) Судың қайнау диаграммасын сызу 2. а) 50 мл су құйып, 1 ас қасық ас тұзын салып араластыру, қайнату ә) Температураның өзгеруін әр минут сайын өлшеу б) Ерітіндінің қайнау диаграммасын сызу 5. Бекіту «Сұрақтар шеңбері» (Ж; ЖЖ) Мақсаты: тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау. Оқушы әрекеті: Оқушылар материалды талдайды, нәтижелері бойынша тұжырым жасайды, стикерлерге сұрақтар жазады, сол сұрақтарға жауап алады Мұғалім әрекеті: ҚТ ережелері туралы білімдерін тексереді. Қажет болған жағдайда жауаптарды түзетеді 6. Қорытындылау Мақсаты: оқушылардың оқу барысындағы өзін-өзі бағалауы. Кері байланыс (Не үйрендім? Не қиын болды? Сабақтың қай бөлігі жеңіл болды?) Сабақтан алған әсерлері мен тілектерін стикерлерге жазады. Бағалау: формативті бағалау, топтар бас бармақ көрсету арқылы бағалайды. |
Интербелсенді тақта (басбармақ арқылы формативті бағалау)
Жазу дәптері, оқулық,
Термометр, 50 мл колбалар, спиртшам, милиметрлік қағаз, су, ас тұзы, қасық
Оқулық, стикерлер
Үлестірмелі таратпалар
| ||
Аяқталуы 2 мин
| 7. Үйге тапсырма: §2-3.тақырыпты оқу, қайталау Үй жұмысының ерекшеліктерін түсіндіреді. Оқушы әрекеті: Күнделіктеріне жазады | Оқулық Күнделік |
Қыздыру үдерісі. 5-зертханалық жұмыс. «Судың қайнау үдерісін зерттеу»
7-сыныпқа арналған Қыздыру үдерісі. 5-зертханалық жұмыс. «Судың қайнау үдерісін зерттеу» тақырыбының сабақ жоспарын ұсынып отырмын. Бұл жоспарда оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілген. Соған сәйкес әдіс- тәсілдер алынған. Бұл жоспар жас мамандар үшін жақсы үлгі жоспар екеніне сенімдімін
Нуралиева Алтынкуль Зайлашовна
11.06.2019
-80%
Курсы повышения квалификации
Интерактивные методы в практике школьного образования
Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Получите комплекты видеоуроков + онлайн версии
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қыздыру үдерісі. 5-зертханалық жұмыс. «Судың қайнау үдерісін зерттеу» (25.53 KB)
0
956
11
Нравится
0