САБАҚ ЖОСПАРЫ, 1-тоқсан
5-сынып, 2-сабақ,күн реті:
Сабақтың тақырыбы: Қысқа қағыспа айтыс
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының айтыс өнеріндегі қысқа қағыспа айтыс өнері жайында мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: Айтыстың түрлері мен таныстыру.
ә)Дамытушылық: Айтыс пен жырды орындау барысында барлық ережелерді сақтау, дауыс баптау жаттығуларын жетік меңгерту
б)Тәрбиелік: Айтыскер ақындар мен жыршы жыраулардың өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,орындау мәнерімен танысу
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,сергіту сәті, топпен жұмыс, пікірталас
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, белсенді тақта,бейнекөріністер, сазгерлердің портреттері, домбыра ,баян, фортепиано
Музыкалық материалдар:
Ән үйрену: Ақан сері «Қара торғай»
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу (әндете) оқушыларды түгендеу
3.Жаңа сабақ.
Айтыс - қазақ халқының ең жақсы көретін өнер түрі. Айтыс – екі ақынның бір-бірімен өлең-сөз арқылы жарысуы деп алдынғы сабағымызда айтқанымыздай, айтыстың барлық түрi екiге бөлiнедi. Бiрiншiсi - түре айтыс, екiншiсi - сүре айтыс. Соның ішінде біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз түре айтысы жайында болмақ.
Ақындардың бiр – бiр ауыз өлеңмен қысқаша жауаптасуын түре айтысы деп атаймыз. Түре айтысты атақты ақындармен қатар айтысты жаңа үйреніп жүрген көпшiлiк те қолданған. Түре айтыс - айтыстың шапшаң жауаптасу түріжәне де түре айтыс жас желеңді айтысқа төселдіреді.
Ақындардың аяқ астынан бір-бірімен сын-сықақ ретінде ұтқыр жауаптасуын қағыспа айтыс дейміз. Қағыспа айтыс ақындардан тапқырлық пен шапшаң ойлауды талап етеді. Сондықтан ақынның ойы ұшқыр, тілі жүйрік болуы қажет.
Ал түре айтысына қарама-қарсы бағытта орындалатын , суырып салма өлеңдерге әбден төселген, нағыз ақындардың ұзақ сөйлеп айтысуын – сүре айтыс деп атаймыз. Сүре айтысында көбінесе ел жағдайы, халық тағдыры, ру намысы сөз болады.
4.Шығармашылық жұмыс: (дауыс баптау)
5.Жаңа ән үйрену: Ақан сері «Қара торғай»
Келеді қара торғай қанат қағып
Астына қанатының маржан тағып
Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің
Айырылдым қапылыста сенен нағып
Қайырмасы:
Қара торғай
Ұштың зорға-ай
Бейшара, шырылдайсың
Жерге қонбай
Ертістің аржағында бір терең сай
Сүйреткен жібек арқан тел қоңыр тай
Ағаштың бұтағына қонып алып
Сайрайды таң алдында қара торғай
6.Сабақты қорытындылау сұрақтары:
Айтыс деген не?
Айтыс қандай түрлерге бөлінеді?
Түре айтыс дегеніміз не?
Сүре айтыспен кімдер айтысқан?
7.Үйге тапсырма:
Айтыс өнері, айтыстың түрлері: сүре, түре, қағыспа айтыс.
8.Бағалау