Сабақтың тақырыбы: Қыс.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Балалардың қыс мезгілінің белгілері туралы түсініктерін арттыру.
Түзете-дамытушылық: Қыста ойналатын ойындар қыс қызығын арттыра түсетінін түсіндіру.
Тәрбиелік: Қысқы ойындардың пайдасын түсіндіру арқылы спортты сүюге баулу.
Көрнекі-құралдар:қар кесегі, аққал суреттері.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:көрсету, түсіндіру,ойын.
Сабақтың барысы:
«Сырғанақ» өлеңі оқылады.
Сырғанаққа мығымбыз,
Шыныққанбыз, шымырмыз.
Таудан төмен сырғанап,
Біз тебеміз сырғанақ.
Қыс мезгілінде болатын құбылыстарға тоқталып,әр айдың ерекшелігін айта келе, қысқы ойындар туралы түсінік беру.
Сергіту сәті.
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.
Тапсырма
Жұмбақ.
Қыста шыны боп қатады, Жылыда су боп жатады. (Мұз)
Қыс мезгілінің айларын ата.
“Ормандағы қызықты оқиға” сурет салу
“Қысқы ойындар” түсті қағазбен жұмыс.
Қорытынды:
Қыс мезгілінің ерекшелігін білуі.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.