Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  4 класс  /  Қуаныш - жан шуағы

Қуаныш - жан шуағы

?зін-?зі тану п?ніні? 4 сыныпты? "?уаныш - жан шуа?ы" атты саба? жоспары. Саба? барысында балалар к?нделікті ?уаныш сыйлау керек екенін ма?ынасын т?сінеді

27.12.2016

Содержимое разработки

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп_____________________ Мерзiмі: ______2016ж. Сабақ: №12

Тақырып: Қуаныш жан шуағы

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Қамқорлық, сыйластық, жанашырлық

Мұғалiм: ____________________________

Сынып: 4 Оқушы саны:

Сабақ мақсаты: Оқушыларға қуаныштың жан шуағы екенін түсіндіріп, сүйіспеншілік құндылығын дамыту.

Міндеттері:

  • Білімділік: Оқушыларға қуаныш сыйлау, жанашырлық жасаудың мәнін түсіндіру;

  • Дамытушылық: Оқушылардың бір-бірлеріне қамқорлық жасау, сыйласу іскерліктерін дамыту;

  • Тәрбиелік: Оқушыларды қамқорлыққа, сыйластыққа және жанашырлыққа тәрбиелеу.


Ресурстар: (құрал, мәлiметтер) үнтаспа,қағаз, оқулық, дәптер.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

«Өзін - өзі тану» сабағының «5Т» ережесін еске түсіру.



Тыныштық сәтi.

«Орманға саяхат» 
 

 Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.





Баяу әуен

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтың 58-бетіндегі В.А.Сухомлинскийдің «Балалардың көз қуанышы» әңгімесін оқу.

Сұрақтар:

1. Кішкентай бала табиғаттың сұлулығын неліктен байқамады?

2. Қарт адам балаға не айтуы мүмкін?

3.Өздерің айналадағы әсемдікті байқайсыңдар ма?


3.Дәйексөз

Қуаныш – өмір шаттығы.

Халық нақылы



 Күлімдеп, ақжарқын жүретін адамның көңіл-күйі үнемі жоғары болады. Ал ондай көңіл-күй жаныңды сау етеді. Жаның сау болса, денің сау болады. Денің сау болса жақсы еңбек ете аласың. Жақсы еңбектің нәтижесінде адамдар бақытты, молшылықта өмір сүреді. Сол себепті де халық даналығында «Қуаныш-өмір шаттығы» деп айтқан болатын.

Сыныптағы қыз балалар – 2 рет, ұл балалар – 2 рет және

Барлық оқушылар 2 рет қайталап оқиды. Дәптерлеріне жазып алады.



  1. Әңгiмелеу

Бейнеролик тамашалау

 
Сұрақтар: 
1.Себепсіз гүл сыйлауған кезде қандай өзгеріс байқалды?

2. Көңілсіз жүргенде табиғат қандай болды?

3. Көтеріңкі көңіл күйдің қандай нәтиже берді?

4. Өздерің себепсіз сыйлық жасайсыңдар ма? 



«Просто так»


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс


Суретпен жұмыс. Оқушыларға кітаптағы сурет арқылы сөйлем құрастыру тапсырылады.


Ойын-жаттығу «Көршіңе қуаныш сыйла»
Оқушыларға әдемі етіп жасалған түрлі гүлдің, жүрекшенің, көбелектің кескіндері таратылып беріледі.
Олар оның екінші бетіне қатар отырған сыныптасын қуантатын сөздер жазып, жария етеді және сыйға тартады.
Ойын-жаттығу соңында оқушылар өз әсерлерімен және сезімдерімен бөліседі.

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, қорытындыланады.


Дәптермен жұмыс



  1. Топпен ән айту

«Айгөлек»

Сөзі: Н. Баймұхамедов
Әні: Б. Байқадамов
Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында.
Кемерінен шалықтап,
Асып жатқан шағында.
Ойын ойнап, ән салмай,
Өсер бала болар ма?
Күміс күлкі көрмей ол,
Кемеліне толар ма?
Қайырмасы:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.

Айгөлек деп ән шырқа

Ел бөбегі кел бөбек


Асыл сөздің ұстазы

Ақын болар ұрпақпыз

Өнер, білім, еңбекке,

Жақын болар ұрпақпыз

Он саусағы майысқан

Шебер болар ұрпақпыз

Тұла бойы толған бір

Өнер толған ұрпақпыз


Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.

Айгөлек деп ән шырқа

Ел бөбегі кел бөбек



  1. Үй тапсырмасы

Оқулықтың 63-бетіндегі «Мақтаншақ жолбарыс» ертегісін оқу.



  1. Соңғы тыныштық сәтi

Балалар бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізде сақтап алайық. Сабаққа белсенділік танытып, қатысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!












-75%
Курсы повышения квалификации

Система работы с высокомотивированными и одаренными учащимися по учебному предмету

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қуаныш - жан шуағы (20.6 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели