Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  1 класс  /  Құстардың оралуы

Құстардың оралуы

Саба?ты? та?ырыбы:

??старды? оралуы

Саба?ты? ма?саты:

Балалар?а к?ктем мезгіліндегі ??стар тіршілігіні? басты ерекшелігі, соны? ішінде ??старды? ту?ан жерге оралуы туралы т?сінік беру.

Сабактын міндеттері:

Білімділік: Жыл ??старыны? к?ктемде ту?ан жерге оралуы, балапандарына ?ам?орлы?ы туралы т?сіндіру, ??старды? т?рлері туралы білімдерін толы?тыру;

Дамытушылы?: ?з бетінше шы?армашылы?пен ж?мыс істеуге баули отырып, ой-?рісін, дамыту, д?ниетанымын ?алыптастыру;

Т?рбиелік: Ынтыма?таса отырып топта ж?мыс істеуге, ??старды ?ор?ау?а, аялау?а, ?ам?ор болу?а т?рбиелеу.

08.12.2016

Содержимое разработки

Күні: 05.05.2016ж.


Пәні: дүниетану

Сынып: 1 «А»

Мұғалім: Минбаева Л.Е.

Сабақтың тақырыбы:

Құстардың оралуы

Сабақтың мақсаты:

Балаларға көктем мезгіліндегі құстар тіршілігінің басты ерекшелігі, соның ішінде құстардың туған жерге оралуы туралы түсінік беру.

Сабактын міндеттері:

Білімділік: Жыл құстарының көктемде туған жерге оралуы, балапандарына қамқорлығы туралы түсіндіру, құстардың түрлері туралы білімдерін толықтыру;

Дамытушылық: Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, ой-өрісін, дамыту, дүниетанымын қалыптастыру;

Тәрбиелік: Ынтымақтаса отырып топта жұмыс істеуге, құстарды қорғауға, аялауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Аралас

Әдіс-тәсілдері:

Баяндау, түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, тапсырмалар, «Синквейн», «Құндылықтар спектрі», «Төртіншісі артық». «Крестиктер-нолдіктер»

Пәнаралық байланыс:

сауат ашу, математика

Жұмыс формасы:

Топтық, жеке жұмыс

Оқудың нәтижелері:

Жыл құстарының табиғаттағы тіршілігімен танысады, басты ерекшелігін, балапандарына қамқорлығын, олардың түрлерін біледі.

Сабақтық құрал-жабдықтары:

A3 форматты қағаздар, маркерлер, интербелсенді тақта, бейнеролик, стикерлер

Көрнекілігі:

Құстардың, ағаштың суреттері, геометриялық пішіндер, үлестірмелі материалдар, кеспе сөздер, кестелер, бағалау смайликтері

Модульдердің кірітілуі






Сабақ барысы:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, Бағалау, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқушыларды жас ерешеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқытудағы басқару және көшбасшылық.




Сабақтың кезеңдері:

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар, көрнекіліктер

І. Білу



10 мин

3мин






















7мин


1. Сабаққа жағымды психологиялық ахуал туғызу

2. Стикерлер арқылы 4 топқа бөліну

Жұмбақ жасыру арқылы топ атын беру

Өз топ атын қорғату

Көкек, қарлығаш, көкек, тырна, қараторғай

Ал, құрметті халайық,

Сабағымызды бастайық.

Жұмбақ шешімін табайық,

Топтың атын қояйық.


Жұмыртқасын өзі баспай,

Басқа ұяға жасыратын,

Өзін-өзі әйгілейтін қандай құс,

Оңайға бас ұратын? (Көкек)


Екі айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты,

Ұшқырлардың жүйрігі.(Қарлығаш)


Сирағы ұзын, Тырнағы ұзын,

Балықты сүзбей, Ұстайтын шоқып,

Тұмсығы біздей. (Тырна)


Ұзақ тектес қара құс, Шіркей жеп,

Ауыл маңынан ұзап кетпес құс. (Қараторғай)

-Жақсы олай болса біз осы құстарды қарсы алуға дайынбыз ба?

Үй тапсырмасын тексеру.

-«Құстарды ағашқа қондыр» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Жұмыртқалармен бағалау.

Өткен тақырып бойынша қорытынды

шығарту.

-Қалай ойлайсыңдар, мал мен жабайы аңдардың көктемгі тіршілігінде айырмашылықтар бар ма?

Сенің ой қорытындың?

1. Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне сәттілік тілейді

2.Стикерлер арқылы 4 топқа бөлінеді.


Жұмбақтардың шешуін табады.


Топ атын қорғайды.

Жұмбақтың шешуі болған құс туралы қысқаша мәлімет береді.

















Құстарды ағашқа қондыру арқылы арқылы үй тапсырмасын пысықтайды

(Сұрақтарға жауап береді)


Өз ойларын айтып, өткен сабақты қорытындылайды



Түрлі-түсті стикерлер



слайдтар























Сұрақтары бар құстар, ағаш, орманның суреті

Жұмыртқа смайликтер



ІІ. Түсіну


10 мин

Балалар, мына құстар қайда оралды деп ойлайсыңдар?

Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады екен?

Осы тақырыпқа байланысты бүгінгі сабақта қандай мақсат қойғымыз келеді?

Жаңа тақырыпты жариялатамын.

Сабақ мақсатын анықтатамын.

Мұғалім түсіндірмесі:

Бүгін балалар сендермен қанатты достарымыздың туған өлкеге оралуы жайлы әңгімелейміз.

-Балалар, көктем келісімен ауа-райы қалай өзгереді? -Күн жылынады.

Күн жылынған жер қайтеді? -Қар еріп, жер жұмсарады.

-Топырақ жұмсарған жерге соң не шығады? Өсімдік, алғашқы гүлдер.

-Ал, гүлдер шыққан соң, нелер пайда болады? Бунақденелілер

-Бунақденелілер, яғни азық көбейген соң туған өлкемізге нелер оралады? Құстар

Дұрыс, балалар. Ол құстар қайдан оралады? Ыстық өлкелерден.

-Ал, ол құстар неліктен туған өлкелерін тастап ұшып кетіп еді? (Азықтың болмауы)

-Енді неге қайта оралды? (Азық пайда болды: өсімдік, бунақденелілер, балық)

-Дұрыс балалар, әрбір жыл құсы уақыты келгенде туған өлкесіне қайта оралады.

Ең алғаш, күзде кеш ұшқан құстар оралады. Тырналар – сүйір бұрыш тәріздес, ұсақ құстар – шашыраңқы жаппай ұшады екен. Ұзақ, қараторғайлар ең алғаш оралатын құстар. Қарлығаштар мамыр айының ортасында ұшып келеді екен.

Одан соң тыраулап тырналар да келеді. Барлық жыл құстары келе сала ең алдымен неге кіріседі? Ұя салуға

Кіріспе сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа сабақтың тақырыбын жариялайды.

Сабақтың мақсатын анықтайды.







Жетелеуші сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыптың мазмұнын ашады

Сұрақтарға жауап береді, жаңа тақырып мазмұнын ашып, мәлімет алады












Кеспе сөз, сөйлемдер




Слайдтар








ІІІ. Қолдану



10 мин



Мәтінді 4 бөлікке бөліп, ресурс түрінде әр топқа таратып беру

Өз бетінше оқу, түсінік айту, мәтінге ат қою

Сергіту сәті. «Қарлығаш»

Әр топ өздеріне тиісті мәтін бөліктерін оқиды, мазмұнын баяндайды, мәтінге ат қояды

Ресурс түрінде таратылған мәтін бөліктері

ІV. Талдау


10 мин

І топ: «Құндылықтар спектрі»

ІІ топ: «Төртіншісі артық»

ІІІ топ: «Крестиктер-нолдіктер»

ІV топ: «Синквейн» құрастыру

Берілген тапсырманы бірлесіп орындайды

Тапсырмалар жазылған үлестірмелі қағаздар, суреттер,

V.Жинақтау

5мин

Құстардың оралуы жайлы бейнеролик көрсету.

Балалар, туған өлкесіне оралған құстарға қалай қамқорлық жасасақ болады деп ойлайсыңдар? Ұя жасау. Сұрақтарға жауап бере отырып, геометриялық пішіндерден ұя құрастыру.

Бейнеролик сюжеті бойынша алған әсерлерін, өз ойларын айтады

Көктемгі құстарға сұрақтарға жауап бере отырып, ұя құрастырады

Интербелсенді тақта, бейнеролик


Геометриялық пішіндер

VI. Бағалау

Кері байланыс

4 мин

-Егер табиғатта құстар болмаса табиғатқа, өсімдіктерге не болар еді деп ойлайсыңдар?

-Қалай ойлайсыңдар, адам құстарға не істеуі керек және нені істемеу керек?

Экологиялық минут

-Парталарыңда бүгінгі сабақтан естелік ретінде құстың суреті тұр. Қазір мен сөйлемдер оқимын, менімен келіссеңдер құстарыңды көтеріңдер. Ал, келіспесеңдер тыныш отырасыңдар.

-Құстарға қолдан ұя жасау.

-Құстарды айырағашпен, таспен ату.

-Құстарға, жем, дән беру

-Балапанын алып кету

-Ұясын бұзу.

-Ауру немесе жараланған құсқа көмек беру.

-Балалапандарды мысықтан, бұзық балалардан қорғау.

Құстар-біздің досымыз,

Құс ұясын бұзбаймыз.

Ұя жасап ұқыптап,

Біз оларды қорғаймыз.

Құстарда да ана бар,

Құстарда да бала бар!


Топтық, жеке бағалау жүргізу

Жұмыртқаларды санаты.

Бояғыштарды тарату

Сұрақтарға жауап бере отырып, сабақты бағалап, қорытындылайды










Құстардың суреті






Жұмырқа-смайликтер

Бағдаршам

Үй тапсырмасын беру

1мин

«Құстардың оралуы» тақырыбын оқу,мазмұндау. Ұнаған құстың суретін салу

Күнделіктеріне жазып алады.

Берілген тақырып бойын -ша шағын әңгіме жазады

Күнделік




 



-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Құстардың оралуы (24.65 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели