Мектеп жасына дейінгі № 42 жалпы білім беретін орта мектеп
Құқықтық сауаттылық – заман талабы.
5 Б сынып жетекшісі : Беккожаева Г.Н
ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Тәрбие сағатының тақырыбы: Құқықтық сауаттылық – заман талабы.
Мақсаты:Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру
Түрі: Кездесу, пікірталас
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөздер
Жүру барысы:
І Психологиялық тренинг
ІІ Құқық туралы жалпы түсінік
ІІІ Сенің құқығым – менің құығым (Оқушы құқығы)
IV «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)
V Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап)
VI Ойды аяқта (мақал-мәтелдің жалғасын табу, түсінік беру)
VII Қорытынды
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты пікірталас кешімізге қош келдіңіздер!
Пікірталастың негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
І Психологиялық тренинг Пікірталасымызды бастамас бұрын бір-бірлеріңізге деген қарым – қатынастарыңызды ізгілендіру мақсатында біз мектеп психологымен бірлесіп, тренинг дайындаған болатынбыз.
1. Ақ парақ берілген. Дәл ортасында дөңгелек қара ноқаты бар. Осы суреттен не көріп тұрсыздар, соны суреттеп берсеңіздер. (бұл тренингте аққа қарағанда қара түс тез көзге шалынады. Сондықтан ақ жақсылықтың белгісі болғандықтан оны көре білуіміз керек)
ІІ Құқық туралы жалпы түсінік
Енді құқық жөнінде жалпы түсінік бере кетсек. Интерактивті тақтаға назар аударыңыздар
Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз. Әлеуметтік норма
Құқық Мораль
Мұғалімнің Заң туралы кіріспе сөзі
Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет.Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,ойлау қабілеттерін дамытады,өз пікірін айтуға,тұжырым жасауға үйретіп,патриоттық тәрбие береді. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек.Адам түрлі жағдайда өмірсүреді:отбасында,жұмыста, мектепте,көпшілік жерде.
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол.
Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.
Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың.
Әнұран орындалады. (сынып ұжымы)
1. «Бала құқығы туралы халықаралық конвенция»
Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады.
Конституция- елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олой болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне, сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. Міне, осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады.
Көрініс: « Сыныптағы оқиға»
«Біз неге құқылымыз?» сұрақ-жауап ойыны.
1. Құқық деген не?
- Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы.
2. Құқық немен қорғалады?
- Заңмен қорғалады.
3. Адам құқығының қорғалуы қай елде бастау алған? 1789жылы. Францияда.
4. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?(БҰҰ. )
5. БҰҰ-ның мақсаты не?
- Әлемде бейбітшілікті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау.
6. Қазақстан БҰұ-на қашан мүше болды?
- 1992жылы. 2-наурыз.
7. БҰҰ адам құқығына байланысты қандай халықаралық шарттар қабылдады?
- Бала құқығы туралы конвенция.
8. Бала болып кімдер саналады?
- 18 жасқа толмағандар бала болып саналады.
9. Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды?
- 1995жылы Нью-Йорк қаласында 156 мемлекет болып қол қойды.
10. Деклараци деген не?
- Үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның аса маңызды мәселесі.
11. Құқық туралы заңдарды қандай орган шығарады?
- Парламент шығарады.
12. Адам құқығы қандай жағдайда бұзылады?
- Соғысып жатқан елдерде.
13. Адам құқығы жат елдерде жүрсе қалай қорғалады?
- «Әр адамның құқығы қайда жүрсе де заңмен қорғалады» деп Декларацияның 6-бабында айтылған.ІІІ. Сенің құқығың – менің құқығым. Бұл кезеңде оқушылар өз құқықтары жөнінде жөнінде айтып өтеді
1-оқушы: 10 бап
Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы
2-оқушы:
Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.
3 оқушы: 9-бап
Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы.
Бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, біліміне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы.
3-оқушы:11 бап
Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.
4-оқушы 12 бап
Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ
5-оқушы 19 бап
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
6-оқушы 30 бап Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
7 – оқушы 19 бап
Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар.
Өз құқықтарыңызды айтып өттіңіздер, қандай міндеттеріңіз бар соған тоқталып өтсек (оқушылар өз міндеттерін айтады)
ІҮ «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)
Көшедегі көрініс
Оқушы: Дидар бүгін тойға барасыңба ?
Оқушы: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайык, той қызықтаймыз деген. Саған хабарласқан жоқ па?
Оқушы: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
Оқушы: Кеттік, жолшыбай Бекжолға соға кетейік, ол да барар мүмкін.
Оқушы: Бекжол, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
Оқушы: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Оқушы: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң жібермей қалады.
Оқушы: Жоқ, балалар, мені жібермейді бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бірнәрсеге душар болармыз.
Оқушы: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме.?
Оқушы: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?
Құрметті ата-аналар осы жағдайға байланысты сіздердің пікірлеріңізді білсек.
Ата – ана қай жерден қате жіберіп отыр?
Мектеп психологы Қисықова Алия апайға мынадай сұрақтар қойсақ
1. Мектеп жасындағы балалардың мінез-құлқының ауытқуына қандай жағдайлар әсер етеді?
2. Кәмелетке толмаған мектептегі «қиын» балалар туралы не айтар едіңіз?
3. Сыныбымыздағы мінез-құлқын қалай бағамдар едіңіз? Оның кейбір іс- әрекеттерінен ауытқушылық байқалмай ма?
Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Иса ағайымызға бірер сауалдар қойсақ. Мектептің ішкі ережесі жөнінде түсінік бере кетсеңіз.
1. Оқушылар мектеп ішкі ережесін қай деңгейде сақтап жүр?
2. Мектеп ішкі ережесін сақтамайтын оқушыларға қандай шаралар қолданады, оны болдырмаудың жолдары қандай?
ҮІ. Ойды аяқта (мақал-мәтелдің жартысын тауып, түсінік беру)
1. Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)
2. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
3. Ұрлық түбі ... (қорлық)
4. Өтірікшінің құрығы...(бір-ақ тұтам)
5. Тура биде ... (туған жоқ)
6. Туғанды биде ... (иман жоқ)
7. Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен
көтер)
8. Тек жүрсең ... (тоқ жүресің)
9. Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді)5. «Сен білесің бе?» сұрақ-жауап.
1) Біздің мемлекет – ҚР. ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. б) Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба. в) Елорда – Астана. г) ҚР кім басқарады? – Президент.
2) Конституция – бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.
3) Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.
4) Құқық немен қорғалады? -Заңмен қорғалады.
5) Құқық – мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен әрбір адамға берілген ерік, бостандық.
6) Бала құқығын қорғау туралы заң қанша бап,қанша тараудан тұрады?
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.
-Сонымен,қорытындылай келе,біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай,ешкімнің ала жібін аттамай,өзқұқығымыздыда,өзгеніңқұқығын да бұзбай,тәуелсіз еліміздің арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қызы болып өсейік!
ҮІІ. Қорытынды
Бүгінгі пікірталасымызға құқық қорғау қызметкері, мұғалімдер мен оқушылар басқосуда. Бүгінгі келтірілген статистикалық мәліметтерге назар аудара отырып, проблемалық сұраққа жауап іздесек: Жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру үшін не істеу керек? Қысқа да тұжырымды ой-пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар (оқушылар да өз пікірлерін ортаға салады)
Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік дегім келеді.
Болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі пікірталасымызды аяқтаймыз.