Меню
Разработки
Разработки  /  Химия  /  Планирование  /  7 класс  /  Қосылыстар мен қоспалар

Қосылыстар мен қоспалар

Сабақ жоспары қосылыстар мен қоспаларға арналған. 7 сынып

16.03.2018

Содержимое разработки


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: НЗМ ФМБ Тараз

Күні: 11 – 16.09.2017 Мұғалімнің аты-жөні: Садыкова Ж.Ж.

Сынып: 7 Қатысқандар саны:

Сабақ № 3,4 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Химиялық элемент жөніндегі түсінік

Қосылыстар мен қоспалар

Зертханалық жұмыс №1

Қосылыстар мен қоспалар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.4.1.1 "элемент" ұғымын атомдардың белгілі бір түрі деп түсіну;

7.4.1.2 таза зат атомдардың бірдей түрінен тұратындығын түсіну;

7.4.1.3 жай зат, қоспа және қосылысты ажырата білу;

7.4.1.4 жай зат, қоспа және қосылыс жайлы білімдерін қолданып бейтаныс заттарды анықтай алу;

Сабақ мақсаттары

  • элементті атомдардың белгілі бір түрінен тұратын зат ретінде түсіну;

  • көптеген заттардың химиялық таза емес екендігін және таза заттармен жұмыс жасау қажет екендігін түсіну;

Жетістік критерийлері

  • элемент, қоспа және қосылысты ажырата алу

  • элементті атомдардың белгілі бір түрінен тұратын зат ретінде түсіну;

  • таза зат атомдардың немесе молекулалардың бірдей түрінен тұратындығын түсіну;

  • көптеген заттардың химиялық таза емес екендігін және таза заттармен жұмыс жасау қажет екендігін түсіну;

Тілдік мақсаттар


Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

  • Элемент, қоспа және қосылыс арасындағы айырмашылықты (ауызша/ жазбаша) сипаттау

Пәнге қатысты лексика және терминология

  • элемент, қосылыс, қоспа, (химиялық) реакция, массалық қатынас, атомдар, қоспаларды ажырату, қайтымды, қайтымсыз, қыздыру, сүзу, еріту

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Химия ...........оқытады

Химия пәнін мақсаты........ болып табылады

Химияның міндеттері............

X баламасы/баламасы емес, себебі

Х-ты бөліп алу У-пен салыстырғанда көбірек/азырақ қиындық туғызады, себебі...

Элементтер Хболып табылады/не, бірақ қосылыстар У болып табылады/ не, Х болып табылмайды/ие емес

Қоспалар қосылыстардан қалай ажыратылады?

Х бөліп алу үшін анағұрлым/азырақ қиындық туғызады, неге?

A және B бірге C болып табылады,

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы оқу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану пәнінен , өмір мен байланыстырып еске түсіру

АКТ қолдану дағдылары

Слайд , видеолар көрсетіледі

Бастапқы білім


Дүниетану пәнінен , өмір мен байланыстырып еске түсіру

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақ басында:

Ой шақыру «Сен қалай ойлайсың?»

«Химиялық құбылыстарды ажырату »

- оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін сұрақтар қойылады.

- сабақ тақырыбы мен мақсаттарын анықтау. Химиялық термин сөздермен танысу. Үш тілде аударма жасау.


Слайд

Сабақтың ортасы


Көрсетілім: Оқушыларға темір мен күкірт үлгілерін көрсетіледі (мүмкіндігінше басқа элементтерді, мысалы көміртекті көрсету).

Көрсетілім: Темір ұнтағы мен күкіртті бірге араластыру – темір мен күкірттің нақты пропорцияға ие емес екендігіне көз жеткізу


Топтық жұмыс. Талқылау

Оқушылардың темір мен күкірт қоспасын бөліп алу мүмкіндігін талқылауын сұралады.

Көрсетілім: Егер оқушылар ерітуді ұсынса, мұндай қоспаның құрамы еруге қабілетті емес қосылыстардан тұратындығын айта кету. Егер олардың біреуі магнитті ұсынса, бұл шешімнің тиімді екендігін көрсетіледі.


Зертханалық жұмыс №1

Қосылыстар мен қоспалар. 30 мин

Жұмыс барысы:

А тәжірибесі.

  1. Темір-күкірт қоспасының шағын мөлшерін алу және қатты қыздыру.

  2. Бақылау жүргізу.

В тәжірибесі

  1. Темір жоңқадан, күкірттен және ас тұзынан құралған қоспаны бөлу жоспарын құру

  2. Құрылған жоспарға сәйкес заттардың қоспасын бөлу.


Бақылау сұрақтары:

Қарапайым және күрделі заттарды көрсетіңіз.

Қоспаның қосылыстан айырмашылығы неде?



Оларға бір-бірін тексеріп, өз бақылауларын жазып алуға мүмкіндік беру керек:

- сыртқы түрі

- баяу қыздырылуы

- суда ерігіштігі

- сұйылтылған хлорсутек қышқылымен реакциясы

Оқушылардан химиялық реакцияның жүргендігі туралы қандай дәлелдері бар екендіктерін атаңыздар.


2 оқушыға

Реактивтер: темір жоңқасы -10 г

Күкірт-10г

ас тұзы-10г

су-100мл

Жабдық және ыдыс:

сынауықтары бар штатив-1шт

конусты колба-1шт

спирт шам-1шт

сүзгіш қағаз-4шт

шыны таяқша-1шт

сынауықтардың ұстағышы-1шт

асбест торы-1шт

құйғы-1шт

фарфор табақша-1шт

сіріңкелер-1шт

Сабақты бекіту

Бірін бірі бағалау

Оқушылар бір біріне сұрақтар қою арқылы

  1. Қоспа дегеніміз не?

  2. Таза заттар дегеніміз не?

  3. Бір текті қоспа мен әртекті қоспаның айырмашылығы

Жеке жұмыс Жаттығулар орныдау

  1. Мыналардың ішіндегі таза заттар бар ма, түсіндіріңіз.

а) ауа ә) бұлақ суы б) қар в) мұз

2. таза заттар мен қоспаларды ажыратыңыз

а) бензин ә) мыс сымы б) құм в) ас тұзы г) темір шеге.


Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет


Үй тапсырмасы

Таза заттар мен қоспалар


Бағалау

Оқушылар бір-бірін тексеріп бағалайды

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады.




-70%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель химии

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 4140 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қосылыстар мен қоспалар (28.13 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт