Қызылорда қаласы, №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің
математика пәнінің мұғалімі Минтаева Назира
Сабақтың тақырыбы: Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік
қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды қосудың (көбейтудің) ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектегі қосылғыштардың (көбейткіштердің) орындарын ауыстыру арқылы топтап жазып, ықшамдауға үйрету.Есептің өрнегін құрастырып, ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерді пайдаланып құрастырылғын өрнекті ықшамдап , мәнін табуға үйрету.
Оқушыларды белсенділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, қосудың (көбейтудің) қасиеттерін есеп шығаруда пайдала білу дағдысын, шығармашылық қабілетін, ынтасын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ –жауап, ойын
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, дидактикалық ойындар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу, психологиялық дайындау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Санды және әріпті өрнек дегеніміз не? Мысал келтіру
Өрнектің мәні деген не? Мысал келтір
Коэффициент деген не? Мысал келтір
Қорытындылау, үй есебін тексеру
ІІІ. Жаңа сабақтан түсінік
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті: а+в = в+а
Қосудың терімділік қасиеті: (а+в)+с = а+(в+с)
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті: а*в = в*а
Көбейтудің терімділік қасиеті: (а*в)*с = а*(в*с)
Әр қайсысына мысал келтіріп түсіндіру
lV. Оқулықпен жұмыс
А деңгейінің тапсырмалары
№ 49 (1,2,3,4) №50 (6,7,8,9) №51 (6,7,8,9)
28*15 = 28*(10+5) = 54х-х =х(54-1) =53х 9(2-у) = 18-9у
28*10+28*5 = 280+140 =420 16(2+m) =32+2 m
В деңгейінің тапсырмалары
№59 (1,3) а =3, 7а+15а = 22а = 22*3 =66
х =5, 44х- 18х = 26х = 26*5 = 130
С деңгейінің тапсырмалары
№65 m+n + k = 83 (m+n)+(m+k)+(n+k) =( m+n+ k)+( m+n+ k) = 83+83 =166
V. Қорытындылау Дидактикалық ойын «Баспалдақ»
Тапсырмалар үлестірмелі парақтарға жазылады.
Vl. Үйге тапсырма п. 1.2. №
Vll. Бағалау