Меню
Разработки

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату. Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, ата — аналар! Біз сіздерді Жаңа 2017 жылмен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз. Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық. Тәрбиеші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін Бәрімізге мына жыл арайлы! Құтты болсын ағайын! Жаңа жылың тағы да

08.11.2017

Содержимое разработки

Бекітемін:

Күні:

Тақырыбы:«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
 Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, ата — аналар! Біз сіздерді Жаңа 2017 жылмен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз.
Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.
Тәрбиеші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Шағын орта » тобында!

(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
Қараңдаршы қандай әсем шыршамыз. Қанша ойыншықтар,әдемі жарқыраған шамдар ілінген. Бірақ шамдарымыз жанбай тұр. Неге екен. Кәне бәріміз тақпақ айтып берейік.

Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Тәрбиеші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.
Ән: «Шырша жыры»
Тәрбиеші: Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.


Мейрам: Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттананамыз бәріміз.


Нұрғанат: жүрекке нұрлы жыр құйып

Жаңа жыл тағы келдіңбе?

Жеткендей шыңға бір биік

Қуанғанымды көрдіңбе



Нұрислам: Жаңа жыл,жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Нұрасыл:тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Би: «Өзбек»биі орындайтын Ақбота

Тәрбиеші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)
видео ролик арқылы орманда келе жатқан Аяз атаны тамашалау.
Тәрбиеші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Жаңа жыл келеді.


Ералы: әкелсін жыл ырыс-құт

Әлемде болсын тыныштық

Ән салайық жаңаша

Жаңа жылым тамаша.


Дастан: жаңа жылды қарсы алып

Жасаймыз той жылда біз

Жарқын,жарқын ән салып

Жалғасады жырға жыр.


Серік: той,мереке,салтанат,

Думандатты шартарап

Келді,міне жаңа жыл

Тартуларын арқалап


Би: «Қуыршақтар» орындайтын Балнұр


Сайранбек: жаңа жыл-бұл жаңа жыр

Нұрдан ляззат ала біл

Ақын жазар жаңа жыр

Жырдан тыңда терең сыр

Жаңажылда алдағы

Көңіл өсіп көбейсін

Ортақ ойы арманы

Жақсы дәстүр көбейсін.


Мадияр: Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне,сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.


Би: «Үнді» биі орындайтын Эльнара


Эльнара: Әлде қарлы боранда

Таубасынан түстіме

Аяз ата оралды

Ақ тон киіп үстіне

Ақ қырауға малынған

Сақалыда мұртыда

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына


Ойын: «Кім жеңеді?» (4 орындықпен)


Орыс тілі апай:Здравствуйте, ребята! С Новым годом!

Здраствуй, наша елка

Здраствуй,Дед мороз,


В Лесу Родилась Ёлочка

В лесу родилась ёлочка в лесу она росла

Зимой и летом стройная зелёная была

Метель ей пела песенку спи ёлочка бай-бай

Мороз снежком укутывал смотри не замерзай...


Назым: сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны

Оралама ол енді

Айтар едім өлеңді

Жылдамырақ келсе екен

Бізге ойыны берсе екен.


Мирас:жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айтамыз

Болсын риза балаша

Аппақ атамыз

Билеймізде,ойнаймыз.

Балғын ұл-қыздар,

Жаңа жылда жайнаймыз

Жарқын жұлдыздар


Балнұр: күлкі әкеліпөренге

Қуанышты бар елге

Шаттық шашып әлемге

Жайна,жайна,жаңа жыл.


Кәусар: тілекке қосып тілекке

Күй толтырып жүрекке

Кеуделерге жыр ек те

Шырқа,шырқа,Жаңа жыл!


Би: «Үнді» биі Назым

Ойын:Жаңа жылдық сайыс

Қалпаққа бір-бірден сөздер жазылған қағаздар салынады. Ойыншылар бір-бірден қағазды алып,өлең немесе тақпақ айтуы керек. (шырша,мұз,қар,аяз ата,ақшақар)


Қайсар:О,Жаңа жыл,кел төріме

Күттік сені қанша біз

Қуаныштың желкенінде

Тербеледі еліміз.

Тәрбиеші:- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын мешін жылымыз қайда?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.
- Ау, мешінжан сенімен де қоштасатын кез келді. Мына жұртшылықтың ризашылықтарын тыңда.
(Ата - аналармен сұхбат.)

Нұрғанат:Сау болыңдар балалар

Келешегі халқымның

Ашық болсын аспаның

Аман болсын жас-кәрің.
Тәрбиеші: - Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!

Мейрам:Жаңа жыл

Жақсылыққа бағытталған

Боламын мен Жаңа жыл

Жаңа жылға бәріңіз

Жаңа үмітпен қараңыз

Қабыл алдым аманат

Жасаймын мен әркез

Аманатқа қиянат.

Жаңа жылдың өнерін тамашалайық. « Балапан биі»

Айкын:Жаңа жыл бірлік берсін елімізге
Береке ырыс келсін жерімізге
Қыспақты пейіліміз жеңіп шығып
Қуаныш шашу шашсын төрімізге

«Ұлпақарлар» биі қыздар тобы


ағылшынша құттықтау би санта клаус биі

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!








































А.Иманов атындағы негізгі орта мектебі











Тақырыбы:



«Қош келдің, Жаңа жыл!»



ертеңгілік















Тәрбиеші: Б.Темиртасова








2016-2017 оқу жылы





-80%
Курсы повышения квалификации

Организация профилактической работы по ВИЧ-инфекции: формы и методы работы

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Қош келдің, Жаңа жыл!» (19.79 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт