Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Мероприятия  /  Дошкольникам  /  "Қош бол, сүйікті балабақшам!"

"Қош бол, сүйікті балабақшам!"

Балабақшадағы ересектер тобына арналған "Қош бол, сүйікті балабақшам" атты ертеңгілік.

10.04.2018

Содержимое разработки

«Қош бол, сүйікті балабақшам»

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ата-аналар! Бүгін бізде үлкен мереке,балабақша табалдырығын тәй-тәй басып кішкене ғана сәби болып келген балаларымыз міне бүгін балабақшамен қоштасқалы отыр. Бүгінгі бүлдіршіндеріміздің шағын ғана мерекелік ертеңгілігімізді тамашалаңыздар. Қошеметпен түлектерді қарсы алыңыздар!

Музыка залына балалар музыка ырғағымен кіріп, вальс билейді.
Жүргізуші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып,қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Салих: Біз бақытты баламыз,
Жетіліп ой санамыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Бал күндерді қиялдап,
Сағынамыз әлі-ақ біз.

Амира: Қуанамыз, сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Бақшамызды қимаймыз,
Қоштасатын күн бүгін.

Альбина:Қош балалар бақшасы,
Естен кетпес есімің.
Қош балалар бақшасы,
Алғаш ашқан есігім

Әділ: Баулап баптап өсірген,
Балалық етсек кешірген.
Әлпештеп бізді баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған.
Ұмытпаймыз өзіңізді,
Ұмытпаймыз сөзіңізді

Ән «Мектебім аяулы мектебім»

Арлан:Метепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.





Камила:Бақша біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып білім аламыз.

Илияс:Талай - талай баспалдақты аттармыз,
Ата - ананың үмітін де ақтармыз
Тәрбиеші сізден алған ақылды
Есімізде өмір бойы сақтармыз.

Зарина:Өсіп ой мен санамыз
Өмірге жол саламыз
Білім қуған баламыз
Біз оқушы боламыз.

Жүргізуші: Өнер десе өрілген,

Биіктерден көрінген

Бишілерді шақырамын

Мың бұралған биімен!

Би: «Туған жер» (девочки уходят на латино переодеватся)
Жүргізуші: Өсті міне бойларың

Өсті міне ойларың

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

Балалар қараңдаршы бізді мерекемен құттықтауға қонақ келе жатыр.

(музыка ырғағымен Білім ханшайымы кіреді)

Білім ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, менің достарым! Қуаныштарыңа ортақпын. Сендердің мектепке баратындарыңды естіп келіп қалдым. Мектепке даярлықтарыңды тексеруге келдім. Балалар мектепке дайынсыңдар ма?

Балалар: Ия, дайынбыз!

Жүргізуші: Әрине, Білім ханшайымы, балалар мектепке баруға дайын.

Оны өзіңіз тексеріп көріңіз.

Білім ханшайымы: Жақсы, ендеше. Менің сендерге әкелген біраз тапсырмаларым бар.

Олай болса менің сұрақтарыма «Ия» «Жоқ»деп жауап бересіңдер.
1. Мектепке сендер барасыңдар ма ?
2. Кілең бестік аласыңдар ма?
3. Екі деген баға аласыңдар ма?
4. Мектепте шулайсыңдар ма?
5. Сабақтан қашасыңдар ма?
6. Достарыңмен төбелесесіңдер ме?
7. Сабақта отырып ұйықтайсыңдар ма?
8. Айтқан тілді аласыңдар ма?

9. Үлгілі оқушы боласыңдар ма?
Балалар : «Ия, жоқ» деп жауап береді

Жүргізуші: Білім ханшайымы тағы қандай тапсырмаңыз бар?
Білім ханшайымы: Келесі жұмбақ жасырамын, ал сендер шешуін тауып көріңдер. кітап, қалам, қарындаш, мектеп, бор

Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.

Бірақ сурет салады
(қарындаш)

Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(бор)

Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)

Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)

Бар білімнің бастауы, 
Бар ғылымның бастауы. 
Жас балаға нұр шашқан, 
Қандай кітап тіл ашқан? 
(Әліппе) 
Балалар әріптерді алып сөз құрастырып тұра қалады.

Жүргізуші: Білім ханшайымы, біздің балалар әріптер туралы өлең біледі,тыңдап көр.

Ән: «Әліппе»

Білім ханшайымы: Жарайсыңдар!

Жүргізуші: Ал енді балалардың тақпақтарын тамашала.

Райымбек:Мектеп қамқор анамыз
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз.


Дарын:Жақсылыққа құмармыз

Жақсы адам болып шығармыз.

Таза сәби жүректен,

Балабақшаға мың алғыс!


Ералы:Қолыма гүл аламын
Дайын дәптер қаламым
Таңқалдырып достарымды
Мен мектепке барамын.



Данель:Мектепке енді барамыз,
Оқимыз сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз,
Бақшаға келіп тұрамыз

Білім ханшайымы: Қандай керемет!

Жүргізуші: Білім ханшайымы, біздің балалардың ағылшынша жаттаған тақпақтарымен өлеңін тыңдап көріңіз. (Малика, Томирис)

Ән: Ағылшынша

Жүргізуші: Бишілерде өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп.
Көңілді биді көріңіздер,
Өнерге баға беріңіздер демекші, «Латино» биін тамашалаңыздар. (девочки уходят переодеватся на танец Әсем ән)

Білім ханшайымы: Жарайсыңдар балалар сендердің мектепке дайындықтарыңды көрдім. Сүйкімді балғын бала шақ

                  Сендердікі болашақ

                  Озат болып оқындар

                   Ойға білім тоқындар

Менің сендерге әкелген сыйлығым бар. Сау болыңдар, мектепте жақсы оқыңдар!

Жүргізуші: Ал біздің ертеңгілігіміз жалғасады

Балғын біздің балалар
     Мектепке кетіп барады
     Тақпақ айтып бір – бірден
     Қимай кетіп барады - дей отырып  ортаға балаларды тақпақ айтуға шақырамыз

Расул:Мәпелеген анамыз
Бақша болды панамыз
Мектепке енді барамыз
Оқып білім аламыз.


Т.Айнұр:Қуантамыз, сылаймыз

Бақшамызды қимаймыз.

Биыл күзде мектепке

 Біріншіге барамыз.

Нұрхан:Жеті жасқа толамыз

 Әдепті бала боламыз.

Қуантып ата-ананы,

Мектепке кетіп барамыз.



Әсет:Көңілді өскен баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Тойымызға сән беріп,
Ән де айта аламыз!

Ән: «Оқуда озат боламын»

Жүргізуші: Балаларымыз көңілді
                       Шақырамыз ортаға
                      Тойымызға сән беріп
                      Би билейік тамаша

Би «Әсем ән» (девочки Латино уходят переодеватся в свои платья)
Жүргізуші:
Біздің балалардың тақпақтары таусылар емес.

Арайлым:Бұл алғашқы қадамым,

Таудай менің талабым

Білім нәрін алуға,

 Мен мектепке барамын.



Наргиз:Қоштасып мен бүгін балалықпен
Қоштасамын сиқырлы бала бақпен
Танысып Мектеп деген әлемменен
Достасамын біліммен, даналықпен



Аңсар:Үйренеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Тақпақ айтып, ән шырқап
Билеп - билеп береміз

Ән: «Прощай детский сад»

Жүргізуші: Мың бұралған балаларды
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билесін қуанта

Би: «Со шляпами» (девочки «Әсем ән» уходят переодеватся в свои платья)

Әділхан:Күндей нұрлы ертеңім, 
Шақырады мектебім. 
Балабақша қош енді, 
Оқушы болам, мен енді. 

М.Айнұр:Біз мектепке барамыз,
Қолға қалам аламыз.
Кітапты да оқимыз,
Суретті де саламыз.

Амирхан:Біздер жеті жастамыз,
Сәбиліктен асқанбыз.
Мектеп бізді шақырды,
Қош бол,әсем бақшамыз







Тамерлан:Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз

Би: «Флешмоб»
Жүргізуші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын әнімізді бастайық.
Әдеп пенен өнегені үйреткен
Бақшамызды есімізде сақтайық!

Ән: «Желаем удачи»

Жүргізуші: Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүреміз.
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейміз!

Жүргізуші: Сөз кезегін балабақша меңгерушісі Болатова Гүлшат Маратқызына беріледі.

Жүргізуші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
                    Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!
   Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
      Біріншіге баратын қадамдарың құтты босын!



























Мектебім, аяулы мектебім

1. Мектебім, аяулы мектебім,
Өзінсің өмірдің көктемі.
Нәр алып, қолымды созамын,
Арманға көктегі.
Мектебім келеміз тағыда,
Күн сайын өзіңді сағына.
Сыңғырлап соғылды қоңырау,
Бар бала бағына,

Қ-сы: Мектебім, аяулы мектебім,
Бағында гүлдей боп көктедім.
Өзіңсің білімнің бұлағы,
Нәр алып келемін.

2. Келеміз куанып біз дәйім,
Мектебім, сен жайлы жыр дайын.
Айқара есігін ашады,
Қарсы алып күн сайын.
Мектебім, өзінді сүйемін,
Білімді санама түйемін.
Аяулы ұстаздар алдында,
Басымды иемін


Әліппе

Үйретеді әліппе

Қырық екі әріпке

Ең алғашқы кітабың

Әліппені дәріпте


Қ-сы: А дегенім – ана

Ә дегенім – әке

Б дегенім – бала

Естіп жүрме шала

А дегенім – ата

Ә дегенім – әже

Б дегенім – бала

Мұны есте сақта


Әліппені алайық

Парақтап біз қарайық

Әріптерйренді үйреніп

Әсем әнге салайық


Оқуда озат боламын

1.Оқуда озат боламын

Білімім тасып толамын

Мектепке барып күн сайын

Тек қана бестік аламын (2 рет)


Қайырмасы:

Оқуда озат боламын

Қашанда таудай талабым

Тәртіпті бала атанып

Бәріне үлгі боламын (2 рет)


2.Оқуда озат боламын

Білімім тасып толамын

Әр сөзін тыңдап ұстаздың

Санама құйып аламын (2 рет)


Қайырмасы:

Оқуда озат боламын

Қашанда таудай талабым

Тәртіпті бала атанып

Бәріне үлгі боламын (2 рет)






Прощай детский сад

1.За окошком солнце

За окошком май

Садику родному

Скажем мы прощай – 3 раза


2. Ты машинки, куклы

С полки убирай

Скажем мы игрушкам

Тихое прощай – 3 раза


3. На ресницах слезы

Мама вытирай

Детству золотому

Скажем мы прощай – 3 раза

Желаем удачи



Посмотри, на лужах солнечные пятна, 
В сочных травах – сладкий мёд. 
Ветер вновь пригладит волосы опрятно, 
И черёмуха цветет. 

Припев: 
Желаем удачи! 
Пусть новый день 
Вдруг распахнётся солнечным светом. 
Желаем удачи ! 
Пусть доброта 
По всей планете разносится ветром. 
Желаем удачи ! 
Пусть озарятся улыбками лица

Пусть дарят мир перелётные птицы. 
Желаем удачи ! Желаем удачи ! 

Окуни ладони в летнюю прохладу, 
Где росой звенит рассвет. 
Не грусти и помни: хмуриться не надо 
И смотреть печалям вслед. 























-80%
Курсы повышения квалификации

Менеджмент в образовании

Продолжительность 108 часов
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
5900 руб.
1180 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Қош бол, сүйікті балабақшам!" (34.88 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт