Тақырыбы: Қоршаған ортаны ластанудан қорғау.
Формасы: Дөңгелек үстел
Әдістері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,көрнекілік.
Мақсаты: Қоршаған ортаның ластануы мен қоғамның экологиялық мәселесі туралы білімдерін тереңдету
Алған білімін нақты өмірлік жағдайда қолдана білуге үйрету
Экологиялық мәселелер мен қоршаған ортаның ластану сұрақтарын шешу бойынша оқушылардың адамгершілік, азаматтық ұстанымы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Қоршаған ортаны қорғау - қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі. Өйткені, бүгінде адамның қоршаған ортамен қарым - қатынасы күрделенді. Адам санасының өсуі, өнеркәсіптің өркендеуі, ғарышты игеру қоршаған ортадағы тепе - теңдіктің бұзылуына әкеп соғуда.
Көптеген аймақтар экологиялық апатты аймақтарға айналды. Жер шарындағы халықтың 40 - 45 пайызы экологиясы нашар аймақта тұрып жатыр.
Жыл сайын атмосфераға 20 млрд. тонна көмір қышқыл газы тарайды. Соңғы он жылда теңіз жануарларының мың түрі, өсімдіктердің 24 мың түрі, жабайы жануарлардың 106 түрі жойылып кеткен.
Иә, табиғат - адамның күнкөріс көзі. Бірақ оны есепсіз шашып - төгіп пайдалануға болмайды. Жер шарының қай жерінде болмасын адамның өмірі, қызметі, өзінің және ұрпағының бүгіні мен ертеңі басатын жерге, демалатын ауаға, ішетін суға тікелей байланысты. Демек, адам баласы болашақты ойласа барды күтіп, аялап сақтаумен қоса қалпына келтіру, көркейтуге мән беру керек.
1. Адам санасының өсуі, өнеркәсіптің өрендеуі, ғарышты игеру неге әкеп соғуда?
2. Жер шарындағы халықтың неше пайызы экологиясы нашар жерлерде тұрып жатыр?
3. Жыл сайын атмосфераға неше тонна көмір қышқыл газы тарайды?
4. Соңғы он жылда нелер жойылып кетті?
5. Адам табиғаттан бөлек өмір сүре ала ма?
6. Ендеше қандай жұмыстар жүргізу керек?
Тапсырмалар:
Екі бағанда берілген сөздерден сөз тіркестерін, одан сөйлемдер құрастыру.(ауызша)
Апатты орта,Қоршаған сақтау,Табиғатты ауа,Таза денсаулығы,Адамның аймақ
Карточкалармен жұмыс (4оқушы)
Берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру.
Қоршаған, біз, жауаптымыз, үшін, орта.
Өздері, мәселелерге, адамдар, экологиялық, кінәлі.
Болу, таза, қоршаған, керек, орта, дені, адамның, сау, үшін.
Дүниежүзілік, қоршаған, қорғаудың, ортаны, күні, 5маусым.
Сурет бойынша әңгіме (қазақ балалары)
Қалғандары Венн диаграммасы бойынша таза ауа мен лас ауа жайында белгілеу.
Тапсырма: Табиғатты қорғау жөнінде қандай мақал-мәтелді білесіңдер?
(Оқушылардың жауабы)
Ей, адамдар!
Күн мен гүлден жаралған.
От сезім мен мейірім содан тараған
Тіршілік иесі Жер - Анаға қараңдар!
Зор қайғыдан күрсінгенде
Аһ ұрады дүние
Жаратылыс заңдылығы бұзылса,
Сонда болар кім ие?


Қоршаған ортаны ластанудан қорғау (15.28 KB)

