Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Факультативы  /  Прочее  /  Қоршаған ортадағы дизайнның ролі.

Қоршаған ортадағы дизайнның ролі.

Қазіргі заманғы жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын жобалауда көркемдік-жобалау шығармашылығының түрі ретінде дизайн алдыңғы қатарлы орын алады.
27.01.2020

Содержимое разработки

Қоршаған ортадағы дизайнның ролі.

Тараз қаласы.

магистр – Иманбекова Калдыбике Көбейевна

Қазіргі заманғы жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын жобалауда көркемдік-жобалау шығармашылығының түрі ретінде дизайн алдыңғы қатарлы орын алады.

Бүгінгі күні дизайн көркемдік-жобалау шығармашылығының жеке түріне айналған. Жаңа техникалық жетістіктер нәтижесінде жоғары технологиялы стильдер пайда болды. Шетел сөзі «дизайнге» байланысты жаңа ұғымдар пайда болды. Мысалы: «графикалық дизайн», «фотодизайн», «киім дизайны».

«Әдетте, дизайнер жаңалық ашпайды... ол сұлулық пен ыңғайлылық заңдарына сәйкес заттар дүниесін орындарына қояды...» [1].

Дизайн объектісінің утилитарлық бағыттылығы – заттық дизайнның маңызды белгісі. Сонымен қатар, жарнамалық дизайн, орта дизайны, киім дизайны секілді дизайнерлік қызмет ету салаларында утилитарлы заттардың сұлулығын көрсетуге, оларға тұтынушының назарын аударуға бағытталады.

Өндірістің орасан өсуі мен ғылыми-техникалық прогресс Жер шарын мекендеген барлық адамдарға барлық жағдайды жасауға мүмкіндігі бар. «Екінші табиғатты» дамытуды басқарудың бір аспектісі – заттар дүниесін гармонизациялау болып табылады, оның басты мақсаты – адамның шығармашылық қабілетін дамыту үшін, адамның заттар дүниесімен иррационалдық байланыстар орнату.

Сонымен, заттар дүниесін гармонизациялау тек материалдық-техникалық емес, сонымен қатар, әлеуметтік процесс. Ол қоғамның әлеуметтік құрылымымен, қоғамдық және эстетикалық идеалдармен анықталады. Ол адамдардың еңбек ету, оқу, демалу, тұрмыстық жағдайын жасау сфераларында сұлулық заңдарына бағынып, әр түрлі рационалды және эстетикалық кешендер жасауға бағытталады.

Дизайн – адамды қоршаған ортаның барлық объектілерін жобалаумен байланысты ерекше қызмет түрі.

Адамды тұрмыста және өндірісте қоршаған заттар дүниесі өзара байланысты, сондықтан, суретші-дизайнер барлық объектілердің үйлесімділігіне басты назар аударады.

Дизайнер өзінің өндіруші – клиентін тәрбиелеуге тырысады. Сонымен қатар, ол балаларды, жасөспірімдер мен ересек сатып алушыларды да тәрбиелейді. Мысалы, Барби қуыршағы мен оның досы Кен және екінші дәрежелі көптеген кейіпкерлермен, киімдермен, модалы машиналармен, бассейндермен және т.б. қуыршақтар нарығында 30 жылдан бері көш бастап келеді. «Маттел» компаниясының Барби қуыршағын жасаушысы және дизайнері өзінің туындысынан (1983 жылы 7 қазанда) бас тартқан, себебі, оның пікірінше, қуыршақ әйелдердің сексуалдық көзқарасына әсер еткен, балаларды қуыршаққа қажетті көптеген аксессуарлар сатып алуға итермелеген, бұлар жеке тұлғаның бұзылуына және қоғамдық экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкелген [2].

Дизайнерлер мен студенттерді жұмыс барысында көптеген блоктар мен шектеулерден босататын, сәтсіз экспериментке кешіріммен қарайтын жағдай жасау – креативті дизайнның идеалдық талабы болып саналады.

Студенттерге білім беру барысында өмірде жиі қолданыла бермейтін жобалаудың негізгі қағидаларына да назар аудару қажет.

Дизайнер-суретші ретінде екі: әлеуметтік-коммуникативті және эстетикалық-мәдени міндеттерді шешеді. Дизайн массалық коммуникация ретінде «эстетикалық хабарды көптеген адамдарға жеткізеді, олардың эстетикалық қажеттіліктерін оятады және олар экологиялық күшке айналғанша дамытады».

Дизайнердің парызы – өзінде қазіргі дүниені көркемдік жағынан көре білуді қалыптастыру. Қоршаған ортаға біртұтас көзқараспен қарау – шығармашылықтағы әрбір адамға қажет.

Дизайн қазіргі қоғамның әрбір мүшесіне өзінің пайдалылығымен және қолжетімділігімен өнердің ішіндегі ең қажетті түріне айналды. Ал оның көркемдік құралдарының абстрактылыққа және «фигуралық еместікке» негізделген формалары мен қағидалары және ерекшеліктері өнердің басқа түрлерінде де пайдаланыла бастады.

Қазіргі кездері дизайн өнердің жеке өзіндік түріне айналды, оның жеке шығармашылық объектісі бар, ол нақты шығармаларда заттардың утилитарлық-пайдалы және көркемдік-қажетті жақтарын үйлесімді біріктіре алады. Оның адамның рухани дүниесіне әсер ететін өзіндік құралдары бар, ол адам өміріне қажетті комфортты жағдай жасай алады. Комфорт сөзінің мағынасына тек қолайлы микроклимат режимі, жұмыстың ыңғайлылығы, демалыс түрлерінің алуан түрі, шаршауды басу ғана жатпайды, сонымен қатар, адамды қоршаған ортаның гармониясы, оның тиімді ұйымдастырылуы, заттар мен формалардың адамның эстетикалық қанағат сезімін тудыруы жатады.

Кез-келген өнердің мақсаты – көркемдік образ алу. Көркемдік образ толығымен материалдық емес сферасына жатады, ол адамның психологиясына, сезіміне жанама әсер етеді.

Дизайнерлік шығармашылықтың соңғы өнімі тек көркемдік емес, сонымен қатар, дизайнерлік болып табылады, ол – нақты болмыстың идеалын көрсететін материалдық-жобалық образ.


Әдебиеттер:

1. Андросова Э.М. «Основы художественного проектирования костюма», Челябинс; 2004г. 183 стр.

2. Глейзер Сюзанна. Текстиль или техностиль. – Британское изделие «а-di», 1999г.

-75%
Курсы повышения квалификации

Девиантное поведение: понятие, профилактика и коррекция

Продолжительность 144 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
6000 руб.
1500 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қоршаған ортадағы дизайнның ролі. (16.27 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт