Амирова Айжан Амантайқызы,
Б.Шалғынбаев атындағы №217 орта мектептің технология мұғалімі
Қызылорда облысы
Сабақтың тақырыбы: Қол тігістерінің түрлері
Сабақтың мақсаты:
Қол тігістерінің түрлерімен таныстыра отырып,тігістері туралы білімдерін кеңейтіп,одан әрі таным деңгейін арттыру;
Оқушылардың көру және ойлау қабілетін дамыта отырып,оны қайта жаңғыртуға үйрету. Саусақ қимылдарының шеберлігін дамыту,
Оқушыларды ұқыптылыққа, шеберлікке,әсемдікке үйрету;
Сабақтың көрнекілігі:сәндік тігіс түрлері,әртүрлі суреттер,нақыл сөздер,сөзжұмбақ.
Пәнаралық байланыс:сурет, тарих,әдебиет.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:баяндау,сұрақ жауап,ойын,сарамандық жұмыс.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:оқушылармен амандасу,түгендеу,сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын жан жақта тексеру мақсатында «Мен білемін стратегиясы» бойынша қайталау.
Тақырыбы «Мата туралы түсінік»
Мақта матасы оның қасиеттері.Мақта матасынан жасалынатын заттар туралы І-топтың дайындаған жауаптары.
Зығыр матасы.Зығыр өсімдігінің ерекшелігі.Зығыр матасының қасиеттері мен қолданылуы туралы ІІ-топтың дайындаған материалдары.
Мата туралы түсініктерін тексеру үшін тестік жұмыс.
ІІІ.Жаңа сабаққа оқушылардың зейінін аударумақсатында сөзжұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбын табу.
Тұмсығы мықты,
Қырмен ойды тегістеп шықты.(Үтік)
Сөзі дана үні жоқ, сөйлемейді тілі жоқ.Қолыңа алсаң шешен,ақылы асқан көсем. (Кітап)
Өшірді сүртті,
Өзгені құртты,
Өзін де құртты. (Өшіргіш)
Аппақ дала қара дән,
Дәнін сепсең түсінуге жараған. (Әріп)
Аспай піскен, қайнамай түскен. (Жеміс)
ІV.Жаңа сабаққа мақсат қою кезеңі:оқушыларға тігіс түрлерін үйрете отырып,оны өмірде қолдана білуге дағдыландыружәне көркем тігістің ұлттық ерекшеліктеріне мән беру.
V.Жаңа сабақтың өтілу жоспары:
1.Қол жұмысына қажетті құрал жабдықтармен таныстыру.
2.Қол тігісінде сақталатын қауіпсіздік ережесін «Ойлан тап»ойыны арқылы оқушыларға шешкізу.
3.Қол тігісінің терминологиялық түсіндірмесі.
4.Қол тігісінің түрлері.
а)Көктеу тігісі
ә) Тізбек тігістер
б)Шет тігістер
в) Айқас тігістер.
5. «Бір сабақ жіп» ертегісі бойынша «Салақтан олақ жаман» деген мақалды дәлелдеу.
Бекіту сұрақтары.
Тігіс дегеніміз не
Тігістер нешеге бөлінеді
Шет тігістер не үшін пайдаланылады
Қол жұмыстарына қажеттіқұралдарды ата
Бекіту мақсатында оқушыларға тігіс суреттері салынған карточкалар таратылады,оған олар тігіс аттарын жазады.
Сарамандық жұмыс.
Әр оқущыға таратылып берілген тігіс түрлері матаға тігіледі
Қорытынды. «Ізгілендіру» диаграммасы
Оқушылардың білімін бағалап,жұмыс орнын жинастыру.
Үйге тапсырма:жастықша тігуге қажетті құрал жабдықтарды әкелу.