Меню
Разработки

Қоянның туған күні

Қоянның туған күні ертегі
13.05.2020

Содержимое разработки

Бекітемін
№ 1 балабақша меңгерушісі
Казакпаева Б.З.
«______» _________2020










«Еркетай», «Күнім-ай», «Меруерт», «Самұрық» ересек топтарында
қашықтықта ұйымдастырылған оқу қызметінің
кіріктірілген конспектісі







Тақырыбы: «Қоянның туған күні», «Аквариумдағы балықтар»







Тәрбиеші:Умишева К. С.





Нұр-Сұлтан, 2020ж


Күні: 27. 04. 20.
Білім беру саласы:
 Коммуникация, шығармашылық

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, сурет салу

Тақырыбы: «Қоянның туған күні», «Аквариумдағы балықтар»

Мақсаты: Жан - жануарды қорғауға, мейрімділікке, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге 2-3 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыруға үйрету және сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру. Сыйлық жасап, ойын арқылы қызығушылықтарын дамыту.Ұйымдастырылған оқу қызметі кезіңде мұқият тыңдауға, қайталауға, тапсырмаларды тиянақты орындауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: қоян,түлкі, тасбақа, аквариум, акула, кит, дельфин.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, көрсету, әңгімелеу.
Көрнекіліктер: (аңдардың, балықтардың суреттері, бейнеролик)
Тәрбиеші: Қайылы күн!
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын!
Ал балалар, мен сендерді көңілді шаттық шеңберіне шақырамын!
І. Мотивациялық-қозғаушылық туғызу кезеңі

Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылды,
Көкке шуақ шашылды.
Табиғатты жайнатты,
Құс біткенді сайратты.
Көңіл күйіміз тамаша,
Қуанамыз балаша!
ІІ. Ұйымдастырушылық – ізденістік кезеңі
Қайталау жұмысы:
Жыл мезгілдері, ай аттары, табиғат құбылыстары.
Көктем мезгілінде табиғат жаңарады, қар ериді, құстар ұшып келеді,аңдар ұйқысынан оянады.Аңдар құстар көбейеді екен. Сол сияқты бүгін кішкентай қоянның да туылған күні екен.
-Балалар, сендер өздеріңнің туылган күндеріңді білесіңдер ме?

-Туылған күнді тойлағанды ұнатасындар ма?

-Туылған күнге достарыңның келгенін қалайсындар ма?

Ендеше, балалар сендер секілді ормандағы аңдар да туылған күндерін атап, сыйлық алғанды ұнатады екен.

Ал бүгін қоянның туған күні екен
Қоян жайлы бейнеролик көрсетіледі.
Қоян орманда өмір сүретін аңдарың бірі.

Балалар, сендер Қоян туралы ертегі көргілерің келе ме?
Ендеше мен сендерді «Қоянның туған күні» атты ертегіні тамашалауға шақырамын!
Бейнеролик (Қоянның туған күні)
Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?

Ертегіде қандай кейіпкерлер болды?
Қоянды құтықтап қандай жануарлар келді?

Қоян нені армандады?

Ертегіде тасбақа қандай сыйлық алып келді?

Теңіз мекендеушілері туралы не білесіңдер?

Сөздік жұмыс Қо-ян, Түл-кі, Тас-ба-қа, Аю, Кір-пі, аквариум ертегі кейіпкерлерін қайталау (интонацияға келтіріп, дауысты жоғарылату, бәсеңдету)

Балалар сендер шаршаған боларсыңдар, мен сендерді көңілді сергіту сәтіне шақырамын, бірге қайталаймыз!

Сергіту сәті (бейнеролик)

Су астын мекендейтін жануарлар туралы (бейнеролик)


Дидактикалық ойын «Тез тап»


Сурет салу «Аквариумдағы балықтар»


(Бейнероликтен шығармашылық жұмыстың жасалу жолдарын мұқият көрсету)

Жұмысымызды бастамас бұрын көзімізге жаттығу жасап алайық.

Көзге арналған жаттығуы (балықтар)
Балалар, сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

Бүгін оқу қызметінде не үйрендік?

Су асты мекендеушілерді еске түсірейік. Қандай балықтарды білесіңдер?

Рахмет сендерге балалар!
Үйге тапсырма:
Тілдік ортаға ену принциптерін қолдану
1.
Бүгінгі ертегі кейіпкерлерін: Қо-ян, түл-кі, тасбақа, дельфин,акула, аквариум сөздерін бірнеше рет қайталау (интонацияға келтіріп, дауысты жоғарлату, бәсеңдету)
2.Су асты тіршілігі туралы бүгінгі алған білімдеріңді ата-аналарыңмен қайталау.
3.Аквариум, балықтар бейнесін үлгі бойынша салу.









«Қоянның туған күні» ертегісі

Ерте, ерте, ертеде бір өте көңілді, арманшыл Қоян өмір сүріпті. Ол теңізге саяхатқа баруды армандайды екен. Бірде ол досы Тасбақаға өзінің арманы туралы айтады. Тасбақа оған туған күнде бүкіл армандар орындалады дейді. Содан бері Қоян өзінің туған күнін асыға күтеді. Көктемнің шуақты күні Қоянның туған күні де келіп жетеді. Қоян өзінің туған күніне достарын шақырады. Ол туған күніне Түлкіні, Аюды, Кірпіні, Тасбақаны шақырды. Үйін ағаш жапырақтарымен және әдемі гүлдермен безендіреді.
Келетін қонақтарын қатты күтеді, дәмді-дәмді тағамдар пісіріп дайындалды.

Кеш болғанша асыға күтеді, өйткені ол өзінің туған күнінде армандары орындалатына қатты сенетін.
Қоянның туған күніне сыйлықтарын дайындап, достары да келеді.

- Туған күнің, құтты болсын, ақ қоян! – деп, бірінші Түлкі досы келді.
Ол Қоян досына шоқ гүлін әкеледі. Досының сыйлығына Қоян өте риза болды.

Аю да досының туған күніне кешікпей келеді. Аю досына өзі сүйіп жейтін бал алып келеді.

Қоян достым саған орманның ең дәмді балын алып келдім.

-деді Аю Қоянды туған күнімен құттықтап.
- Сәлем досым, туған күніңмен! - деп Кірпі де туған күнге уақытымен келеді.

Мен саған осы ормандағы ең дәмді алманы алып келдім - дейді. Кірпі сыйлыққа досының жақсы көретін дәмді алмасын арқалап әкеледі.
Қоян Кірпі досының әкелген алмасына рақметін айтады.
Достар көңілді дастархан басында отырып, жақсы тілектер айтты.
Бірақ Қоян Тасбақа досы кешігіп жатқанына алаңдады.

Өйткені Тасбақа досы оған ерекше сыйлық алып келетінін айтқан болатын.

Қоян өзінің арманының орындалуын қатты қалаған еді, бірақ Тасбақа досы келмейді деп көңіл күйі түсіп кетті. Көп кешікпей есік ашылып Тасбақа да келіп жетті. Тасбақаның үстінде досына арнап алған аквариумы бар еді.
- Бауырым қоян, туған күнің құтты болсын!

- деп кешіккеніне кешірім сұрап кіріп келді.
- Қоян досым мен сенің туған күніңе аквариумды сыйға әкелдім. Енді сен теңізге бара алмасаң да, осы аквариумдағы балықтарды тамашалайтын боласың. Қоян достарының сыйлығына дән риза болады. Әсіресе Тасбақа досының сыйлығы қатты ұнады. Қоянның туған күні өте көңілді өтті.

-75%
Курсы повышения квалификации

Речевая подготовка детей к школе на современном этапе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қоянның туған күні (22.53 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели