Асаубаева Гульнур Мураткановна
Астана қаласы №56 мектеп-лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
(факультативтік сабақ жоспарының үлгісі)
Сабақтың тақырыбы: « Қобыланды батыр» жыры.
Мақсаты: Батырлар жырының мазмұны мен идеясын игерте отырып, жырды талдау арқылы жан - жақты ашу, меңгерту. Жырды мақамдап айту, кейіпкердің образына еніп орындау дағдыларын дамыту. Оқушыларды адамгершілікке,батырлыққа тән қасиеттерге баулу.Өз Отанын, туған елін сүйіп,құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Театрландырылған сабақ
Көрнекілік: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, слайд
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Біздің батырлар жыры сабағымызға қош келдіңіздер!
Жыр жаттау - оқушылардың тілін дамытады. Бұл біздің бүгінгі күннің басты мәселесі - орыстілді оқушы. Жаттаған жырының мағынасын түсінеді. Оның есте сақтау қабілеті дамиды. Сөздерді дұрыс, мәнерлеп оқу дағдылары қалыптасады. Батырлар жырының мазмұны жастарды Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Міне, жыр жаттаудың маңыздылығын ескеріп, 2011-2012 оқу жылынан бастап "Батырлар жыры" факультатив сабағын енгіздік. Бұған оқушылардың қызығушылығы , ынтасы зор. Сондай-ақ ата-аналардың да көңілінен шығып жүр. Жыл соңында оқушылар арасында жыр сайыстары өткізіліп, үздіктер анықталады.
Ал енді сабағымызға келетін болсақ, біз бірінші тоқсанда "Қобыланды батыр" жырының мазмұнымен танысқан болатынбыз. Қане, жыр мазмұнын есімізге түсірейікші.
Сонымен, Қобыланды қандай батыр еді?
Слайд: Батырлар жыры туралы (Өткен тақырыптар бойынша қайталау):
-Қобыландының ата-анасы
-Тоқтарбайдың мекен еткен жайлауы
-Тоқтарбайдың тоқсан жылқышысын басқарған адам;
-Таудың арғы бетінде тұрған елдің ханы;
-Көктім аймақ ханының қызы;
-Сәлімбай деген кім?
-Қобыландының тұлпары;
-Ноғайлының жерін құтқаруға аттанған батырлардың бастаушысы;
-Сонымен, балалар, "Қобыланды батыр" жырын толық оқып аяқтадық. Келесі сабақта " Алпамыс батыр" жырын оқуды бастаймыз. Ендеше, бүгінгі сабақты ерекше етіп өткізейік. Қане, сендерге берілген тапсырма бойынша ортаға шығып, дайындықтарыңды көрсете қойыңдар.
"Қобыланды батыр" жырынан үзінді. (оқушылардың орындауында)
Қорытынды.
- Елімізді, жерімізді қорғаған батырлар әрқашан өз отаны үшін қандай қиыншылық болса да жауға қарсы тұра алды. Сол батырларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен осы байтақ жерімізді кейінгі ұрпағы - мына сендерге аманат етіп қалдырды. Қаншама батырларымыз Туған жерімізді қызғыштай қорғап жүріп қаза болды. Сондағы бабаларымыздың аңсап кеткен
арманы Жеріміздің гүлденуі. Ал сендер Еліміздің гүлдерісіңдер. Сендердің көрсеткен көріністерің осының дәлелі. Біз де батырларымыз сияқты өз Отанымызды қорғайық, гүлдендірейік! (Қазақстанның картасына гүл жапсырады)
- Қандай әдемі! Еліміз жайнап кетті. Міне, балалар! Батырларымыздың аңсап кеткен арманы - гүлденген, жайнаған Қазақстан!
-Құрметті қонақтар, балалардың сіздерге көрсеткісі келген жыр осымен аяқталды. Тыңдағандарыңызға рақмет!
"Батырлар жыры" көрінісінің жоспары
"Керуен сазы" күйі (ойнап тұарды)
І. Кіріспе:
-Ертегі тыңдап өспеген ұрпақтың ертеңі жоқ, батырлық пен батылдық, әдептілік пен әдемілік, адамгершілік пен инабаттылық, мейірімділікті бала күннен бойға сіңіріп өскен өреннің өресі биік болады. Ауыз әдебиетінің бағы заманнан ескірмей ұрпақтан- ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы - батырлар жыры. Бұл жырларды жыршы-жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбыраға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан - ауызға таратып келген. Қазақ батырлар жырындағы басты қаһарман - елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты - халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүддесі көкселеді.
Интерактивті тақтада "Батырлар жыры" фильмі көрсетіліп тұрады.
ІІ. -Құрметті қонақтар! Біздер бастауыш сыныптан бастап өз елін, Отанын сүйетін ұрпақ тәрбиелеуді мақсат етіп келеміз. Сондықтан, 2011-2012 оқу жылынан бастап "Батырлар жыры" факультатив сабағын енгіздік. Бұған оқушылардың қызығушылығы , ынтасы зор. Сондай-ақ ата-аналардың да көңілінен шығып жүр. Жыл соңында оқушылар арасында жыр сайыстары өткізіліп, үздіктер анықталады. Осындай нәтижелі жұмысымызға айғақ, халықаралық деңгейде "Хабар" арнасынан көрсетіліп, оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ең жоғарғы үлгісі болып көрініс тапты. Ал ұстаздар "Батырлар жырын" оқытуға арналған көмекші құралдар жасап өз тәжірибелерін ортаға салып келеді. "Ел қорғаған бабаңнан батырлықты үйрен сен" -дей отырып, қазір 4-сынып оқушылары дайындаған "Қобыланды батыр " жырынан қысқартылып алынған нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.
ІІІ. "Қобыланды батыр" жырынан үзінді. (оқушылардың орындауында)
(оқушылар кетеді)
ІҮ. Қорытынды.
- Міне, құрметті қонақтар! Бұл тыңдағандарыңыз "Қобыланды батыр" жырының 15-тен астам нұсқасының біреуі ғана. Ал халқымыздың жұқтырмайтын азулы жырауларының өнерінің дауыс мақамының құбылтудағы шешендігіне қайран қалмасқа амалың жоқ.
Өздеріңіз куә болғандай батырлар жырын оқыту арқылы балалардың жаттығып қалғанын көріп отырмыз. Болашақта бойында ерік-жігері мол, өз Отанын шексіз сүйетін шәкірттердің өсіп келе жатқандығына сеніміміз мол.