Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы
№ 89 Л.Жолдасов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Пәні:Сауат ашу
Тақырыбы: Қ дыбысы мен әрпі
Пән мұғалімі: Рабилова Ася Балтабаевна
2017 - 2018 оқу жылы
| Сабақ:Сауат ашу Күні:23.11.2017ж | Мектеп:№89Л.Жолдасов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі Мұғалім есімі: Рабилова .А | ||||||||
| Сабақтың тақырыбы | Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі. | ||||||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту | ||||||||
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. | ||||||||
| Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. | ||||||||
| Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||||||||
| Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы | ||||||||
| АКТ қолдану дағдылары | Сурет бойынша таныстырылым. | ||||||||
| Тілдік құзыреттілік | Қ дыбысы мен әрпі. | ||||||||
| Сабақ барысы | |||||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
| Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 1 минут | Қуан шаттан! Қуан шаттан! Қуанатын келді күн Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін. Сәлеметсіздер ме! Бәріміз күндей жарқырайық! Бәріміз дос болайық! Қатар – қатар тізіліп, Қолымызды түсіріп, Түп түзу болып отырайық. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шебері
| |||||||
| Сабақтың ортасы 8 минут
| Әр сабақта, балалар, дыбыстармен жұмыс жасаймыз ғой. Қане, кім айтады дыбысдегеніміз не? Балалар ертегі тыңдағыларың келе ме? Кел, тыңдайық ертегі, Ертегі сыр шертеді. Талай ғажап оқиға Естіген жан елтеді. Жұмбақ шешу. Қалқиған екі құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян) Қыс бойына жатады, Тәтті ұйқыға батады. (Қоржық) Аузы бейне шалғы, орақ Шөп емес, бірақ мал орады. (Қасқыр) Тоқылдақтың тапсырмасын орындаймыз ба? 1)Оқулықпен жұмыс. Оқылым. 2) Дәптермен жұмыс. Жазылым. |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс | |||||||
| Сергіту сәті 1 минут | Ормандағы аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп – теріп алайық, Қалтамызға салайық, Қалтамызға симаса, Аузымызға салайық. | Сергіту сәтіне арналған жинақ | |||||||
| Қызықты тапсырма 10 минут
Аяқталуы
13 минут
| 3) Топтық жұмыс. 1-топ Адасқан буындардан сөз құрату. 2-топ Дыбыстық талдау жасату. 3-топ Түсіп қалған әріпті жазу. 4) Суреттегі заттардың кімге тиесілі екенін тап.
|
Оқулық, дәптерлер.
| |||||||
| Сабақтың соңы 2 минут
| Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.
|
Бас бармақтар | |||||||
| Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
| Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
| Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін айтады |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
| Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу | |||||||


Қ дыбысы мен әрпі (67.98 KB)

