Жиренқопа орта мектебі
«Тәуелсіз елімнің математиктерін білесің бе?»
ауызша журнал

Дайындаған: Мамбеткереева У.Н
2016-2017 оқу жылы
Боқаев Сәдуақас Хасенұлы

Боқаев Сәдуақас Хасенұлы(13.3.1907, Семей — 1942) — физика-матемематикалық ғылымдары бойынша қазақ халқы арасынан шыққан тұңғыш доцент
Білім алған ордасы:
1932 ж. Мәскеу университеттін бітіріп,
сол жылы осы университеттің аспирантурасына түскен. Бірақ Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты оны 1932 ж. Алматыға шақыртып алады.
Жасаған қызметтері
1932 — 36 ж. Қазақ педагогикалық инcтитутында ассистент, кафедра меңгерушісі, декан, профессор болды
мұнымен қатар ол 1935 — 36 ж. ҚазМУ-де кафедра меңгерушісі қызметін атқарып, студенттерге математиканың арнаулы салаларынан лекция оқыды
Боқаев Сәдуақас Хасенұлы дифференциалдық теңдеулер, арнаулы функциялар, конформдық түрлендіру теориясының және олардың механикада қолданылу мәселелерін зерттеумен айналысты.
Орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын құрастырды
Асқар Жұмаділдаев Серқұлұлы

Академик Асқар Жұмаділдаев Серқұлұлы (25.02.1956 жылы туған,Қызылорда облысы,Шиелі ауданы,Шиелі кент)-ғалым физика-математика ғылым докторы, профессор.1980-90жылдары математика және механика институтында кіші,аға,жетекші ғылым қызметкер болды.1990 жылдан сол институтта алгебра лабораториясының меңгерушісі.
Жұмаділдаевтің негізгі ғылым – зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомологиялық теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциавтивті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты.
1981 жылы-физика –математика ғылымдарының кандидаты(КСРО ғылым академиясының математика институты Мәскеу)
1988 жылы – физика-математика ғылымдарынығ докторы(КСРО ғылым академиясының математика институты, Ленинград бөлімі.
1890 жылы – Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры.
1995 жылы – ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі
2004 жылы- ҚР ҰҒА-ның академигі
1995-1996 жж.-Мюнхен Университеті(18 ай)
1997-1999жж.-Бильфельд Университеті(4ай)
1997ж.-Ньютон институты,Кембридж, Ұлыбритания.
1999 ж.- Киото Университеті,Жапония(1ай)
2000ж.- Оксфорд университеті,Ұлыбритания(1ай)
2005ж.-Макс-Планк атындағы математика институты(3ай)
Назарбай Қыдырұлы Білиев

Назарбай Қыдырұлы Білиев 1935 жылы 15 қыркүйекте Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылында дүниеге келген. 1957 жылы ҚазМУ-ды, 1963 жылы КСРО ҒА-ның Математика институтының аспирантурасын тәмамдаған. Ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1980), профессор (1985), Қазақстан ҒА-ның коррпоратив мүшесі (1989).
1957-1960 жылдары Гурьев (қазіргі Атырау) педагогика институтында оқытушы, аға оқытушы болды. 1963-1965 жылдары Қазақстан ҒА-ның Математика және механика секторында жұмыс істеді. 1965-1988 жылдары Қазақстан ҒА-ның Математика және механика институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі болды. 1988 жылдан Теориялық және қолданбалы математика институтының директоры, сонымен қатар 1999 жылдан ҚР ҒА-ның Физика-математика ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы. Негізгі ғылыми еңбектері функция және функционалдық теория тәсілдерін дербес туындылы дифференциалдық теңдеулерге қолдану саласына, комплекс айнымалы функциялар теориясына арналған. Ол Никольский — Бесов кеңістігіндегі жалпыланған аналитикалық функциялар теориясын одан әрі дамытып, оның анализде, геометрияда және механикада қолдану аясын кеңейтті.

Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989) - ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген.
1920-1930 жылдары ауылдық мектепте, кейіннен Қарқаралы қаласындағы мектепте оқыған. 1934 жылы Қазақ педагогикалық институтының (Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) физика-математика факультетін үздік бітіріп, Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербор мемлекеттік университеті) аспирантурасын тамамдаған. 1934-1951 жылдар аралығында Қазақ педагогикалық институтында ассисент, аға оқытушы, доцент, декан, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, кафедра меңгерушісі болған. 1945 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясында Математика және механика секторы ашылып, кейіннен Математика және механика институты құрылған.
О.Жәутіков 1945-1965 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика секторында аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, 1965-1969 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика институтының директорының орынбасары, зертхана меңгерушісі, 1969-1989 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясы Президиумының мүшесі, Физика-математика ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы қызметтерін атқарған. 1985-1989 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика институтында зертхана меңгерушісі болған.
Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика, физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның методологиясына арналған.
О.Жәутіков - республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі. Бұл мектеп қазір Орынбек Жәутіковтің есімімен аталады. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды. 1958 жылы академик О.Жәутіков алғаш рет қазақ тілінде математикалық талдау туралы оқулығын шығарған. Ол 200 ден астам ғылыми еңбектердің, ғылыми-танымдық кітаптардың, методикалық жұмыстардың, көптеген оқулықтардың авторы. Белгілі ғалымдар А.Ляпуновтың, С.Ковалевскийдің, Н.Лобачевскийдің, С.Соболевтің, М.Лаврентьевтің, К.Персидскийдің, Қ.Сәтпаевтің, тағы басқалардың өмірі мен шығармашылық қызметтері туралы зерттеулерін ғылыми-танымдық кітаптары мен мақалаларында жариялаған.
Академик О.Жәутіков Кеңес Одағы мен шетелдерде өткен осы замандағы математика және механика проблемаларына арналған көптеген съездер, конгрестер мен конференцияларға, симпозиумдарға қатысқан.
Орынбек Ахметбекұлы Алматы қаласында оқушылардың Кіші ғылымдар академиясын ұйымдастырып, академияның көп жылдар бойы Құрметті президенті болды.
О.Жәутіков математика ғылымын дамытуға және физика-математика білімдерін жетілдіруде зор үлес қосып, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлағаны үшін Октябрь революциясы, 2 рет «Құрмет Белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты академик-ғалым Орынбек Жәутіков 16 мамыр күні 1989 жылы қайтыс болды.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен академик-ғалым О.Жәутіковті мәңгі есте сақтау мақсатында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі мен Қарқаралы қаласындағы №1 орта мектебіне есімі берілген.
Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде үздік оқыған студенттерге арналып О.Жәутіков атындағы стипендия тағайындалған. Алматы қаласында ғалым О.Жәутіков тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылған.
Мұхтарбай Өтелбаев

Мұхтарбай Өтелбаев – физика-математика ғылымының докторы (1978), профессор (1982), Қазақстан ҰҒА-ның академик (2003). 3.10.1942 жылы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында туған.
1969 Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
1973–2000 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясы Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика ғылым-зертттеу институтында, ҚазҰУ-да, Жамбыл педагогикалық институтында, Қарағандыдағы Қолданбалы математика ғылымының зерттеу институтында, ҚазҰПУ-да ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, басшылық қызметтер атқарды.
1993–1995 жылдары ҚР Министрлігі Кабинет жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің аэрогидродинамика бөлімінің бастығы болды.
2000 жылдан Еуразия ұлттық университететінде ғылыми-зертеу ортасының жетекшісі, Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы бөлімшесі директорының орынбасары қызметін атқарады.
Негізгі ғылыми еңбектері функционалдық анализ және оның қолданыстарына, дифференциалдық операторлардың спектрлік теориясына, функционалдық кеңістік теориясына, есептеу математикасына, шекаралық есептердің жалпы теориясына арналған. 160-тан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. 5 патенттің иегері.
Мұхтарбай Өтелбаев - 2002 ж.; 2002-2003 жж. мен 2004-2005 жж. «Алтын адам» байқауында («Ғылым» номинациясы бойынша «Жыл адамы») «Жылдың ғылыми қайраткері» атағының иегері, ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері, «Ғылым мен технологиялар» номинациясы бойынша Экономикалық ынтымақтастықты ұйымы сыйлығының лауреаты, 2004 ж. «ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» ҚР БҒМ грантының иегері, ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты.


Қазақтың математик ғалымдары (909.31 KB)

