I тоқсан бойынша қорытынды бақылау жұмысы
(тест)
Тест сұрақтарында қамтылған тақырыптар мен тілдік бірліктер:
1. Қазақ тілінің қоғамдық рөлі.
2. Әдеби тіл және оның нормалары.
3. Әдеби тіл мен мәтіннің байланысы.
4. Сөзжасам.
5. Сөз тұлғасы.
6. Түбір мен қосымша.
7. Дара және күрделі сөздер.
8. Біріккен сөздер.
9.Қос сөздер.
10.Тіркескен сөздер.
11.Қысқарған сөздер.
Мақсаты:
1. Оқушылардың I тоқсан бойынша алған білім деңгейлерін тиянақтап, бекіту.
2. Берілген сұрақтар арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыру.
Тестілеуге 40 минут беріледі
1. Қазақ тілі қоғадық қызмет атқара ма?
А.Иә. Б.Жоқ. В.Кей жерлерде. С.Мектепте ғана.
2. Тіл өзі қызмет ететін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті болуы керек. Ондай жалпыға ортақ тілді............. ....... дейміз.
А.Әдеби тіл. Б.Мемлекеттік тіл. В.Ресми тіл. С.Қазақ тілі.
3. Әдеби тілдің екі түрі?
А.Ауызша және жазбаша. Б.Дара және күрделі. В.Лексикалық және грамматикалық норма. С.Ортақ.
4. Тілді әдеби етіп тұратын нормалар?
А.Лексикалық. Б.Фонетикалық. В.Грамматикалық. С.Барлығы дұрыс.
5. Ауызша тілдің нормасы?
А.Орфоэпиялық. Б.Орфографиялық. В.Лексикалық. С.Барлығы дұрыс.
6. Жазбаша тілдің нормасы?
А.Орфоэпиялық. Б.Орфографиялық. В.Лексикалық. С.Барлығы дұрыс.
7. Мысалдар жеке сөйлемдер ғана емес, үлкен – үлкен үзінділер болып та келеді. Әдетте ондай үзінділерді қалай атайды?
А.Мәтін. Б.Сөйлем. В.Әдебиет. С.Сөз.
8. Қар деген сөздің ұғымы?
А. Түсі ақ, салқын, еріп, суға айналатын зат.
Б. Түсі қара, салқын, еріп, суға айналатын зат.
В. Түсі сары, салқын, еріп, суға айналатын зат.
С. Түсі жасыл, салқын, еріп, суға айналатын зат.
9.Офография бойынша дұрыс жазылған сөз?
А.Иә. Б.Иа. В.Ия. С.Іиә.
10. Орфография бойынша дұрыс жазылған сөз?
А.Жазза. Б.Жазса. В.Жасса. С.Жашша.
11. ЖОЛДАСТЫҚҚА деген сөз неше бөлшектен тұрады?
А4. Б.5. В.6. С.3.
12. Сөздің тұлғасы деген ұғымға нелер жатады?
А.Түбір және қосымша. Б.Сөйлем және мәтін. В.Сөз және бөлшек. С.Ұста, ата.
13. Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін не дейді?
А.Түбір. Б.Қосымша. В.Сөз. С.Мәтін.
14. Қосымша нешеге бөлінеді?
А.2. Б.3. В.4. С.5.
15. Жұрнақтар арқылы жасалған сөздер қалай аталады?
А.Туынды түбір немесе туынды сөз. Б.Дара. В.Негізгі түбір. С.Жалғау.
16. Жұрнақтың неше түрі бар?
А.2. Б.3. В.4. С.5.
17. Сөздер құрамы жағынан қалай бөлінеді?
А.Дара және күрделі. Б.Қос сөз және біріккен сөз. В.Түбір және қосымша. С.Дұрыс жауап жоқ.
18. Күрделі сөздер жасалу жолына қарай нешеге бөлінеді?
А.4. Б.3. В.5. С.6.
19. Қысқарған сөздер берілген нұсқа?
А.Ата-ана, әке-шеше. Б.ҰБТ, БҰҰ. В.Бүгін, ала. С.Жүз бес.
20. Қос сөз?
А.Үлкен- кіші. Б.Түбір. В.ППК. С.Ауыл.
21. Тіркесті сөз?
А.Шұбар ат. Б.АҚШ. В.Жаздыгүні. С.236.
22. Біріккен сөз?
А.Астан- кестен. Б.Көркемөнерпаз. В.Ұшақ. С.Қара торы.
23. Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді қалай атайды?
А.Күрделі сөз. Б.Дара сөз. В.Қос сөз. С.Қысқарған сөз.
24. Қос сөздер нешеге бөлінеді?
А.2. Б.3. В.4. С.5.
25. Қосарлама қос сөзі бар тіркес?
А.Тау- тау астық. Б.Үйдей- үйдей боп жатыр. В.Көзбе- көз сөйлесу. С.Ата- ана.
26. Қос сөз қатысқан сөйлем?
А.Талғатпен кеше кездестім.
Б.Бүгін 11- сыныпта ата- аналар жиналысы өтті.
В.Сабаққа жиі кешігеді.
С.Сар дала.
27. Күрделі сөз қатысқан сөйлем?
А.Бозторғай жұмыртқалаған жер.
Б.Дала тастай қараңғы.
В.Жүгіріп келе жатыр.
С.Дала, ақ.
28. Жұрнақ жалғанған сөз?
А.Шегеле. Б.Тар. В.Екі- екіден. С.Топ.
29. Тек қана түбірден тұрған сөздер?
А.Жаңбыр, жау, қала. Б.Түстік, көсеу. В.Ананы, таға. С.Ешкім, өйткені.
30. Септік жалғауында тұрған сөз?
А.Бозбала. Б.Алдаспан. В.Көрпешік. С.Орақты