- Сабақтың барысы
- І Психологиялық дайындық кезеңі
- ІІ Оқушыларды топтастыру
- ІІІ Үй тапсырмасын сұрау
- ІV Тыңдалым, айтылымалды тапсырмасы
- V Видеоролик
- VI Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
- VII Сабақты жинақтау
- VIII Үйге тапсырма беру
- ІХ Рефлексия
«
- Үй тапсырмасын сұрау Оқылым мәтініндегі кейіпкерге сын есімдерді қатыстырып,жазып келген хаттарын әр оқушы өз көршісіне беріп, оқып танысады; критерийге сәйкестігін анықтап, үздік хатты сыныпқа оқуға ұсынады. Дескриптор -хат құрылымын сақтайды; -хат мазмұнын аша біледі; -сауатты жазады; Қ/Б Оқушылар бірін-бірі бағалайды. Мұғалім үздіктерді анықтайды
Оқу мақсаты
- 5.1.3.1- тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,негізгі және қосымша ақпаратты анықтау. 5.4.4.4-сын есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу,сын есімді зат есім орнына қолдана білу.
Бағалау критерийлері
1.Оқылым стратегияларын қолданып, жалпы мазмұнын түсіну үшін оқиды, нақты ақпаратты табу үшін оқиды.
2. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолданады.
Жаңа сабақ
Оқылымалды тапсырма
« Уақытты тиімді пайдалану» тақырыбында шағын видеоролик көрсету.
Сұрақтар арқылы бүгінгі тақырыбымызды ашу
1.Абай атамыздың өз -өзіңе есеп бер деген ойын қалай түсінесіңдер?
2.Уақытты тиімді пайдалану үшін не істеу керек?
3.Күн тәртібін қалай жоспарлауға болады?
№ 1-тапсырма. “Ойлан, жұптас, талқыла”
Мәтінді толық оқып шығу
1-топ: Мәтінге ат қойып, мазмұнын айтыңдар.
2-топ: Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңдар. Сөздіктерді пайдаланып, сөйлем құраңдар
3-топ: «Алтындай қымбат уақытты бағалай білуді үйрендім» деген сөйлемнің мәнін түсіндіріңдер. Мәтіндегі нақты ақпараттарды анықтаңдар
Дескриптор
1. Мәтінге ат қойып, мазмұнын айта алады.
2. Мәтіндегі тірек сөздерді анықтай алады. Сөздіктермен жұмыс жүргізіп, сөйлем құрай алады.
3. « Алтындай қымбат уақытты бағалай білуді үйрендім » деген сөздің мәнін түсіндіре алады. Мәтіндегі нақты ақпаратты табады
Қ.Б. ”Бас бармақ” әдісі арқылы бағалау
Кері байланыс “Алақан, үш саусақ, жұдырық”
№ 2-тапсырма (Жеке жұмыс)
- 1.-топ: Мәтіндегі түбір сөздерді тауып , екі сөйлем құраңдар .
- 2- топ: Мәтіндегі жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді тауып, екі сөйлем құраңдар
- 3-топ: Мәтіндегі күрделі сөздерді тауып, екі сөйлем құраңдар
- Дескриптор:
- Мәтіндегі түбір сөздерді тауып , сөйлем құрай алады
- Мәтіндегі жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді тауып, сөйлем құрай алады, ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдана алады.
- Мәтіндегі күрделі сөздерді тауып, сөйлем құрай алады, ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдана алады.
- Қ.Б. Смайлик арқылы бағалау
№ 3 тапсырма Топтық жұмыс
1-топ: . “Қос диаграмма” әдісі бойынша елбасының балалық шағы туралы жазады
2-топ: Өз балалық шақтары туралы жазады
. Ұқсастық пен айырмашылық бар ма?
“ Қос диаграмма” әдісі
3-топ “Уақытты тиімді пайдалану” деген тақырыпта диалог құрастырыңдар
- Қ.Б.
- Қ.Б.
- Қ.Б.
- Табыс критерийі 1 2 3 1
- 1-топ:Елбасының балалық шағы туралы жаза алды
- 2- топ: өз балалық шақтары туралы жаза алды
- 3- топ: “Уақытты тиімді пайдалану” тақырыбында диалог құрастыра алды
- Сабақты бекіту
- Бүгінгі өтілген тақырып бойынша өз ойларыңызды бір сөйлеммен қорытындылаңыздар.
Үй тапсырмасы
“ Бестармақ” тәсілі арқылы “Уақыт” сөзіне “Бесжолды өлең” жазыңдар.
1.Бірінші тармақ-1 зат есім
2.Екінші тармақ-2 сын есім
3.Үшінші тармақ-3етістік
4.Төртінші тармақ- 1 сөйлем
5.Синоним
Рефлексия
- 1.Бүгінгі сабақтан алған әсерім______________
- 2.Маған сабақта не ұнады? _______не ұнамады? ______
- 3.Тапсырманы орындауда ______ қиналдым.