Қысқа мерзімді жоспар
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім «Өнер» Күні:19.01.18 | Мектеп: Талдықорған қаласы Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп- гимназия Мұғалімнің аты-жөні : Мухаева Ж.А | |||||
| Сынып: 3Б | Қатысқандар:24 Қатыспағандар саны: 0 | |||||
| Сабақ тақырыбы | Сөз таптары
| |||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын «зат есім,сын есім,сан есім,етістікті табу.» | |||||
| Сабақ мақсаттары | Тыңдаған мәтіннен тірек сөздерді белгілейді.Мәтін мазмұны бойынша қойылған ашық және жабық сұрақтарға жауап береді. Берілген сөздерді сөз таптарына ажыратып жазады.. | |||||
| Бағалау критерийлері |
| |||||
| Сөздік қор | Өнер, білім, ақыл. | |||||
| Пәнаралық байланыстар | Көркем еңбек | |||||
| Алдыңғы меңгерілген білім | Жалқы және жалпы есім | |||||
| Сабақ барысы | ||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
| Сабақтың басы 5 минут 5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. «Жүректен жүрекке» Балалар бір-бірімізге жақсы лебіздерімізді айтады. ІІ. Қызығушылығын ояту. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Оқу мақсаты:
Сабақтың тақырыбың оқушыларға аштыру Адасқан әріптер ішінен «сөз таптары»деген сөзді табады. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Соның негізінде бағалау критерийлерін анықтап, тақтаға жазу.Сабақтың соңында БК оралатындарыңызды ескерту. | Презентация
| ||||
| Сабақ ортасы 10 минут
10 минут 10 минут
2 минут
| (Ұ,Т)Тыңдалым . Мәтін бойынша тірек сөздерді белгіле Өнер деген не? «Өнер» сөзін екі мағынада түсінуге болады. Біріншіден ,ол адам қолынан шыққан,өндірілген заттар әлемін білдіреді де,»өндіру» «жасау» дегенді меңзейді.Екіншіден, «өнер»деп көркем шығармашылық пен оның нәтижелерін (бейнелеу,поэзиЯ,әуен,би және т.б.айтуға болады.Осыған орай әдеби шығармалар,көркем суреттер, мүсін,сәулет,музыка,кино,театр туындылары өне түрлеріне жатады. «Адамның сәні-оның өнері,білімі,ақылы»,-деген екен Жетес шешен.Адам баласы өнер,білім,ақылымен ерекшеленеді. Осы арқылы табысқа жетіп,қуанышқа кенеледі. Дифференциация: бірнеше балаға мәтінен тірек сөздерді анықтату.Оқушылар жауаптарын салыстырады.
(ҚБ) -Кімнің жауабы қызық болды? -Неліктен?
(Т,Қ) Топтық жұмыс Оқушылар берілген сөздерді сөз таптарына жіктейді.Бұл сөздердің «Өнер» тақырыбына қандай қатысы болуы мүмкін екенін айтады.
(ҚБ) - Берілген сөздерді сөз таптарына дұрыс жаздыма? -Егер қайта құрасытыратын болсаңдар, не қосар едіңдер? -Қандай топтың сөйлемдері жақсы жазылған? Топтар бір-бірін бағалайды смайлик қою арқылы.
Өнер, білім, ақыл сөздері қатыстырып екі сөйлем жазады. Сөйлемдегі сөздер қай сөз табына жататынын анықтайды. Жұптар өз ара бір-бірінін жұмысын тексереді. Мұғалім қай оқушы қате жібергені сұрайды.
Өзін-өзі бағалау
|
Тірек сөздер мен суреттер
Мәтін жазылған парақшалар
Суреттер
Тірек сөздер | ||||
| Сабақтың соңы 3 минут
| Рефлексия ? Сөйлемді жалғастыр.
Үйге тапсырма: «Менің сүйікті өнерім» атты мәтін құрастыру |
| ||||
| Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Оқушылардың құрастырған сұрақтары мен берген жауаптарын бағалаймын. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
| Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: оқушылар қосымша ақпарат айта алады, Қабылдау деңгейі төменірек оқушылар үлгі бойынша сөйлейді. |
Оқушылардың сөз таптарын дұрыс ажырату, тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді айтуы бойынша бағалаймын.
|
| ||||


Қазақ тілі. Сөз таптары (159 KB)

