Қазақ тілі
Тақырыбы: Э дыбысы.
Мақсаты: Э дыбысының дыбысталу ерекшелігін таныту; э дыбысының қандай сөздерде кездесетінін байқату; э арқылы жазылатын сөздердің мағынасын түсіндіріп, дұрыс жазуға жаттықтыру.
Барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
II Үй тапсырмасын тексеру.
III Жана сабақ.
1) Ой қозғау.
Қадыр Мырза Әлидің өлеңін жатқа жазу.
Э және е дыбысы бар сөздердін астын сызу.
Бұл дыбыстардын айтылуын салыстыру.
| Э | Е |
| Бұл дыбысты айтқанда ерін дөңгеленеді, тіл артқа жылжиды. | Бұл дыбысты айтқанда ерін алға жылжиды, тіл тіс арасында. |
Электр қуатының адам өмірінде алатын орны туралы әңгімелеу.
2) 1-жаттығуды орындау.
Торкөздерді э дыбысынан басталатын сөздермен толықтыру.
Сөздерді дұрыс айтып, қатесіз көшіріп жазу.
3) 3-жаттығу. Берілген сөздердегі көп нүктенің орнына э, е әріптерінің тиістісін қойып, бояу реңі бойынша сөйлемдер құрап айту.
Э дыбысы бар сөздерін түсіндіру.
Осы сөздерге ауызша дыбыстық талдау жасау.
Э дыбысы бар сөздерден мысалдар келтіру.
4) Сөздік диктант.
Эстрада, аэроклуб, экспедитор, аэроплан, экскаваторшы, эмблема.
Осы сөздерге түсініктеме беру.
5-жаттығу.
Жұмбақтың шешуін табу. (Шам)
Тапсырма: Эстрада әңдерін немесе халық әндерін айтатын әншілер туралы білетіндерін әңгімелетіп айтқызу.
5) Электр шамы туралы жұмбақ құрастыр.
а) өздігіңнен;
ә) ұйқас арқылы;
IV Сабақты қорытындылау.
V Үй тапсырмасын беру. 8-жаттығу.
VI Бағалау.

Қазақ тілі пәнінен "Э дыбысы" тақырыбына арналған жоспар (14.79 KB)

