Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Проверочные работы  /  3 класс  /  Қазақ тілі пәнінен 3 сыныптарға арналған «Деңгейлік тапсырмалар» жинағы

Қазақ тілі пәнінен 3 сыныптарға арналған «Деңгейлік тапсырмалар» жинағы

П?нді о?ытуды? жалпы ма?саты тіл туралы о?ушыларда т?тас ?ылыми ??ым ?алыптастыру, тіл ?ылымы туралы негізгі ережелерді ме?герту; ауызша ж?не жазбаша с?йлеуді? коммуникативтік білігі мен да?дысын игерген тілдік т?л?а ?алыптастыру.

П?нді о?ытуды? жалпы міндеттері – ?азіргі та?да б?секеге ?абілетті азамат т?рбиелеу, ?стазды? алдына ?ойыл?ан ?лкен міндеттерді? бірі. Сол міндеттерді орындау тілді жа?сы ме?гертіп, оны ?лкен де?гейден ?ткізу болып табылады. Сонымен ?атар тек ?ана с?йлей ?оймай, о?ушыларды? логикалы? ойлау ?абілеттерін, м?мкіндіктерін к?теру де ?лкен м?селеге айналып отыр. Міне, осындай міндеттерді орындау ма?сатында де?гейлік тапсырмалар ??растырылып отыр. Олар ?р баланы? м?мкіндіктерін ескеріп, м?мкіндігі жо?ары о?ушылар мен т?мен о?ушылар?а ба?ыттал?ан.

29.10.2016

Содержимое разработки


Түсінік хат

Бүгінгі бала, ертеңгі азамат, мемлекетімізді ары қарай дамытушы тұлға. Сондықтан да білім негізі бастауыш сыныптан бастап қаланады. Бастауыш сатыдан бастап білім беру процесімен бірге тәрбие де жүреді.

«Қазақ тілі» – бастауыш сынып оқушыларын алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрін меңгертетін және олардың ақыл-ойын дамытатын пән.

3. Пәнді оқытудың жалпы мақсаты – тіл туралы оқушыларда тұтас ғылыми ұғым қалыптастыру, тіл ғылымы туралы негізгі ережелерді меңгерту; ауызша және жазбаша сөйлеудің коммуникативтік білігі мен дағдысын игерген тілдік тұлға қалыптастыру.

4. Бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгерту, сауатты жазу, оқу дағдылары жетілдіру, интеллектісі мен шығармашылық қабілеттерін, қатысымдық құзыреттілігін дамыту, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

«Деңгейлік тапсырмалар арқылы » балаға жеңілден қиынға қарай тапсырмалар орындау нәтижесінде алған білімдерін тексеріп бекітумен бірге, логикалық ойлау қабілеттерін де дамытады.

Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған. Мектеп бағдарламасына сәйкес келеді. Оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімдерін тереңдете түсуге, тілдік объектілерінің қыр – сырын біліп, өзіндік ерекшеліктерін тани алуға, әр алуан тапсырмалар арқылы білім деңгейін молайтуға мүмкіндік береді. Тапсырмалар оқушылардың сабақта, сабақтан тыс кезде жұмыс істеуіне , тіл дамыту, жазу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жинаққа еңгізілген тапсырмалар мен жаттығуларды оқушылардың білім деңгейіне, мүмкіндігіне қарай пайдалана алады, яғни жұмыс түрлерін оқушылармен жеке- жеке жүргізуге, өтілген материалдарды жүйелі қайталауға болады. Жинақта белгілі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тақырыптарды қорытындылауда, жинақтауда, пысықтауда пайдаланатын кестелер түрлері берілді. Жинаққа енген материалды үлестірме және жеке тапсырмалар кестесі түрінде де пайдалана алады.

Көмекші құралға қазақ тілін оқытуда пайдаланылған шығармашылық тапсырмалар да ұсынылып отыр. Тапсырмалар оқулықтағы «Сөз таптары» тарауы бойынша «Зат есім», «Сын есім», «Сан есім», «Етістік», «Есімдік», «Үстеу», «Еліктеу», «Шылау», «Одағай» тақырыптарын түгелдей дерлік қамтиды.

Осындай тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар өзін- өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады.







«Деңгейлік тапсырмалар » келесі құжаттар бойынша құрастырылған:


  1. «Астана – 2013» бағдарламасы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде

№ 8424 тіркелген.;

  1. «Әдістемелік нұсқау хат» - 2016-2017 оқу жылы;

  2. «Оқушы анықтамасы» арман-пв баспасы 2003жыл;

  3. О.И.Мырзагельдинова, «Сборник тестовых заданий»;

  4. Ә.Ә.Слямхановна, «Логика кітабы».





























Павлодар қаласындағы «Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты» кешені ММ















Қазақ тілі пәнінен 3 сыныптарға арналған

«Деңгейлік тапсырмалар» жинағы
















Құрастырған: Канафина Толқын Бакибековна







Мазмұны:

  1. Түсінік хат

  2. Күнтізбелік жоспар

  3. Мақсат-міндеттері

  4. Деңгейлік тапсырмалар (іріктеліп алынған, әлі де толықтырулар енгізілуі мүмкін, рұқсат етілген)

  5. Қолданылған әдебиеттер тізімі





















Күнтізбелік жоспар


Тақырыптары

Сағат саны

Күні

Сөз таптарына байланысты деңгейлік тапсырмалар

9

-

Зат есімге байланысты тапсырмалар

1


Етістікке байланысты тапсырмалар

1


Сын есімге байланысты тапсырмалар

1


Сан есімге байланысты тапсырмалар

1


Есімдікке байланысты тапсырмалар

1


Үстеуге байланысты тапсырмалар

1


Есімшеге байланысты тапсыпмалар

1


Одағай сөздер

1


Еліктеу сөздер

1


Фонетика бөліміне байланысты тапсырмалар

8


Лексика бөліміне байланысты тапсырмалар

7


Мақал-мәтелдер, жұмбақтарға байланысты тапсырмалар

5


Логикалық тапсырмалар

5


















Пәнді оқытудың жалпы мақсаты тіл туралы оқушыларда тұтас ғылыми ұғым қалыптастыру, тіл ғылымы туралы негізгі ережелерді меңгерту; ауызша және жазбаша сөйлеудің коммуникативтік білігі мен дағдысын игерген тілдік тұлға қалыптастыру.

Пәнді оқытудың жалпы міндеттері – қазіргі таңда бәсекеге қабілетті азамат тәрбиелеу, ұстаздың алдына қойылған үлкен міндеттердің бірі. Сол міндеттерді орындау тілді жақсы меңгертіп, оны үлкен деңгейден өткізу болып табылады. Сонымен қатар тек қана сөйлей қоймай, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, мүмкіндіктерін көтеру де үлкен мәселеге айналып отыр. Міне, осындай міндеттерді орындау мақсатында деңгейлік тапсырмалар құрастырылып отыр. Олар әр баланың мүмкіндіктерін ескеріп, мүмкіндігі жоғары оқушылар мен төмен оқушыларға бағытталған.































Балалардың мүмкіндік деңгейін ескере отырып мысал ретінде енгізілген кейбір деңгейлік тапсырмалар жинағы

(Әлі де іріктеуден өткізуге рұқсат берілген)


ІІІ деңгей

1. Мектеп туралы қандай мақал – мәтел білесің?

2. Ашса, мектебім, ақ ешкі, дәптерлер. Қарамен жазылған сөздердің үндесу заңдылықтарын айт.

3. Еріндік, езулік дауыстыларды айтып бер.


ІІ деңгей

1. Дауысты дыбыстардың түрлерін анықтап, кестені толтыр.


дауысты дыбыстар

тілдің қатысына қарай

жақтың қатысына қарай

еріннің қатысына қарай


2. Ашық буынды бір бөлек, тұйық буынды бір бөлек, бітеу буынды бір бөлек теріп жаз.


І деңгей

Ұстаздың қандай болуын қалар едің? Ұстаз тақырыбына шағын әңгіме жаз.









ІІІ деңгей

  1. Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?

  2. Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?

  3. Төмендегі сөздердің ішінен тек қатаң дауыссыз дыбыстан басталытын сөздерді теріп жаз.

Дала, қала, бала, қатар, су, қамшы, жаз, түлкі, тазы, перне.

ІІ деңгей

  1. Дауыссыз дыбыстар түрлерін еске түсіріп, кестені толтыр.

Дауыссыз дыбыстар

  1. Сатылай кешенді (фонологиялық) талдау жаса.

Ұшқыштар, жүргізуші, талапкер, оқушы.

І деңгей

Тек дауыссыз дыбыстан басталатын сөйлем немесе өлең жолдарын

құрастыр.






ІІІ деңгей

  1. Буын неше түрге бөлінеді?

  2. Қырғауыл сөзінде неше буын бар?

  3. Төмендегі сөздерді буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.

Қарлығаш, шағала, бозторғай, аққу, бірқазан, сұңқар, шымшық.


ІІ деңгей

  1. Буын түрлерін еске түсіріп, мысалдар жаз.


буын


  1. Буын, дыбыс үндестігіне байланысты әңгімеле. Әр буындағы әріп саны бірдей ме? Мысал келтіріп дәлелде.


І деңгей

Дауысты дыбыстарға жұмбақ құра:


Көлде бар,

Бұлақта жоқ.

Шөлде бар,

Құрақта жоқ. (ө)

























ІІІ деңгей

  1. Мәтінді оқып, түсініп ал. Дыбыс үндестігі дегеніміз не?

Күбі

Қазақ жерінде күбі - ағаштан жасалынып, май шайқауға, қымыз, шұбат пісіруге, кейде көже ашытуға арналған піспе шелек. Күбінің ауыз жағы жіңішкелеу келеді де, дөңгелек қақпағының үстінде піспек өткізетін тесік жасалынады. Қазақтар күбі мен піспекті қайыңнан, еменнен, аршадан, жидеден және т. б. ағаштардан жасайды.

( «Қазақ халқының салт – дәстүрлері» кітабынан.60-б.)


  1. Көп нүктенің орнына қосымшалардың тиістісін қойып жаз.

Бала... дәптері, гүл... шоғы, ата... с уреті, көкек.. дауысы.

  1. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларға мысалдар келтір.


ІІ деңгей

  1. Үндестік заңын еске түсіріп, әр түріне мысал теріп жаз.


үндестік заңы

буын үндестігі

дыбыс үндестігі

үндестік заңына бағынбайтын қосымшалар





  1. Естілуі бойынша берілген сөздерді орфографиялық норма бойынша жаз.

Башшы, Сарарқа, Дошшан, жасса, сөмбеді, жамбады, тайақ, үшүн.


І деңгей

Өзіңе ұнайтын ұлттық тағамның жасалу тәсілін әңгімелеп бер.











Зат есім

ІІІ деңгей

  1. Зат есім дегеніміз не ?

  2. Берілген сөздерге жұрнақ жалғап, туынды зат есім жаса.

Қой, ой, би, күй, ән.

  1. Күрделі зат есімдердің астын сыз.

Біржан, Сарыөзек, Арқа, Балықты көл, Есіл, Амангелді.


ІІ деңгей

  1. Мақал – мәтел жазып, мағынасын түсіндір. Ішінен зат есімді тап.

  2. Төмендегі үлгі бойынша зат есімдерге талдау жаса.


сұрақтары

мағынасына қарай

құрамына қарай

тұлғасына қарай

зат есім жасайтын жұрнақтар

зат есім жасайтын жұрнақтарға мысал келтір


І деңгей

«Табиғат –біздің екінші анамыз» тақырыбына ойтолғау жаз.




























Сын есім


ІІІ деңгей

  1. Сөз төркініне көңіл бөл. Сын есім болса, оның жасалу жолын айт.

а) Адал дос алтыннан қымбат.

ә) Ақылды қасыңнан қорықпа,

Жарымес досыңнан қорық.

б) Ақ пейіл болсаң, ас жерсің,

Тәкаппар болсаң тас жерсің.

  1. Төмендегі сын есімесімдерге жақша ішіндегі зат есімдердің лайықтысын тіркеп жаз.

Өнерпаз (сөйлем) Басыңқы (суретші)

Түйінді (шапан) Әуесқой (ой)

Жасанды (бала) Таңдаулы (адам)

Сөзшең (гүл)

  1. Төмендегі сын есімдердің антонимдік жұбын тап.

Ащы, биік, бойшаң, жуас, әдемі, ақ, жасанды, ақылы.

ІІ деңгей

  1. Төмендегі сын есімдерді сапалық, қатыстық түрін ажыратып жаз.

Қызыл, әдемі, ажарлы, орманды, тәтті, келбетті, жақын, тату, көк ала, білгіш, кем, күзгі.

  1. Кестені толтыр.

Сұрақтары


Мағынасына қарай түрлері (мысал келтір)

1.

2.

Сын есім тудыратын жұрнақтар


Сын есімнің шырайлар атауы

(жасалу жолдары және мысал келтір)


Сын есімнің сөйлемдегі қызметі



І деңгей

« Алтын күз» деген тақырыпқа сын есімдерді қатыстырып мәтін құра.








Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. С. Исаев, К. Назарғалиева, Ж. Дәулетбекова. «Қазақ тілі тіл дамыту құралы оқулығы»

  2. Ж. Дәулетбекова. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.

  1. З.Қ. Жарықбаев «Ақылдың кені» ЖШС, 2008;

  2. С. Исаев, М. Мұқышева. Қазақ тілі бойынша дидактикалық материалдар. А., «Атамұра», 2002

  3. Г. Байтілеуова, Г. Боранбаева. Қазақ тілі бойынша дидактикалық материалдар. « Мектеп», 2004

  1. О. Байзақова Қазақ тілі. Морфология. «Арман ПВ», 2003

  2. «Астана – 2013» бағдарламасы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде

№ 8424 тіркелген.;

  1. «Әдістемелік нұсқау хат» - 2016-2017 оқу жылы;

  2. «Оқушы анықтамасы» арман-пв баспасы 2003жыл;

  3. О.И.Мырзагельдинова, «Сборник тестовых заданий»;

  4. Ә.Ә.Слямхановна, «Логика кітабы».


















 

 

 










-75%
Курсы повышения квалификации

Современные методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қазақ тілі пәнінен 3 сыныптарға арналған «Деңгейлік тапсырмалар» жинағы (91.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт