Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  7 класс  /  Қазақ тілі "домбыра. етістік" 7 сынып сабақ әзірлемесі

Қазақ тілі "домбыра. етістік" 7 сынып сабақ әзірлемесі

Разработка урока по казахскому языку "Домбыра. Етістік" 7 класс

07.02.2017

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: «Домбыра», 5 сынып етістіктің шақтары

7 сынып көсемшені қайталау

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: оқушыларды халқымыздың ұлттық аспабы домбыра туралы толығырақ мағлұмат беру. 5 сынып «етістіктің шақтары», 7 сынып «көсемше» тақырыптарынан алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыру;

Ә) Тәрбиелік: қазақ халқының мәдениетін сүюге, қадірлеуге баулу. Өнерлі замандасымызды мақтан ету, оның ісіне деген қызығушылығын арттыру;

Б) Дамытушылық: қазақ тіліндегі мәтінге көз салып, құлақ түріп, көргені мен естігенін сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сөйлеу, талдау, шығармашылық жұмыс

Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, технология сабақтары

Сабақтың көрнекілігі: проектор, үлестірмелер.

Бағалау сабақтың әр кезеңінде стикер қағаздармен жүргізіледі. Көк түс – «бес», жасыл түс – «төрт», сары түс – «үш». Сабақтың соңында қай түстегі стикер қағаз көп болса, оқушыға сондай баға қойылады.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Сұрақ-жауап

  3. Тыңдалым: «Домбыра»

  4. Сөздікпен жұмыс

  5. 5 – сынып - ауызша, 7 сынып - компьютермен жұмыс7

  6. 5 – сынып – семантикалық карта, 7 сынып - мақал-мәтел \ауызша\

  7. Психологиялық тренинг, жазылым

  8. Бағалау, қорытындылау


5 сынып

7 сынып

① Ұйымдастыру бөлімі

  • Әрбір сабақ?

  • Үйрену, ұғу, ұлағат!

  • Әрбір есім?

  • Тірлік, тірек, адамдық!

  • Әрбір сөзім?

  • Шындық, бірлік, адалдық – дей отырып сабағымызды бастайық.

Мақсатын айту \1 мин.\

  • Етістік дегеніміз не?

Етістік – заттың қимылын, іс-әрекетін, күй-жайын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті? Мысалы: ойнады, биледі

  • Етістіктің құрамына қарай қандай түрлері бар? Мысал келтір.

Етістік құрамына қарай негізгі етістік (кел, бар, көр, ал), туынды етістік (шегеле, ойна, кешік, азай) болып бөлінеді.

  • Етістіктің ерекше түрлерін ата? Мысал келтір.

Етістіктің ерекше түрлері – есімше (қалған, тыңдайтын), көсемше (жүгіре, күрескелі)

  • Есімше дегеніміз не? Мысал келтір.

Әрі есім, әрі етістік мәнінде қолданылатын және соларша түрленетін етістіктің ерекше түрі есімше деп аталады. Келе жатқандар тоқтай қалды. Келе жатқандар \кімдер?\ Біз көп оқитынбыз. Оқитынбыз. \не істейтінбіз\

  • Көсемше дегеніміз не? Мысал келтір.

Негізгі қимыл, амалды білдіретін немесе оны айқындай түсіп, қосымша қимыл, амалды білдіру қызметінде жұмсалатын етістіктің түрі көсемше деп аталады. Кітапты жатып оқыма. Жатып \қайтіп\. Еділ әңгімесін айта бастады. айта\не істей?\

  • Етістіктің шақтары туралы не білесің? Мысал келтір.

Етістіктің үш шағы бар. Өткен шақ \айттым\, келер шақ \жазамын\, осы шақ \жазып отырмын\.

  • Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады. Мысал келтір.

Етістік сөйлемде көбінесе баяндауыш қызметін атқарады.

  • Болымсыз етістік қалай жасалады?

Болымсыз етістік негізгі не туынды түбір етістіктерге –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. \6 мин\

Қазір біз ұлы Құрманғазы атамыздың «Сарыарқа» күйін тыңдаймыз.

(Күй тыңдалады) \1 мин\

Естіген күй қандай аспаптарда орындалған?

Тағы қандай қазақ халқының аспаптарын білесіңдер?

(қобыз, жетіген, дауылпаз)

Тақтада суреттер көрсетіледі.

Мұғалім: Қазақтың ұлттық аспаптарының ішінде домбыраның орны ерекше. Бұл көне музыка аспабының бірі.(сурет) Тақтадан тасқа қашалған суретті көріп отырмыз, бұл сурет, тарихшылардың айтуынша, б.д.д. төрт мың жыл болып есептеледі. Сабағымыздың тақырыбы «Домбыра» болғандықтан, жерлесіміз Болат Зиядаұлының шеберханасына қонаққа барамыз. \2 мин\

Видеокөрініс. \7 мин\

Cөздікпен жұмыс:

Строгать – сүргілеу

Стругать – жоңғылау

Точить – жону

Обработать – өңдеу

Собирать – жинау, құрау, құрастыру

Шлифовать – тегістеу

Құлақтар – колки

Перне байлау – перевязка ладков

Шанақ – корпус

Шектер – струны

Перне – ладок

Мойын - гриф

Тиек – подставка

Қалақша – сегмент, клёпка

Қағазда орысша жазылған сөздер бар, сендер қазақша аудармасын жазып алуларыңыз қажет.

\2 мин\

Сөздіктегі етістіктерден таңдап алып, ауызша етістіктің бір шағында үш жақта жіктеу.

Осы шақ

Өткен шақ

Келер шақ

Тест

  1. Көсемше қай сөз табынан жасалады?

А) есімдік ә) етістік

Б) үстеу в) зат есім

2. Көсемше қалай аударылады?

А) деепричастие ә) причастие

Б) местоимение в) наречие

3. Көсемшенің жұрнақтарын тап

А) –сы, -сі ә) –ар, -ер

Б) –тын, -тін в) - ып, -іп, -п

4. Көсемше тұлғасында тұрған сөз тіркестерінде тап:

А) барған жоқ ә) айтып кел

Б) ауылға бар в) сабақты оқы

5. Көсемше тұлғасындағы сөйлемді тап

А) Жауға аттануға рұқсат сұрады. ә) Ақботаны да көргім келеді.

Б) Бұл сөзін Әсия іштей онша қабылдаған жоқ.

в) Абай мұны біліп жүр еді.

6. Қай қосымша жіктелмейді:

А) –атын ә) –ар

Б) –ғалы в) -етін

7. «Той бастар», «Бұлбұл», «Әсемқоңыр» күйлерінің авторы.

А) Тәттімбет Қазанғапұлы

ә) Нұрғиса Тілендиев

Б) Құрманғазы Сағырбаев

в) Дина Нұрпейісова

8. 1938 жылы Қазақ музыка театрында қазақтың тұңғыш балеті қалай аталады?

А) «Еңлік-Кебек»

ә) «Қалқаман-Мамыр»

Б) «Қыз Жібек»

в) «Достық жолымен» \5 мин\


Тексеру 1 минут

Семантикалық карта
























Тексеру бір минут

Мақал-мәтел білеміз бе?

Мұғалім тақтада мақал-мәтелдің бірінші жартысын көрсетеді, ал оқушылар екінші жартысын өздерінің қолдарындағы үлестірмелерге қарап екінші жартысын айтады.

Өнерлі жігіт өрге озар,

Өнерсіз жігіт жер соғар.

Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер.

Өнерсізден қашып жүр,

Өнермен үлгі шашып жүр.

Өнерді көп білетін дана болар,

Өнерсіздің ісі шала болар.

Өнерлі өрге жүзеді.

Өнерді үйрен де, жирен.

Таппасаң сөздің жүйесін,

Отына өзің күйесің.

Ақылдының сөзі қысқа,

Көпке болар нұсқа.

Шешен сөз бастар,

батыр қол бастар.

Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

Тіл тас жарады,

тас жармаса бас жарады.

Ойлай берсең, дана боларсың,

Ойнай берсең, бала боларсың.

Көз көргенге тоймайды,

Құлақ естуді қоймайды.

Сергіту сәті \1 мин\ «жаңбыр»

«Біз танимыз ба?» ойыны.

Атақты әнші-күйшілердің суреттері.

\5 мин\

Психологиялық тренинг.

Бұл тренинг оқушылардың білімдерін тексерумен шектелмей оқушының естігенін бейне түрінде есте сақтау, оны қайталап ой елегінен өткізіп айту, ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Оқушыларға көздерін жұмғызып, мәтін мазмұнын естіген кезде, домбыра күмбірін тыңдап отырып, естігендерін бейне түрінде елестету керек екенін айту.

«Ал, енді, оқушылар, жайланып отырыңдар, көздеріңді жұмыңдар, бойларыңды еркін ұстап, босаңсып отырыңдар».

Мәтін (баяу оқылады)

Баяғы өткен заманда асқан бай болыпты. Ол байдың ай десе аузы, күн десе көзі бар керемет сұлу қызы болыпты. Бай қызын өзі сияқты байдың ұлына атастырған екен. Бірақ қыз өз әкесіне жалшы болып жүрген кедей жігітті ұнатады. Мұны сезген бай, кедей жігітті дарға астыртып, қызын бай ұлына қосады. Көп ұзамай қыз егіз нәрестелі болады. Мұны естіп ашуланған бай «Егіз баланы жалмауыз кемпірге беріп, көзін құрт» дейді. Жалмауыз екі баланы ен далаға апарып, бір терекке зарлатып байлап кетеді. Қыз болса екі баласын ойлап, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалады. Қос нәрестесін іздеп жолға шығады. Күн жүреді, ай жүреді, жыл жүреді, әбден шаршап, бір теректің түбіне жата кетеді. Ұйықтап кеткен екен, бір кезде құлағына шырылдаған нәрестенің дауысы естіледі. Оянып кетсе ештеңе жоқ. Тек екі ішек кәрі теректің ойылған жеріне келіп, бір-бірімен түйісіп, дыбыс шығарып тұр екен. Қыз әлгі ішекті ала салып, теректің ойылған жеріне байлап, өз мұңын тарқатса керек.

Мұғалім тренинг мәтінінің мазмұнын қайталап айтқан соң, оқушылар көздерін ашып, мәтіннің мазмұнын ойша рет ретімен елестетіп есте қалған етістіктерді дәптерлеріне жазады.

Тренинг жеңімпазы мәтін мазмұнына сәйкес ең көп етістік жазған оқушы болады. \8 мин\

Бағалау \2 мин\

Сабақ ұнады ма? Сабақ соңындағы көңіл күйлеріңді бет бейнесіне салып көрсетіңдер.

Қорытындылау. \1мин\

Қоңыр үні күмбірлесе қос ішектен,

Сиқырлы әуен бұл бір неткен.

Келеді көз алдыма өркеш-өркеш

Белесі бабамыздың жүріп өткен.








-80%
Курсы дополнительного образования

Основы правильного питания

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қазақ тілі "домбыра. етістік" 7 сынып сабақ әзірлемесі (21.3 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт