Қазақ тілі
Буын үндестігінде маңызды рөл атқаратын дыбыс:
А)дауыссыз дыбыс В) дауысты дыбыс
С) буын Д) екпін
2. Дыбыс үндестігіне сай дұрыс жазылған сөздер қатарын тап.
А) архивқа, шауып, жүреккі В) архивке, шауып, жүрегі
С) архивқа, шабып, жүрекгі Д) архивқа, шапып, жүрекі
3. Дұрыс тіркескен сөзді тап
А) әдеби тіл В) жуас өзен
С) тәртіпті ой Д) семіз кітап
4. Қай көптік жалғау бір заттың бірнеше адамға ортақтығын білдіртіп тұр?
А) сендердің отандарың В) үйлердің алды
С) есіктердің түсі Д) балаларым келді
5. Құрмалас сөйлемді көрсет.
А) үлкенді сыйлау – қазақ халқының ата салты
В) жерге төгілген тұз еріп, сіңіп кеткенше ол жерді баспайды
С) мұнда табиғи қалалар, табиғи сарайлар кездеседі
Д) ол аңдардың қимыл-қозғалыстарын қызықтап ұзақ тұрды
6. Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауды қойыңдар
Қыз ..., Әсетті көрмедің бе? – деп сұрады әже.
А) –ың В) –ы С) –ыңыз Д) –ым
7. Күрделі мүшесі бар сөйлемді тап
А) Балауса қызықты кітапты оқыды В) Балауса оқыды
С) Балауса кітапты оқыды Д) Балауса оқып отыр
8. Қандай тыныс белгісі жетпей тұрғанын анықта. Тәуелсіз елдің тірегі білімді ұрпақ.
А) үтір В) нүкте В) леп белгісі С) көңіл – күйін жеткізу
9. Сөйлемнің мақсатын көрсет: Жұрт бір – бірімен әзілдесіп, көңілді отырды.
А) хабарлау В) өтіну С) жауабын білу Д) көңіл-күйін жеткізу
10. Сөз тіркесі неден құралады?
А) бір не екі сөзден В) бір ғана сөзден
В) екі не одан да көп сөзден С) буындардан
11. «Сыпайымын» сөзіне қандай жалғау жалғанған?
А) көптік жалғау В) тәуелдік жалғау
С) жіктік жалғау Д) септік жалғау
12. Туынды сөздерді көрсет
А) диктантты, дәптерге В) малшы, оқушы
С) еліктің, аққаудан Д) түбіт, кісен
13. Мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні дегеніміз не?
А) жоспар В) ат қою С) негізгі ой Д) тақырып
14. Қай қос сөздің сыңарлары бір – біріне қарама-қарсы мағынада қолданылады?
А) қолма-қол В) көйлек-көншек
В) ауыр-жеңіл Д) анда-санда
15. Адамды қашан «мұзға отырғызып кетеді» ?
А) оқығанда В) ауырғанда С) алдағанда Д) демалғанда
16. Үш сөзден біріккен сөзді тап
А) Қожахмет В) Төрегелді С) Құлмұхамбет Д) Ұлмекен
17. Көп нүктенің орнына керекті сын есімді жазыңдар:
... адам – елдің ырысы
... жер – жанның тынысы
А) оқыған, таулы В) жақсы, бай
В) жақсы, жақсы С) білімді, сулы
18. Сөйлемдерде бір-бірінің орнына қолданыла беретін сөздерді тап.
А) тегін, тегіс, тігін В) сызық, сынақ, жазық
С) жазды, бақыт, кесті Д) жолықты, кездесті, ұшырасты
19. Нешінші? Деген сұраққа жауап беретін сан есімді ... сан есім дейміз.
А) есептік В) реттік С) көптік Д) жинақтық
20. Ауыспалы мағынада айтылған сөйлемді тап.
А) арыстан – аң патшасы В) ара гүлге қонды
С) арамен ағашты арала Д) арыстан еді – ай, Исаьай
21. Біріңғай сөйлем мүшелері бар сөйлемді анықта.
А) ондай мал мен құстың, аңның, адамның неше алуан мүсіндері тізіліп тұр.
В) мал өрістен қайтып, айнала у-шуға айналды
С) біздер, деті-сегіз бала, жаздыгүні тоғайға бардық
Д) демалыс күні анам дәмді тамақ пісірді
22. Жіктік жалғауының жекеше 1-жағының жалғауы
А) – быз, - біз В) – сың, - сің, - сыңдар, - сіңдер
С) – мын, - мін, - бын, - бін Д) - мын, -біз, -міз, -мін
23. Жалғау жалғанған сөз
А) ғалымның В) білім С) жылқышы Д) кәсіпкер
24. ЖАй сөйлемді анықта
А) балалар шомылып жүр В) астана – әдемі қала
С) Қонақтар келді Д) аспанда бұлт қоюлана түсті


Қазақ тілі 4 сынып (тест) (17.76 KB)

