Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Планирование  /  5 класс  /  Қазақ театр өнерінің қалыптасуы

Қазақ театр өнерінің қалыптасуы

10.12.2020

Содержимое разработки

«Жас актер» театр үйірмесі

Сабақтың  тақырыбы: Қазақ театр өнерінің қалыптасуы 

Сабақтың мақсаты:

  1. Қазақ театр өнерінің қалыптасуы  жайлы түсінік беру.

  2. Театр өнерінің ерекшелігі жайлы айту, талдау жасау.

  3. Оқушыларды өнерді сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: танысу сабағы

Сабақтың әдісі: СТО, АКТ, дарынды мен талантты балалармен  жұмыс

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

2 Психологиялық дайындық 

Қызығушылықты ояту

Берілген өлең жолдарын «Дыбыс шкаласы» әдісі арқылы оқыту. Оқушылардың мәнерлеп оқу және дауыс ырғағын қалыптастыруға арналған жаттығу.

Әдептілік дегенің,

Әрқашанда керегің.

Әсемпаздық дегенің,

Әуре сарсаң әлегің.


ІІ.Өзектендіру. Жетекші сұрақтар қою.

  1. Театр деген не?

  2. Театр басқа өнер түрлерінен несімен ерекшеленеді?

  3. Театр неден пайда болды?

  4. Театрдың қандай түрлері бар?

ІІІ.Жаңа сабақты танысу.

 Берілген  мәтінге  назар аударып , сабақтың тақырыбын ашу.

Театр шығармашылығы оқушыларды өнерге деген қызығушылығын арттырады, ой-қиялын, зейін, есте сақтау сияқты қабілеттерін арттырады. Ұжымда жағымды психологиялық атмосфераны қалыптастырады. Үйірме жұмысы оқушылардың бір-бірімен тіл табыса білуі, өз ойларын, білімдерін ортаға салып, өз білгенін басқалармен бөлісе білуге үйретеді.

2.Мәтінмен жұмыс.

а) Мәтінді оқу.

Көптеген мәдениеті жоғары дамыған елдердің театр залы үнемі көрерменге толы болады. Театрды күнделікті өмірінің бір бөлшегіндей көріп, тіпті кейбірі өмірін онсыз елестетуге қорқады. Ал бізде ше? Бізде қалай? Сахна бос емес, шымылдық ашулы… Ал көрмендер залы ше? Сахна ауасын сағынып, өнерге шөлдейтіндердің саны тым азайып барады.
«Театр мұражай сияқты, біз оған бармаймыз, бірақ оның бар болғанына қарсы емеспіз» дейді атақты актриса Гленда Джексон. Иә, расында солай ғой. Театр, театр деп жар салып жатамыз. Ал оған барып жатқан қаншамыз бармыз? Уақыт жоқ дейсіз бе? Тұрмыстық проблемалар, күнделікті күйбең тіршілік, күн көріс үшін жан талас, бала-шағаның қамы үшін қарбалас… Сізді демалыссыз жұмыс жасауға мәжбүр ететін де осы бітпейтін проблемалар. Уақыт тауып, демалыңыз. Материалдық байлықпен қоса рухани байлық та жинаңыз.

Компьютермен дос болған балаңызды неге театрға алып бармасқа?
«Адам бүгін театрға ертең адам болып қалу үшін барады» дейді атақты режиссер Робер Лепаж. Театр – нағыз тәлім-тәрбие мен тағылымның ортасы. Киелі өнердің ордасына бас сұққан бала мәдениетті де үйренеді. Сахнаға көз тіккен бала өмірді көреді. Жақсы мен жаман арпалысып жатқан заманның ащы шындығын біліп, ақ пен қараның ара жігін ажырата алады.

Нағыз мәдениет те, нағыз өнер де театрда.
Тапсырма жұмыстары орындалады:

Кластер құру.

1. Театр өнері қандай өнер?
………..  …………………………………………………..
2. Ойыңызды дәлелдеңіз.
…………………………………………………………….
…………………………………………………………….
…………………………………………………………… 

3. Театр өнері қазіргі таңда қалай дамуда?
…………………………………………………….. ………………….
4.Олай ойлауыңыздың себебі:

А) ……………………………………………………………………..
Ә)………………………………………………………………………
Б)……………………………………………………………………….

5. Бес жолды өлең құру.
……………………………………………………………………
Өнер. Оқушылардан өздері ұнататын өнер түрлері туралы қызықты ақпараттар айту сұралады.
Тақтаға 3 ұяшық ілінеді.
Кім театрға барды?
Кімге театр ұнайды?
Кім театрға барып көрмеді?
(оқушылар әрбір сұрақтан соң ұяшыққа стикер апарып жапсырады. Сыныпта қанша оқушы театрға барғаны, қаншасына ұнайтыны, нешеуі әлі барып көрмегені анықталады)
Қосымша тапсырмалар:
Мәтінмен жұмыс.

Бағалау
Қалыптастырушы   бағалау дискрипторы:
1.Мәтін мазмұнын түсінеді.
2. Өз ойын еркін жаза алады.
3.Негізгі ойды күнделікті өмірмен байланыстыра алады.







-80%
Курсы повышения квалификации

Система работы с высокомотивированными и одаренными учащимися по учебному предмету

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қазақ театр өнерінің қалыптасуы (28.01 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт