Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Мероприятия  /  2 класс  /  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Тәрбие сағаты рәміздер күнінен арналған 2 сынып оқушыларына

09.01.2018

Содержимое разработки

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Мақсаты:
1. Еліміздің Мемлекеттік нышандары туралы түсінік беру
2. Мемлекеттік нышандарды құрметтеуге , сүюге ,қастерлеуге тәрбиелеу.
3.Ұлтжандылыққа , елін, жерін сүйетін патриот азамат тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні орындау.

-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы не білесіңдер?

ІҮ. Жаңа сабақ:

Мұғалім:

Мемлекеттік Гимн –Отанға арнап айтылатын салтанатты дәріптеу ән. Гимн –Елтаңба, Ту сияқты мемлекеттік рәміз. Бірақ Елтаңба мен Тудан өзгешелігі оны (мәтіні мен нотасы) көресің әрі ести де аласың немесе өзіңнің айтуыңа да болады.

- Балалар, Мемлекеттік әнұран қай кезде орындалады ?

Оқушы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік маңызы бар оқиғалар кезінде орындалады:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық мерекесі мен басқа да мерекелік күндерге арналған салтанатты жиналыстар мен отырыстарды ашу мен жабу кезінде

2. Ел өміріндегі аса маңызды тарихи оқиғаларды атап өту құрметіне ескерткіштер, монументтер, құлпытастар мен өзге де құрылыстарды ашу кезінде

3.Салтанатты іс-шаралар кезінде мемлекеттік ту көтерілгенде орындалады.

Гимн мектептерде жаңа оқу жылының басталуы және аяқталуына арналған рәсімдерде орындалады. Мемлекеттік радиодан күн сайын бағдарлама басталар және аяқталар кезінде орындалады.

Негізгі бөлім: Әнұран тарихына тоқталу.

Адамзат тарихында гимндер мемлекеттік рәміз ретінде салыстырмалы түрде елтаңбалар мен туларға қарағанда беріде пайда болған. «Гимн –грек сөзі. Оның мағынасы салтанатты ән дегенді білдіреді. Тарихшылардың дәлелдеуінше мемлекет пен халыққа арнап әнұран айтуды алғаш голландықтар бастаған. Осындай ән қазақ халқында да бар
Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентiнің“Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Мұғалім: Балалар, Мемлекеттік Әнұранның авторлары туралы не білеміз?

Томирис: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды

Санжар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнің авторыСөзін жазған: Жүмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Дарын: Қазақтан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторы - Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.

Алтын: Қазақтан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторы - суретшi Шәкен Ниязбеков



Ерасыл:
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.

Сұлтан:
Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің,
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.
Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді елтаңба
Ақ орданың төрінде.

Аружан:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың болуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.

Сұрақ-жауап. Мұғалім:
Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.
1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, мақтау қағазында бейнеленген ........... (Елтаңба)
2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. ........... (Ту)
3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ........... (Гимн)

Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.

































-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (683.78 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт