Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  "Қазақстан-біздің Отанымыз"

"Қазақстан-біздің Отанымыз"

Мектепке дейінгі ұйымдарға "Қазақстан-біздің Отанымыз" тақырыбына құрастырылған сабақ жоспары.

17.10.2017

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы:  Қазақстан - біздің Отанымыз

Сабақтың мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы жайында білімдерін кеңейту. Мемлекеттік рәміздер туралы түсініктерін толықтырып, нақтылау. Өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін, туған жері мен елін сүюге, оларды қорғай білуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін арттыру.

Көрнекі-құрал: Қазақстан Республикасының рәміздері, Қазақстан Республикасының картасы. Еліміздің, жеріміздің молшылығын бейнелейтін суреттер, презентация, схемалар.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң, ормандар мен далалар!

Қайырлы таң, достасқан бар балалар!

Қайырлы таң, біздің балабақшамыз!

Қайырлы таң, жора- жолдас, ұл мен қыз!



  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қазір қыс мезгілі.

  • Қыс айларын атаңдар.

  • Желтоқсан, қаңтар, ақпан- қыс айлары.

  • Қыста ауа райы қандай болады?

  • Қыста суық болады.

  • Қар жауады.

  • Боран соғады.

  • Аяз болады.

  • Мұз қатады.

  • Балалар қыста немен айналысады?

  • Балалар аққала жасайды.

  • Коньки тебеді.

  • Шаңғы тебеді.

  • Шанамен сырғанайды.

  • Дұрыс айтасыңдар.

  • Ал, енді, балалар, тақтаға назар аударайық. Ребустың шешімін табайық.

,,,

  • Қандай сөз шықты?

  • Қазақстан.

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше, біз бүгін Қазақстан туралы сөйлесеміз.

  • Сендер Қазақстан туралы не білесіңдер?

  • Қазақстан- тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет.

  • Қазақстан Республикасының Президенті- Нұслұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  • Қазақстан Республикасының елордасы- Астана қаласы.

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі.

  • Қазақстан Республикасының рәміздері- ту, елтаңба, гимн.

  • Туда не бейнеленген?

  • Туда күн бейнеленген.

  • Туда қыран құс бейнеленген.

  • Туда ою- өрнек бейнеленген.

  • Елтаңбада не бейнеленген?

  • Елтаңбада шаңырақ бейнеленген.

  • Елтаңбада пырақтар бейнеленген.

  • Елтаңбада жұлдыз бейнеленген.

  • Төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.

  • Тамаша! Қазақстан туралы көп мәлімет білесіңдер.

  • Балалар, Қазақстан туралы тақпақты кім айтады?

  • Суреттер бойынша мақал- мәтелдерді айтыңдар.

  • Мақал- мәтелдер:

  • Отан оттан да ыстық.

  • Отансыз адам- ормансыз бұлбұл.

  • Туған жерге туың тік.

  • Отан отбасынан басталады.

  • Туған жер- алтын бесік.

  • Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды.

Топқа көңілсіз самұрық құс ұшып келеді.

  • Сәлем, балалар.

  • Сәлем!

  • Мен самұрық құспын. Мен өзіме дос іздеп жүрмін.

  • Балалар, Самұрық - қазақ мифологиясындағы  қыран тәрізді алып құс. Самұрық құсы әлемдік ағаштың (Бәйтерек) шыңында тұрады.

  • Самұрық құс, уайымдама, сенімен дос бола алатын көп жануарлар бар. Балалар, самұрық құсқа Қазақстанда қандай аңдар мекендейтінін айтайықшы.

  • Қазақстанда қасқыр мекендейді (қоян,түлкі, аю, қабан)

  • Самұрық құс, бірақ аюмен қазір кездесе алмайсың, өйткені аю қысқы ұйқыға кетті.

  • Онда маған аю туралы айтып беріңдерші.

  • Бұл- аю./ Аю үлкен/. Түсі қоңыр./ Аю – жабайы аң./ Аю орманда мекендейді./ Аю бал жейді.

  • Рахмет, балалар! Менің дострыммен тезірек кездескім келіп тұр. Мен орманға барайын. Сау болыңдар.

  • Сау бол, барыс!

  • Балалар, ал сендердің достарың бар ма?

  • Менің досым бар. Досымның аты- ... . ... мейірімді, ақылды, көңілді, адал, әдемі. Біз бірге сурет саламыз, ойнаймыз, серуендейміз, сабақ оқимыз, жаттығу жасаймыз, спортпен айналысамыз, шынығып шымыр боламыз, сонымен қатар ән саламыз, би билейміз, нағыз әртіс болып өсеміз.

Сергіту сәті.

Шаршамаймыз ешқашан,

Демаламыз бой жазып,

Жүгіреміз, секіреміз

Көңілденіп ән салып.



Бір, екі, үш, ал, қанеки, ұш.

Төрт, бес, алты, жеті

Мынау- ауыл шеті.

Сегіз, тоғыз, он, ал, қанеки, қон.

  • Балалар, менің сендерді ауылға шақырғым келіп тұр. Бәріміз ауылға барып, демалып қайтайық. Ал, жолымызды қысқыртып бару үшін, ән салып барайық.

«Бөбекжай- бақшамыз» әні

  • Жайғасып отырыңдар. Балалар, біз сендермен қазақ халқының көшпелі үйі- киіз үйде отырмыз.

  • Ал сендер қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?

  • Бауырсақ, бесбармақ, құрт, шұжық, қымыз..

  • Қандай ұлттық ыдыстарды білесіңдер?

  • Күбі, торсық, ожау, астау

  • Тамаша. Бәрін біледі екенсіңдер. Балалар, жолдан шаршаған шығарсыңдар. Біраз демалып, ойнайық.

  1. Қарбыздың іші қандай? Сырты қандай?

  2. Түнде не көреміз? Күндіз не көреміз?

  3. Жеті мен тоғыздың арасында қандай сан бар?

  4. Берілген сөздердің қайсысы артық? (Что лишнее?)

  • Шанышқы, күбі, тәрелке, шәйнек (Күбі сөзі артық, өйткені ол қазақ халқының ұлттық ыдысы)

  • Малақай, қолғап, көйлек, бөкебай (Көйлек сөзі артық, өйткені ол жазғы киім, ал малақай, қолғап, бөкебай- қысқы киімдер).

  • Жылқы, қасқыр, түлкі, тиін (Жылқы, себебі жылқы-үй жануары, қасқыр, түлкі және тиін- жабайы аңдар).

  1. Сөздерді керісінше айт (Скажи наоборот)

  • Ащы- тәтті

  • Ұзын- қысқы

  • Ауыр- жеңіл

  • Жұмсақ- қатты

  • Ыстық- суық

  • Жылдам- баяу

  • Тамаша. Барлық сұрақтарыма дұрыс жауап бердіңдер.

  • Сендер білесіңдер ме, алдымызда қандай мереке болайын деп жатыр.

  • Жаңа жыл мерекесі.

  • Дұрыс айтасыңдар, шыршаны безендіретін кез келді. Ойыншықты іліп, Қазақстанымызға тілектер айтайық.

  • Жарайсыңдар, балалар! Шыршамыз қандай әдемі болып шықты! Айтылған тілектер орындалады деп ойлаймын. Осымен біздің сабағымыз аяқталды, сау болыңдар, балалар!

  • Сау болыңыз!



-80%
Курсы повышения квалификации

Психология межличностных отношений и общения

Продолжительность 144 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
6000 руб.
1200 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Қазақстан-біздің Отанымыз" (144.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт