Меню
Разработки
Разработки  /  История  /  Уроки  /  10 класс  /  Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері

Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері

10 сынып. Қазақстан тарихы Ашық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: “Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері”

Мақсаты:

Білімділік:

Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері мен қазақ халқының антропологиялық типi және тiлдiк сипаты жайлы білімін молайту.

Дамытушылық:

Оқушылардың тарихи білімдерді қорытындылап, себеп-салдарлық байланыс орнатып, тарихи оқиғалар, құбылыстарды дербес талдай білу, күнделікті өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік :

Еліне қызмет етуге дайын отансүйгіш, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін және Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың тарихы мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат тәрбиелеу.

20.02.2018

Содержимое разработки

10 сынып. Қазақстан тарихы Ашық сабақ.


Сабақтың тақырыбы: “Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері”

Мақсаты:

Білімділік:

Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері мен қазақ халқының антропологиялық типi және тiлдiк сипаты жайлы білімін молайту.

Дамытушылық:

Оқушылардың тарихи білімдерді қорытындылап, себеп-салдарлық байланыс орнатып, тарихи оқиғалар, құбылыстарды дербес талдай білу, күнделікті өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік :

Еліне қызмет етуге дайын отансүйгіш, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін және Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың тарихы мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, төрт түсті маркерлер, , флипчарт, оқулық, стикерлер, скотч, қайшы, Электронды оқулық, слайд, кесте, карта, бейнекамера, фотоаппарат.
Әдіс-тәсілдер: жұппен жұмыс, топпен жұмыс. Постер, Кластер құру.
Диалогтық оқыту, «алақан формасында» сергіту сәті, сұрақ-жауап, «Топтастыру» әдісі, «Қамал құрастыру» әдісі,

 Түрі: Ашық сабақ.
 Әдіс-тәсілі:  Қолданған әдебиет: Қазақстан тарихы 2-том, әдістеме, оқулық.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,құқық.
 Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу: «Алаш», «Қазақ»

  2. Үй жұмысын сұрау.

  3. Жаңа сабақ бойынша жұмыс:

Сабақ жоспары:

1. Қазақ халқының халық болып қалыптасу үдерісі мен тілдік сипаты.
2.Этносаяси, аумақтық тұтастық.
3.Алаш – қазақ атауының пайда болуы.
4.Қорытындылау.

Топқа бөлу: «Алаш», «Қазақ»

Топқа тапсырма: 1. Постер құру: /Екі топ/


І топ: “Қазақ халқының халық болып қалыптасуының қажетті шарттары

және қазақ тілінің қалыптасуы”

ІІ топ: “Халықтың этносаяси, аумақтық тұтастығы мен алаш – қазақ атауының шығуы”


2 ші тапсырма: Кластер: /«Жүзім шоғы» әдісі/ /Екі топ/ «Алаш», «Қазақ»


Қазақстан аумағындағы этникалық процесс тарихы мынадай тарихи

кезеңдерден тұрады.

  • Қола дәуіріндегі этникалық процестер (б.э.д. ІІ-І м.ж.)

  • Сақ-үйсін дәуіріндегі этникалық процестер (б.э.д. ҮІІ-б.э.Ү ғ.)

  • Түрік дәуіріндегі этникалық процестер (ҮІ-ХІІ ғғ.)

  • Монғол дәуіріндегі этникалық процестер (ХІІІ-ХІҮ ғғ.)

  • ХІҮ-ХҮ ғғ. этникалық процестер


Қазақ халқының халық болып қалыптасуының негізгі шарттары:

1. Халықтың өзіне тән мәдениетінің қалыптасуы;

2. Халықтың өзіне тән тілінің қалыптасуы;

3. Халық мекендеген аумағының қалыптасуы;

4. Өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;

5. Халықтың ортақ атауының қалыптасуы;

6. Халықтың өзіне тән бет-бейнесінің қалыптасуы


«Қазақ» сөзінің шығуы туралы ғалымдар пікірі:


Ғалымдар.

Еңбектері мен пікірлері

Көптеген ғалымдар

«Қазақ» сөзінің шығу тегін б.з.д 7-6 ғ өмір сүрген сақ тайпаларының атымен «сақ», «қаз», «қас-пи», «хаз», «қасақ» деген тайпа аттарымен байланыстырады.

Академик Н.Я Мар чех ғалымы Б.Грозный, академик Ә.Х Марғұлан, т-шы Ш. Ақынжанов, жазушы С.Мұқанов, т.б қолдайды.

«Қазақ» атауының төркіні «қасақ», «көсек» сөздері дейді.

А.Н. Бернштам

«Қазақ» сөзі кас-пи мен сақ тайпасының бірігуінен пайда болған деп тұжырымдайды.

Академик В.В Радлов.

«Қазақ» сөзінің мағынасы тәуелсіз, еркті адамдар деп жазады.

А.А. Самойлович, Ш.Құдайбердіұлы

«Қазақ» сөзінің мағынасы өз алдына ел, болып, еркін жүрген халық деп жазды.

М.Х.Дулати

Жәнібек пен Керей өздерінің еркіндіктері үшін күресіп, жеке ел болуға талпынған кезде қазақ деген ат танылған деді.


Үй тапсырмасы бойынша жұмыс жоспары:


  1. Қазақ халқының антропологиялық бет-бейнесінің қалыптасу кезеңдері.

  2. Қазақстан жерін қола дәуірінде мекендеген адамдардың бет-бейнесі.

  3. Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың антропологиясы.

  4. Түрік дәуірінің антропологиясы.

  5. Қазақ халқының антропологиялық типі.

Тест-тапсырма (Үй тапсырмасы бойынша )


1. Антрополог О. Смағұловтың есептеуі бойынша түркі дәуірінде Қазақстанда мекендеуші тайпалардың қанша пайызы моңғолданды? А)10% В)20% С) 30% Д) 40%

2. Қазақтың халық болып құрылуына әсер еткен біріккен этникалық топ:
А) сақ және қаңлы тайпалық одағы; В) үйсін және оғыз тайпалық одағы;

С) үйсін және сақ тайпалық одағы; Д) қыпшақ және үйсін тайпалық одағы.


3. Сақ, сармат, үйсін тайпаның келбеті андроновтықтарға ұқсас екендігін айтқан антрополог ғалым: А) Н.Бичурин; В) О.Смағұлов; С) Б.Көмеков;

Д) С.Жолдасбаев; Е) М.Вяткин.

4. Қазақ халқының қалыптасу процесі қай ғасырда аяқталды:
А)XV-XVIғғ; В)XIII-XIVғғ; С)X-XVғғ; Д)XI-XIIIғғ;

5. Қазақтың халық болып қалыптасуының барысын бұзды:
А) Тань мемлекетінің шапқыншылығы; В) Арабтардың шапқыншылығы;
С) Монғол шапқыншылығы; Д) Жоңғар шапқыншылығы;


6. Қазақстан жерін қай кезеңде Андронов тарихи-мәдени бірлестігіне жататын тайпалар мекендеді?  А) б.з.д. 5-4 мыңжылдықтар В) б.з.д. 4-3 мыңжылдықтар

С) б.з.д. 3-2 мыңжылдықтар Д) б.з.д. 2-1 мыңжылдықтар

Рефлексия.

Үйге тапсырма: “Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері”

Ой толғау: «Қазақ халқы қандай халық деп ойлайсыздар?»

Оқушыларды бағалау: Өзін-өзі бағалау, топпен бағалау.




-80%
Курсы повышения квалификации

Основы религиозных знаний

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері (56.26 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт