Тақырыбы: «Тәуелсіздік таңы» интеллектуалдық сайыс сабақ (Қазақ билері мен батырлары)
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға би, батыр ұғымдарынын мәнін ашу және XVIII ғасырдағы қазақ билері мен батырларының қоғамдағы алар орны, қазақ билерінің өмірі, өнегелі істері жайында мәлімет беру.
Дамытушылық: Өткен ғасырлардағы қазақ елінің сот жүйесі төрелік ету дәстүрімен таныстыра отырып мемлекет, билік жайында мәліметтерін кеңейту. қазақ батырларының ерлігіне тарихи тұрғыдан баға бере білуге дағдыландыру, танымдық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Қара қылды қақ жарған әділ билік айтқан билер мен батырлар өмірін мысалға келтіре отырып әділдікке, адамгершілікке, адалдыққа, ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ батырлары, қару-жарақ суреті, интерактивті тақта.
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: миға шабуыл, тест, жобалау, , топтық жұмыс, төмен және жоғары деңгейлі сұрақтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім сөзі: Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған "Отан" - деп сыбырлаған
Жаным менің кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан, Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.. деп Мақатаев жырлағандай
Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандап өткені-тәуелсіз ел болу. Қазақ елі өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Еліміздің осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар үлес қосты. Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақтың танылуына, бостандық пен еркіндіктің бастауында- қазақ халқына әйгілі билері мен батырларының орны ерекше болған.Бүгінгі біздің «Тәуелсіздік таңы» атты интеллектуалдық сайысымызды бастаумыз.Сайысымыз Қазақ билері мен батырлары туралы.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
I – кезең. «Ойлан тап»
II – кезең . «Тұлғаны таны»
III –кезең «Тарихи қайраткерлер»
IV – кезең «Ғажайып түстер»
I – кезең. «Ойлан тап» сөзжұмбақ шешу
1.Сырты ағашпенен қабатталған,Ілініп бір бөлігі салақталған,Асылды ішіндегі алсаң тартып,Тіліндей оқ жыланның жалақтаған.
2.Бір нәрсе үш қанатпен ұшар.Мысалы аяқпенен аузын ашар.Өлік құс тірі құстың қанын шашар.
3. Тау тарс етті. Күн күрс етті. Жырадағы жылқы үрікті,Жымда жатқан түлкі үрікті.
II – кезең . «Тұлғаны таны»
III – кезең . «Тарихи қайраткерлер»
1.Аты аңызға айналған ержүрек батырлардың бірі 1706 ж Жетісу жерінде,Алатаудың баурауында дүниеге келген.Шыққан тегі Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан.Халық жадында оның “Торы ала тұлпарды,түйе тұрпатты” батыр бейнесі.Аңырақай шайқасына қатысып,жиырма үш жасында қалмақ батырлары Шамалған мен Қаскеленді жекпе-жекте өлтіріп батыр атанады. Шапырашты Наурызбай батыр.
2. Абылай заманындағы атақты қолбасшы,батыр.1680 ж Қаратау бөктеріндегі Бөген өзені бойында туылған.Қарбалта түбіндегі қырғыздармен болған шайқаста батыр77 жаста болған.1991 жылы Астана Павлодар,Ерейментау Павлодар тоғысқан жол торабында Батырға аранап ескерткіш орнатылды. Бөгенбай батыр
3. Аңғалдық,тапқырлық қасиеттерімен Абылай ханның назарына ілініп,оны ерекше құрметіне бөленген.Батырдың ерлігін М.Жұмабаев “ ” дастанын жырлады.Осы дастан желісі бойынша кинофильм түсірген режиссері С.Тәуекелов 1993 ж.Батыр 1710 – 1757 өмір сүрген.Оның бейіті Қарағанды облысы,Қарқаралы ауданы,Шекелек зиратында. Қасаболатұлы Баян батыр
V – кезең «Ғажайып түстер» Алдарымызда Қазақстан табиғаты бейнеленген және сол табиғатта кемпірқосап бейнеленген әр топ қалаған түсін алып сол түстін артында сұрақтарға жауап беру керек.
1.Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы? Р.Қошқарбаев
2.1922 ж Батыс Қазақстан облысы,Бөкей ордасында дүниеге келген? М.Мәметова
3. «Москва үшін шайқас», «Генарал Панфилов» , «Олар менің есімде» кітаптары үшін Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты белгісіне ие болды? Б.Момышұлы.
4.Әскері ұшқыш,авиация генерал-майоры,екі мәрте Кеңес Одағының Батыры 1922 ж 5 тамызда Ақмола облысында дүниеге келген.Әуе шайқасында фашистердің 7 ұшағын атып түсірген? Т.Бигелдинов.
5.1942 ж өз еркімен Қызыл әскер қатарына алынып мергендердің орталық әйелдер метебін үздік бітіріп26 –атқыш дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып мергендігімен көзге түскен. Ә.Молдағулова
6.Берлиндегі 24 сәуірде болған осы ұрыста майор батальоны 45 жау солдатын,9 тірек пункті дойып жіберіп,1560 гитлершілерді тұтқынға алды.
С. Нұрмағанбетов
Мұғалім.
Республика! Ерікті ел – Қазақстан!)
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
Мен айғақпын, ұстамын ертегіге,
Мен басымды иемін бүгінге, ертеңіме.
Бүгінгі сайыс сабағымыз жабық деп жариялаймын .Қош сау болыңыз.


Қазақ батырлары (22.11 KB)

