Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Разное  /  5 класс  /  Қасиетті 7 саны. Ғылыми жұмыс

Қасиетті 7 саны. Ғылыми жұмыс

Қасиетті 7 саны туралы. Әлемнің 7 кереметі. Жеті шелпек, жеті жоқ, жеті қазына, жеті ғашық т.с.с

18.05.2017

Содержимое разработки















































Жоспар:


І. Кіріспе бөлім

1. Cандардың шығу тарихы

2.Зерттеу бөлімі

2.1. Киелі 7 санының сыры

2.2. Қазақ мақал-мәтелдеріндегі 7 санының мәні

2.3. 7 санына байланысты музыкалық аспаптар

2.4. 7 ата генезисі

ІІІ. Қорытынды

Ұсыныстар


































I.Кіріспе

Математика – ғылымдардың ішінде ең ерте шыққаны, оның тарихы ғасырлар түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезде басталған. Адамзат тағылығының даму дәуірінің табалдырығын аттап басқан заманда «артық», «кем», «үлкен», «кіші» ұғымдары туған. Бұлар кейін «тең» ұғымының шығуына негіз болған. Күн көріс қамы тіршілік үшін жүргізілген күрес ерте заманның адамдарын айналасындағы заттарды санауға, нәрселердің мөлшерін өзара салыстыруға, жыл мезгілдерін айыруға мәжбүр еткен. Заттарды санаудан 1, 2 , 3, 4, 5, … т. с. с. натурал сандар ұғымы қалыптасқан. «Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар натурал сандар деп аталады. » Кез келген натурал санды он цифр 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 арқылы жазып көрсетуге болады. Сандарды осылайша жазу тәсілі ондық тәсіл деп аталады. Ең алғашқы сандар, яғни цифрлар б. з. д. 2 мыңжылдықта болған деседі. Тарихқа жүгінсек, дерек көздері сандардың ежелгі Вавилонда қолданылғанын айғақтайды. Ол кезде сандар 1 мен 0-ден ғана тұрған секілді. Бірлік, ондық, жүздікті құрайтын санақ жүйесі болған. Кейіннен атақты ойшыл Пифагор сандарды 1-ден 9-ға дейін қысқартқан. Бірнеше бірліктерге бөлген. Ол өз шәкірттеріне сандар әлемді билейді деп үйреткен. Әрбір сан, цифрдың түбінде қандай да бір ой, идея жатыр. Сол идеяның мән-мағынасын түсіну үшін ғалымдар арнайы ғылым - нумерологияны ашқан. Нумерология арқылы әр санның шығу төркінін, мән-мағынасын, оның адам өміріне деген әсерін ұғынуға болады. Нумерологияшыл ғалымдардың ойынша әр адамның жаны өзінің нумерологиялық кодымен тікелей байланысты. Ол кодты шеше білген адам өз тағдырының толық иесі бола алады. Қарап отырсақ, әркімнің өзі сенетін бақытты және бақытсыз сандары болады. Біреудің бақытты саны - 13 , бақытсыз саны - 9 делік. Мұндайға шын көңілімен сенетіндер айдың 13-і күні кез келген тірлігін сенімділікпен іске асырады. Ал 9-ы күні әр қадамын абайлап басып, тіпті үйден шықпай, төрт қабырғаның ішінде күн ұзаққа қамалып отырып алатындар да бар. Cөйтіп, ол 13 саны байқалған жерде ба¬тыл жүрсе, 9-дан үнемі сақтанады. Жеке адамды қойшы, мұндай құбылыстарға жаппай халық боп сенетініміз де бар емес пе? Өзіміздегі «жеті қазына», «ер кезегі үшке дейін», «сәрсенбінің сәтті күні» ұғымдары, тұрақты көршіміз - орыстардың «қасиетті үштігі», америкалықтардың естігенде жандары түршігетін, күні бойы үреймен өткізетін «айдың 13-дегі жұмасы» тағы басқа түсініктер жоғарыда айтқанымызға дәлел бола алады. Сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады.



ІІ. Зерттеу бөлімі

2,1. Киелі 7 санының сыры


Киеге қазақ халқы ерекше мән берген. Халқымыз кез-келген нәрсенің киесі бар деп ерекше қастерлеген. 3, 7, 9 жэәне 40 санына ерекше мән берген.

«Ер кезегі үшке дейін» деп, кез-кедген жағдайда адамға үш мүміндік берген.

Қадым замандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді.

Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. "Жеті атасын білмеген жетесіз" деген аталы сөзді өзіңіз де білетін боларсыз.
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

Жеті жұт. 1. Құрғақшылық.

2. Жұт (мал қырылу).

3. Өрт.

4. Оба (ауру). 

5. Соғыс.

6. Топан су.

7.Зілзала (жер сілкіну).

Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ.

2. Аспанда тіреуіш жоқ.

3. Таста тамыр жоқ.

4. Тасбақада талақ жоқ.

5. Аллаһта бауыр жоқ. 

6. Аққуда сүт жоқ.

7. Жылқыда өт жоқ.

 

Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт.

2. Сұлу әйел.

3. Ілім-білім.

4. Жүйрік ат.

5. Құмай тазы.

6. Қыран бүркіт.

7. Берен мылтық.

Жеті жетім. 


Тыңдамаған сөз жетім.

Киюсіз тозған бөз жетім.

Иесіз қалған жер жетім.

Басшысы жоқ ел жетім.

Аққу, қазсыз көл жетім.

Жерінен айырылған ер жетім. 

Замандасы қалмаса –

Бәрінен де сол жетім.


Жеті ғашық. 1.Ләйлі – Мәжнүн, 2.Жүсіп – Зылиха,

3.Фархад – Шырын,

4.Тахир – Зухра,

5.Арзу – Қамбар,

6.Уәлик – Ғарра,

7.Уәки – Күлшаһ.


Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.


Жеті амал: тоқсанның кіруі, киіктің матауы, мұздың қатуы, айдың тоғамы, үркердің батуы, қарашаның батуы, күннің тоқырауы.


Жеті құбылыс: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан әлемі, жер орта, жер асты.


Жеті нәрсе жүйкені тоздырады:

1.Еңбексіз жеген нан

2.Зімәдан болған жан

3.Боямалы тән

4.Нашадан бұзылған қан

5.Темекінің түтіні

6.Арақтың жұтымы

7.Ақшалы ойынның ұтымы


Жан дүниені жадырататын жеті нәрсе:

1.Әкімдердің шарапаты

2.Ғұламалардың шариғаты

3.Байлардың салауаты

4.Кедейлердің қанағаты

5.Үлкендердің ұлағаты

6.Жастардың инабаты

7.Азаматтардың ар- ұяты


Әлем халықтарының жеті санына қонақ болып көрейік

Жеті – ең ерекше сандардың бірі. Неге екені белгісіз, тұла бойы ашылмаған құпияға толы сынды. Әлем халықтары оны қасиетті, тылсым, таңғажайып, бақыт пен сәттілік әкелетін сан деп баға береді.

Жеті Египетте мәңгілік өмірдің нышаны, Осирис құдайының саны. Сондай-ақ олар жеті планета бар деп санаған. Шумерліктердің Лугуланнемунду атты патшасы өз қаласында Нинту ғибадатханасын тұрғызған екен. Бұл ғимараттың жеті қақпасы және жеті есігі болған көрінеді. Және ғимарат құрылысы аяқталған соң, жеті рет дәріптеліп, жеті өгіз бен жеті қой құрбандыққа шалынған.

Жеті Ежелгі Грекияда Аполлон нышаны. Аполлон айдың жетінші жұлдызында дүниеге келген. Оның лирасының (музыкалық аспап) жеті ішегі болған екен.

Дінде де жеті санының орны ерекше. Мәселен, Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны  500 рет қайталанады. Ислам дәстүрінде жұмақтың жеті қақпасы, тозақтың жеті баспалдағы, Қағбаны жеті рет айналу деген ұғымдар бар болса, христиандарда жеті – жаратылыстың нышаны болып саналады.

Жеті жазба, жеті ашу, жеті шырақ, жеті басты дәу, жеті нота, жеті батыр, аптаның жеті күні, жеті жел, жеті қат жердің асты, жеті таудың арғы жағы, жеті, жеті, жеті...Соның бірі өлімге себепкер болатын жеті күнә: тамақсаулық, жалқаулық, нәпсіқұмарлық, өркөкіректік, ашу, қызғаншақтық және сараңдық. Теолог Фома Аквинский күнәһарларға ауыр жаза берілетін күнәлардың ішіндегі ең негізгілерін талдап, түсіндіріп жазып шыққан.

Ұлы ғалым Пифагор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» дей келе, «Әлемнің әміршісі сандар» деп бекіткен болатын өз ойын философ және математик Пифагор. Біздің заманымызға дейін ІV ғасырда ол өз жақтастарымен мектеп ашқан болатын. Бұл мектеп діни мектепке ұқсас болды. Пифагоршылар сандардың мистикалық өміріне сенді. Әрбір нәрсенің артында белгілі бір сан тұрады деп ойлады. Сандар өздерімен бірге қайырымдылық пен зұлымдылық, бақыт пен бақытсыздық ала келеді деп есетеген.

Сандар сыры сан алуан. Сандарда кие бола ма?
Болады деген екен ата - бабаларымыз. 7.., 13.., 25.., 37.., 49.., 61... мүшел жастың, киелі сандардың тылсым сырының алдында іштей мойынсұнады.
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.






2.2 Мақал- мәтелдердегі киелі 7 санының мәні



Мақал-мәтелдерде қамтылмайтын сала жоқ. Онда халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы болашаққа үлгі-өнеге болатын, тәлім-тәрбие беретін, жол нұсқайтын сөздер айтылады. Ерлікке, отаншылдыққа, елін, жерін сүюге үндейді. 
Уақыт озған сайын мақал-мәтелдерге өзгерістер де енгізіледі. Өмірге керексіздері бірте-бірте қолданылудан шығып, жаңадан толықтырулар туындап жатады. Ақын-жазушылардың мағынасы терең көркем сөздері, нақылдары, шешендік сөздер, жұмбақтар, өсиет сөздер және тағы басқалары мақал-мәтелдердің қорын көбейтіп отырады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мақал мен мәтелге мынандай түсіндірме берілген: «Мақал – үлгі-өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз; мақал деп қысқа, образды, ұйқасты, тұжырымды нақыл сөзді айтамыз». «Мәтел – тұжырымды, бейнелі әрі ықшам нақыл сөз».
Қазақ халқының басқа халықтар сияқты алғашқы кәсібі – аңшылық болған. Аңшы болу үшін қырағылық, ептілік керек. Аңшылық – жастарды еңбекке, ерлікке, әртүрлі ойын-сауықты, спорттық түрлерін үйренуге болады. Осыған байланысты бір тақырыбы – еңбек пен кәсіпке арналған.
Ерлік те еңбектен басталады. Елін, жерін қорғау, ерлік жасау әркімнің қолынан келе бермейтін ауыр да, абыройлы іс. Жастарды өжеттікке, отаншылдыққа, батылдыққа, ұйымшыл болып, ауызбіршілікті сақтауға дағдыландыруға мақал-мәтелдердің маңызы зор. 
Мақал-мәтелдердің құрамында сан есімдер жиі қолданылады, әсіресе, 1 сан есімі көп кездеседі. Мысалы:
Бір мылтықтың аузына,
Мың кісі сияды, - деген мақалда бір сөзі есептік сан есім, заттың сандық мөлшерін білдіріп тұр, бірақ мылтық біреу болғанымен мың, яғни көп кісіге жарайтындығын, көптік қызмет атқаратындығын көрсетеді.
Мақал-мәтелдердегі кейбір сан есімдерді төмендегіше топтастыруға болады:
1.Мақал-мәтелдердегі киелі сандар.
2. Мақал-мәтелдердегі септік, тәуелдік, жіктік жалғауларында тұрған сан есімдер.
3. Сан есімдердің есептік, реттік, жинақтық түрлеріне негізделген мақал-мәтелдер.
Киелі сандарға 7, 9, 12, 40 сандары және соларға байланысты ырымдар жатады. Бұл сандар қазақ халқында қасиетті киелі сандар деп есептелінген.

Бір жетіде жеті күн бар. Орта ғасыр химиктері мен археологтары 7 күнге дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі деп ат берген. Бұл күндер ішінде ән күнге арнайы ырымдар бар. Мысалы, қазақ халқы барлық үлкен істерін сәрсенбінің сәтті күнінде бастайды. Алыс жолға (тағы да басқа шаруаларды істеуге) сәрсенбі күні кіріседі. Қайтыс болған адамның жетісін беріп, баланың ержетуін жаспен мөлшерлеп «жетіге келгенше жерден таяқ жейсің», «жеті қабат жердің асты» деген.

Есептік сан есім тұрғысындағы киелі сандарға байланысты мәтел-мәтелдер:
Жеті рет өлшеп, бір рет кес. Асықпа, ойланып істе, бірнеше рет өлшеп, әбден дұрыстығына көзің жеткенде ғана әрекет жаса деген мағынада. 
Жеті атасын білмеген – жетімдіктің белгісі. Өзіңнің жаратылысыңды біл, егер сен жеті атаңның кімнен басталып, кіммен аяқталатынын білмесең, онда сен нағыз жетімсің деп түсіндіреді. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрді білуге үйретеді.
Жеті ішекті қазақтың музыкалық аспаптары- сылдырмақ. Қазақ ерте заманда көшпенді халық болғандықтан, түрлі музыкалық аспаптарды тұрмыста кеңінен қолданған. Ағаш, қыш, темір, мүйіз сияқты күнделікті өмірде пайдаланатын шикізаттан алуан түрлі аспаптарды жасап шығарған.


































2.3.  7 санына байланысты қазақ аспаптары


Алғашында ол шаруашылыққа қажет бұйым болса, кейіннен ырғақты ұстап тұратын музыкалық аспапқа айналған. Соның бірі сілкімелі аспап – сылдырмақ. Әрбір ұрып ойнайтын аспаптың өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың сыр-сипаты мен ерекшелігі тембрлік және динамикалық дыбысталуына қарай айқындалады. Сондай-ақ Орта Азия халықтары мен Латын Америкасы елдерінде бір-біріне ұқсас аспаптар көп кездеседі. Соның бірі - маракас аспабының қазақи формасын музыканттар өзі ойлап тапқан. Халқымыз төрт түлік малдың етін жеп, көлік ретінде пайдаланудан бөлек, оның сүйегін де кәдеге жаратқан. Соның бірі - ат тұяғының дүрсілі сияқты малдың жүрісін білдіретін аспап - мүйізше. Ол ерте заманда әуенді сүйемелдеуші аспап ретінде қолданылған. Шеберлер немесе музыканттар аспаптың дыбысталуына қарай оның санын қасиетті 7 санына дейін жеткізген. Ал оларға қолданылған шикізатты Қазақстанның әр аймағындағы және әр түрлі жастағы ірі қараның сүйектерінен жинайтын болған.






























2.4. Жеті ата генезисі


Генезис грек тілінен аударғанда құбылыстың пайда болуы және оның дамуы деген маына береді.

Ата-бабаларымыз жеті атаға дейін қан араластырмайды яғни қыз алысып, қыз беріспейді. Туыстық қалыпты бұзбайды. Сегізінші атадан бастап жаңа ру атын белгілейді. Бұл үшін сол атаның ақсақалдары мен билері, ел ағалары ру мүшелерін шақырып, боз бие сойып, баталасып, осымен жеті атаға толып, бұдан былай қыз алысып, қыз берісетін құдалыққа жол ашады.

Бұл дәстүр – текті дені сау, таза ұрпақ өсуінің кепілі. Осындай текті ұрпақ өсіру тәрбиесін бұрынғылар ертеден ақ білген және оны қатты қадағалап отырған.
Жеті ата құрылымының қажеттілігін бірінші кезекте медициналық тұрғыдан дұрыс түсінгеніміз абзал. Жеті ата ұстанымының ең басты қағидасы – жеті атаға дейін қыз алыспау. Біз бұны жалпылама «қан тазалығы үшін» , «ұрпақтың денсаулығы дұрыс болу үшін» деп айта саламыз. Сөздің жаны бар. Бірақ мұның медициналық тұрғыдан себебін сұрасақ көбіміздің тосылып қаларымыз анық. Бұл қағиданың сырын адамның тұқым қуалаушылық қасиеттерін зерттейтін генетика ғылымының антропогенетика саласы ашып береді екен. Бұндай жағдай кез-келген адамның дене жасушаларында болады. Егер ердің де, әйелдің де жыныстық жасушаларындағы хромосомолар саны 23-тен аз не көп болса, екеуі де бұзылған ген болғанымен сәйкестендіріледі де, бірі қабыл алады. Міне, осы жерден адамның денесінде бұрыс жасуша қалыптасады. Адамның ауру болатыны да себебі осы деп тұжырымдайды сала мамандары. Бір әке, бір анадан тараған адамдардың ағзасында бір-біріне сәйкес келетін (жағымсыз ген) гетерозигота жасушалар жиі кездеседі. Сондықтан гетерозиготалы ата-анадан ауру ұрпақ тууының ықтималдығы жоғары. Тіпті еш ұрпақ та болмай қалуы мүмкін.

Мына кестеге зер салайық:Туыстық неке бойынша гетерозиготалы ата-анадан ауру бала тууының ықтималдығы

Ұрпақ

Гомозиготалы және гетерозиготалы даралар

Гомозигота АА,аа

Гетерозигота (ата-ана)

I ұрпақ

1АА+2Аа+1аа

50%

50%

II ұрпақ

6АА+Аа+6аа

75%

25%

III ұрпақ

28АА+8Аа+28аа

87,5%

12,5%

IV ұрпақ

120АА+16Аа+120аа

93,75%

6,25%

V ұрпақ

496АА+32Аа+496аа

96,87%

3,13%

VI ұрпақ

2016АА+64Аа+2016аа

98,47%

1,53%

VII ұрпақ

8128АА+128Аа+8128аа

99,222%

0,78%





ІІІ. Қорытынды


Қазақ халқында 7 саны өте ежелден киелі сан болып есептелліп келеді. 7 саны – ұлттық Наурыз көжедегі 7 түрлі қоспа, әлемнің 7 кереметі, аптаның 7 күні, 7 ата, 7 жұлдыз- Жетіқарақшы тағы басқа қасиетті ұғымдар.

Халқымыздың ежелгі дәстүрлерінің бірі бала жарық дүниеге келгеннен кейін тойлап, адам бақилық болғаннан кейін 7 күннен соң ғанажетісін өткізеді.Қазақ халқында «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деген керемет мақал бар. Міне оыс мақалда айтылғандай 7 жұрттың тілін біліп, жан-жақты ілімді меңгерген адам қазіргі заманда нағыз білімді адам болары сөзсіз.

Халқымызда өзін жайсыз сезінгенде не сәтсіздікке ұшырағанда, не болмаса жайсыз түс көргендерінде өмірден озған әруақтарға сыйынып, 7 шелпек пісіріп, 7 үйге тарату ырымы да бар. Шелпекті алған адам «Қабыл болсын!», ал беген кісі «Әумин» деуі керек, сонда тілегі қабыл болады. 7 саны ырыс-берекеттің нышаны есептеледі.


Ұсыныстар:

  1. Мектептерде қасиетті 7 саны туралы факультатив сабақтар өткізілсе.

  2. Қасиетті сандар туралы кітаптар шығарылса.

  3. Жеті ата генезисі туралы кітап шығарылса.

  4. Басқа да қасиетті сандар зерттеліп, мектеп көлемінде оқытылса.























Қолданылған әдебиеттер:




1. Киелі сан есімдер әлемі // «Шоқан тағлымы»-8. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. -Көкшетау: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттікуниверситеті, 2003. - 28-33- б. 
2. Кеңесбаев І. Жеті, үш, тоғыз, қырықпен байланысты ұғымдар. Қазақ ССР ҒА хабары. Филология сериясы, 1946, 4/26/ шығарылуы

3.Қырық қазына. Ә. Доспамбетов. Алматы 1987
4. Қайдар Ә. Т. Халық даналығы. –Алматы, 2004, -565б.

5. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 7 том. – Алматы: Ғылым, 1983. - 256 б.

6.Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар Абдуллаева И.

Көкенова Ж. Алматы – 1974ж

7. Ұлттық дүниетаным Аюбай Құралұлы. Алматы 2002
8. Ұ.Шүленбаева. Мақал-мәтелдердегі киелі сандар.-Алматы,

Ана тілі газеті. №32.2004. 8-б.

9.Уәлиев Н. Жұмбақ сандар // Жалын. 1988. 105-108 б
10. Р.Наурызбаева. Мақал-мәтелдердегі киелі сандардың мәнін ашу

жолдары.//Бастауыш мектепте халықтық тәлім-тәрбие берудің

шығармашылық жолдары. –Алматы, Білім.2006 ж. 36-б





-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Педагог дополнительного образования

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қасиетті 7 саны. Ғылыми жұмыс (42.13 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт