Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Планирование  /  8 класс  /  Қан топтары.Қан құю.Резус-фактор

Қан топтары.Қан құю.Резус-фактор

Группа крови – это врожденное наличие либо отсутствие определенного вида белка в красных кровяных тельцах. Такой белок называется агглютиноген. Существует 2 основных вида, которые обозначаются заглавными буквами «А» и «В». Если эти белки отсутствуют, то у человека первая группа крови, если есть только «А» - то вторая, если «В» - то третья, и если присутствуют «АВ» - то четвертая.

25.01.2017

Содержимое разработки

Күні: 11.01.2017 Сынып: 8 А,Ә 
Сабақтың тақырыбы: Қан топтары. Қан құю. Резус-фактор. 
Сабақтың мақсаты: тромбоциттердің құрылысы және олардың қан құюдағы рөлі туралы негізгі түсінік беру. 
1.Білімділік: тромбоциттердің құрылысы мен қызметтері туралы біліктілігін арттыру. 
2.Тәрбиелік: оқушылардың диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастыру. Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу. Денені жетілдіру қажеттілігін сезінуге тәрбиелеу. 
3.Дамытушылық: тұрақты түрде зейінін дамыту. Есте сақтауды және жүйке жүйесінің ширақтылығын дамыту. 
Сабақ түрі: жаңа білімді хабарлау және қалыптастыру (әңгіме-сұхбат, зертханалық жұмыс). 
Көрнекіліктер: «Адам қанының жасушалары» кестесі, оқулықтағы суреттер, адам қанының микропрепараттары, микроскоп. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша білімді өзектеу
1. Ағзаның ішкі ортасы қандай құрам бөліктерден тұрады? 
2. Денедегі жасушалар оттекті және қоректік заттарды қайдан алады? 
3. Қанның құрамы қандай? 
4. Қан плазмасы неден тұрды? Қан жасушалары үшін плазманың қандай маңызы бар? 
5. Қан жасушаларының қызметі қандай? 
6. Қорытынды: Қанның ұлпа ретіндегі құрылымдық ерекшеліктері. 
ІІІ. Жаңа материалды оқыту. 
Ағзадан қанның көп кетуі өте қауіпті. Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы бұзылады, қын қысымы төмендеп, қанда гемоглобиннің мөлшері азаяды Қан кеткен адамның өмірін сақтап қалу үшін оған басқа сау адамның қанын құяды. Бұл кезде кез келген адамның қанын құюға болмайды. Бір адамның қаны екінші адамның қанымен сәйкес келе бермейтіні тек 1900 жылы анықталған. Қан құюдың сәтсіз болуы әр адамның қанында болатын өзіне тән химиялық ерекшеліктеріне байланысты. Қан беретін адам – донор мен қанды қабылдайтын адам – реципиенттің қан топтары сәйкес келуі керек. 
Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: І, ІІ, ІІІ, ІV. Қан беретін адамды – донор (латынша «donore» - сыйлаушы), қабылдайтын адамды – реципиент ( латынша «recipiens» - қабылдаушы) дейді. 
Қан тобы Мынадай топқа қан беруге болады Мынадай топтағы қанды құюға болады 
Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалады. Эритроциттердің бірігіп қалуын агглютинация деп атайды. Агглютинациядан қан ұйып, ұсақ тамырлар бітеліп қалады да, адам өліп кетуі мүмкін. 
І топты қанды қаны кез келген топтағы адамға құюға болады. Сондықтан қан тобы І адамды әмбебап донор деп атайды. Қаны IV топ адамға барлық төрт топтағы қанды құюға болады, оларды әмбебап реципиент деп атайды Қан тобы – тұқым қуалайтын белгі және адамның бүкіл өмірінде өзгермейді. 
Резус-фактор (Rh - фактор) – адам мен макака-резус маймылының қанында (эритроциттерінде) болатын ерекше нәруыз. Оны ең алғаш 1940 жылы К.Ландштейнер макака-резус (macacus rhesus) маймылының (атау осыдан алынған) қанынан анықтаған. Адамдардың 85%-ының қанында резус-фактор бар, оларды оң-резус (Rh+) деп атайды. Ал адамдардың 15%-ында резус-фактор жоқ, оларды теріс-резус (Rh-) дейді. 
ІV.Жаңа тақырып бойынша білімді жүйелеу және қорытындылау. 
1. Есептер шығару. Әр топқа бір-бір карточкадан.

Тапсырма№1

Ауруханада екі баланы шатастырып алды. (Мысалға Ж жәнне Н) Бірінші ата-ананың қан топтары I және IV, ал екінші ата-ананың қан топтары I және III. Анализ нәтижесі бойынша Ж-да I қан тобы, ал Н-да II қан тобы екені анықталды. Балалардың ата - анасын табыңдар.

Жауабы: қан топтары I және IV ата-ананың баласы -Ж. Ал қан топтары I және III ата-ананың баласы -Н.

Тапсырма №2

Ата - анасының қан топтары II және III. Олардың баласында I топты қан болуы мүмкін бе?

Жауабы: ия, болуы мүмкін.

Тапсырма №3

Анасының қан тобы I, ал баласының қан тобы II . Әкесінің қан тобы қандай?

Жауабы: II немесе IV топ

Тапсырма №4

Баланың қан тобы I, ал оның қарындасыныкі IV. Ата - анасының қан тобы жайлы не айтасын?

Жауабы. Ата-анасының қан топтары II және III.

Тапсырма №5

IV топты қаны бар баланың ата-анасын іздеуге салды. екі отбасын тексере келгенде Бірінші отбасында әкесінің қан тобы II ,ал анасының қан тобы III екені анықталды.Екінші отбасында әкесінің қан тобы I, ал анасының қан тобы IV екенін дәлелдеді. Баланың ата-анасы қай отбасы?

Жауабы: Бірінші отбасы.

1. Қан неден тұрады? (плазма және жормплы элементтерден)

2. Формалы элементтер дегеніміз не? (эротроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер) 3. Олардың қызметтері қандай? (Эротроциттер қанға қызыл түс береді, лейкоциттер - микроорганизмдерді жояды, тромбоиттер - қанның ұюын қамтамасыз етеді.)

4. Қанда олар қанша тіршілік етеді? (э-120күн, т -7-10 күн, л - 4-2-4 күн)

5. Қан неге қызыл? (Себебі онда темір атомдары бар.)

6. Гемоглобин дегеніміз не? ( қанда оттегін тасымалдайды)

V.Бағалау

VI.Үй тапсырмасы.:§34 оқу, сұрақтарына жауап беру, дәптерге тапсырманы орындау. Ғасыр дерті- СПИД жайлы мәлімет жинап келу




-80%
Курсы повышения квалификации

Исследовательская деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қан топтары.Қан құю.Резус-фактор (54.15 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт