Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Уроки  /  8 класс  /  Қаңқаның негізгі бөлімдері: бассүйек, тұлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулерінің қаңқасы, қол-аяқ қаңқасы. Омыртқа жотасының бөлімдері. Адам қаңқасының ерекшеліктері

Қаңқаның негізгі бөлімдері: бассүйек, тұлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулерінің қаңқасы, қол-аяқ қаңқасы. Омыртқа жотасының бөлімдері. Адам қаңқасының ерекшеліктері

Қаңқаның негізгі бөлімдері: бассүйек, тұлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулерінің қаңқасы, қол-аяқ қаңқасы. Омыртқа жотасының бөлімдері. Адам қаңқасының ерекшеліктері

05.12.2017

Содержимое разработки

Күні: 28.11.2017ж.

Сабақтың тақырыбы :Қаңқаның негізгі бөлімдері: бассүйек, тұлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулерінің қаңқасы, қол-аяқ қаңқасы. Омыртқа жотасының бөлімдері. Адам қаңқасының ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тірек – қимыл жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы жаңа анатомиялық-физиологиялық түсініктерді қалыптастыру, қаңқаның құрылысы мен қызметтері туралы білімдерін арттыру.

Дамытушылық: оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, коммуникативтік құзіреттілігін дамыту, қызығушылығын арттыруға, әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына, өздігінен жұмыс жасай білу қабілетін арттыру

Тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, жүйелі білім алуға, ұжымшылдыққа, рухани құндылыққа,рухани адамгершілікке, бірін-бірі сыйлай білуге тәрбиелей отырып, оқушының өз бетінше ізденуін,зерттеушілігін қалыптастыру.

Міндеттері:

Қаңқаның құрылысы мен қызметтері туралы білу және есте сақтау.

Оқушылардың есте сақтау және ойлау, талдау, дәлелдеу қабілеттерін дамыту.

Топ болып жұмыс жасауға және ұйымшылдыққа үйрену.

Күтілетін нәтиже: Сыни –тұрғыдан ойлау әдісін пайдалану нәтижесінде оқушының белсенділігі артады,қызығушылығы оянады,алға қойған мәселені бірлесе отырып шешеді.

Бағалау критерийі: Топ басшысының бағалау парағы, өзін-өзі бағалау парағы

Сабақтың түрі: аралас

Оқыту әдістері: Жеке,топтық, оқулықпен жұмыс, «Миға шабуыл», «Сен маған, мен саған», «Сызықтық диктант»,бейнефильм «Қаңқаның негізгі бөлімдері», «Ойлан, топтас, жұптас! », тест тапсырмалары.

Негізгі идеялар: Қаңқаның негізгі бөлімдері: бассүйек, тұлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулерінің қаңқасы, қол-аяқ қаңқасы. Омыртқа жотасының бөлімдері. Адам қаңқасының ерекшеліктері.туралы биологиялық түсініктерін дамыту, білімді қабылдау, қабылдағанды түсіну, есте ұзақ сақтау, ой тұжырымын жасап, шығармашылық әрекет етуіне ықпал ету, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тапсырмалар: Постер қорғау, жұптық тапсырмалар

Құрал- жабдықтар: Интерактивті тақта, таратпа материалдары, слайд, суреттер

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Сынып оқушыларымен сәлемдесу.Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.

Сынып оқушылары қаңқа сүйектеріне байланысты топтарға бөлінеді. Қаңқа сурет тарату

Сынып оқушыларына бағалау парақтарын таратып беріп,бағалау жолын түсіндіру.

Оқушыларды 3 қушыларды 4 ы ++++++++++++++++++++ топқа бөледі.

1 топ «Бас қаңқасы»

2 топ «Тұлға қаңқасы»

3 топ «Иық-жамбас белдеулерінің қаңқасы»


Әр оқушының алдарыңда бағалау парағы жатады.

Жеке оқушының бағалау парағы

Топ басшысының бағалау парағы

Үй тапсырмасын тексеру

«Сен маған, мен саған» кезеңі

Әрбір топ қарсылас топтарға 3 сұрақтан үй тапсырмасына байланысты сұрақ қойып ұпай жинақтайды.

1. Тірек-қимыл жүйесіне не жатады?

2. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы қандай?

3. Адам ағзасында неше буын бар?

4.Буын қапшығы дегеніміз не?

5.Сүйектердің байланысу түрлерін ата.

6. Сүйектердің жіктелуін (қысқа,жалпақ,ұзын) ата.

7.Қысқа сүйектер қандай сүйектер жатады?

8. Жалпақ сүйектеріне қандай сүйектер жатады?

9. Ұзын сүйектерге қандай сүйектер жатады?


2.Сызықтық диктант ( 5 минут) жеке жұмыс

Дұрыс жауапқа «+», ал қате жауапқа «-» таңбасы қойыңыздар.

  1. Оссеин заты сүйекке серпінді, иілгіштік қасиет береді.

  2. Ми сауыты сүйектері жартылай қозғалмалы.

  3. Қаңқада 200-ден астам сүйектер бар.

  4. Ұзын сүйектерге қол-аяқты құрайтын жіліктер жатады.

  5. Адамда 10 мойын омыртқа бар.

  6. Бет бөлімі маңдай, төбе, самай, шүйде сүйектерден құралған

  7. Жамбас белдеуі мен аяқ сүйектері аяқ қаңқасына жатады.

  8. Жауырын жалпақ сүйектерге жатады.

  9. Адам 25 жасқа дейін өседі.

  10. Органикалық заттар сүйекке мықтылық қасиет береді.

Бағалау критерийі.

Жауабы: +,-,+,+,-,-,+,+,+,-.

9-10 – «5»

7-8 – «4»

4-6 –«3»

0-3 –«2»


Мұғалім сөзі.

Тірек-қимыл мүшелер жүйесіне қаңқа мен бұлшықеттер жатады. Бір- бірімен буын және шеміршекпен байланысу арқылы сүйектер қанқа түзеді. Сонымен қанқа дененің тірегі.

  • Егер адам денесінің тірегі –қанқасын алып тастаса қалай болар еді?

Кеңістікте қозғала алу қабілетті тірі организмнің маңызды қасиеті. Бұл қызметті адамда қанқа және белсенді бөліктерден тұратын тірек қимыл жүйесі атқарады. Қанқа сүйектерден және олардың байланысынан тұрады. Ол біздің денемізге тірек болып дене пішінін сақтайды, қорғаныштық және қан түзілу,зат алмасу қызметін атқарады.

Тұлға аяқ қол сүйектері иін тірек болып табылады.Ол арқылы дененің кеңістіктегі қимыл қозғалысы жүзеге асырылады.

Ендеше қанқа бөлімдерін бейнефильмнен қарайық.

Бейнефильм «Қаңқа бөлімдері».

Сонымен сабағымыздың тақырыбы: Қаңқаның негізгі бөлімдері: бассүйек, тұлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулері.

Мәтінді оқу постер қорғау

«Ойлан, топтас, жұптас! », кезеңі.

1 топ «Бас қанқасы» қандай сүйектерден тұрады. Постерге салу

1.Бас сүйек


Бөлімдері

Сүйектері




2 топ «Тұлға бөлімі» қандай сүйектерден тұрады.

Білгің келсе! терминдер:

  • Сколиоз-омыртқаның бүйір жаққа қисаюы

  • Лордоз-омыртқаның алға қисаюы

  • Кифоз-омыртқаның артқа қисаюы


2.Тұлға бөлімі

Бөлімдері

Сүйектері




3 топ «Иық- жамбас белдеулері» қандай сүйектерден тұрады.


3. Иық- жамбас белдеулері.

Бөлімдері

Сүйектері





Қорытынды. Семантикалық карта (5 минут)

 

 

Сүйектер

Орналасуына қарай

Құрылысына қарай

Байланысуы

Бас

Тұлға

Қол

Аяқ

Ұзын

Қысқа

Жалпақ

Қозғалмайтын

Қозғалмалы

Жартылай қозғалатын

Маңдай

 


 


 

Омыртқа

 

+

 

 

+

 

 

 

+

Жамбас

 

 

+

 

 

+

+

 

 

Тоқпан жілік

 

 +

  +

 



 

Қабырға

 

+

 

 

 

+

 

 

+

Ортан жілік

 

 

+

+

 

 

 

+

 


Баға: 16-18 – “5” 13-15 –”4” 9-12 – “3”



Бекіту кезеңі. Тест жұмысы:

1.Адам қаңқасы қанша сүйектен тұрады?

А) 160 б) 200 в) 250

2. Омыртқа жотасы қанша омыртқадан тұрады?

А) 40-45 б) 25-30 в) 33-34

3. Омыртқа жотасы неше бөліктен тұрады?

А) 6 б) 8 в) 5

4. Садақ сүйек қай жерде орналасқан?

А) аяқта б) қолда в) мойын омыртқада

5. Жалпақ үшбұрышты сүйек қалай аталады?

А) бұғана б) жауырын в) қабырға

6. Сүйектің қозғалмалы байланысы қалай аталады?

А) буын б) омыртқа в) тобық

7. Шүйде (қарақұс) бөлігі қай жерде орналасқан?

А) тұлға сүйегінде б) бас сүйекте в) төс сүйегінде

8. Сүйектің құрамында қанша % органикалық заттар бар?

А) 20 % б) 30 % в) 10 %

9. Адамның қаңқасы неше жасқа дейін өседі?

А) 22-25 жас б) 15-20 жас в) 30-35 жас

10. Сүйекті зерттейтін ғылым қалай аталады?

А) эндокринология б) ортопедия в) орнитология

Тест кілті:1.Б, 2.В, 3.В, 4.А, 5.Б, 6.А, 7.Б, 8.Б, 9.А, 10.Б.

БАҒАЛАУ: 9-10 -«5»; 6-8-«4» 3-5-«3»; 0-2-«2»

Рефлексия:

Рефлексия


Сізге ұнаған жағымды әсерін жазыңыздар

Сізге түсініксіз,жағымсыз әсерін жазыңыз

Білетін және білуге қызықтыратын мәселе туралы ұсыныстар мен сұрақтар жазыңыздар





Жеке критериалды бағалау парағындағы бағалауына сипаттама беру. Топ басшыларының бағалауына сөз беріледі. Соңында мұғалім тарапынан формативті бағалау жүргізіледі.


Үйге тапсырма §22,23 Қанқа бөлімдері кесте 1.2 112 беттер, денгейлік тапсырмалар . Өз бетінше сүйек аурулары туралы хабарлама дайындап келу, Баяндама «Омыртқа жотасының қисаюы мен жалпақ табандылықтан сақтану» .










































































































Адам қаңқасын құрастыру ( 5минут)




































































ІІ. Денгейлеп тапсырма беру. Тақтада карточкалар бойынша жұмыс.

қызыл- 1. Иммундық жүйенің шеткі мүшелерін сипаттандар.

  1. Т- лимфоциттері қандай қызмет атқарады ?

  2. В- лимфоциттері ағзада қандай рөл атқарады ?

көк- 1. Кемік майының қызметі

2. Жұтқыншақтағы лимфа сақинасында қандай бадамша бездер бар?

3. Т-лимфоцит жасушалары қандай иммунитетттің қалыптасуына әсер етеді ?

сары- 1.Көкбауыр қай жерде орналасқан ?

2. Қарсыденелер дегеніміз не?

3. Иммундық жүйеге қандай мүшелер жатады ?

ІІІ. Оқушылардың ғалымдар туралы қосымша ақпараттарын тындау,

( алдын-ала тапсырма берілген).



Ж 16.Кеуде (көкірек) қуысын құрайтын сүйектер:

А) 12 жұп қабырға және төс сүйегі

В) 10 жұп қабырға және төс сүйегі

С) 10 жұп қабырға, омыртқалар

Д) 12 жұп қабырға, омыртқалар

Е) 12 жұп қабырға, төс сүйегі, арқа омыртқалар



17. Қаңқаның толық сүйектенуі:

А) 16-18 жасқа дейін

В) 15-17 жасқа дейін

С) 13-15 жасқа дейін

Д) 19-20 жасқа дейін

Е) 20-25 жасқа дейін



18.Бел омыртқаларының саны:

А) 7 С) 8 Е) 4

В) 12 Д) 5



19. Адамның қол сүйектері:

А) бұғана, жауырын

В) тоқпан жілік, кәрі жілік

С) жамбас, сегізкөз

Д) ортан жілік, асықты жілік, табан

Е) омыртқа, қабырға



20.Адамның омыртқа жотасы немесе омыртқа бағанасындағы дұрыс орналасу бөліктерін көрсетіңіз:

А) мойын, бел, арқа, сегізкөз, құйымшақ

В) мойын, сегізкөз, бел, арқа, құйымшақ

С) мойын, арқа, сегізкөз, бел құйымшақ

Д) мойын, бел, сегіскөз, арқа, құйымшақ

Е) мойын ,арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ

аңа сабақ.

16.Кеуде (көкірек) қуысын құрайтын сүйектер:

А) 12 жұп қабырға және төс сүйегі

В) 10 жұп қабырға және төс сүйегі

С) 10 жұп қабырға, омыртқалар

Д) 12 жұп қабырға, омыртқалар

Е) 12 жұп қабырға, төс сүйегі, арқа омыртқалар



17. Қаңқаның толық сүйектенуі:

А) 16-18 жасқа дейін

В) 15-17 жасқа дейін

С) 13-15 жасқа дейін

Д) 19-20 жасқа дейін

Е) 20-25 жасқа дейін



18.Бел омыртқаларының саны:

А) 7 С) 8 Е) 4

В) 12 Д) 5



19. Адамның қол сүйектері:

А) бұғана, жауырын

В) тоқпан жілік, кәрі жілік

С) жамбас, сегізкөз

Д) ортан жілік, асықты жілік, табан

Е) омыртқа, қабырға



20.Адамның омыртқа жотасы немесе омыртқа бағанасындағы дұрыс орналасу бөліктерін көрсетіңіз:

А) мойын, бел, арқа, сегізкөз, құйымшақ

В) мойын, сегізкөз, бел, арқа, құйымшақ

С) мойын, арқа, сегізкөз, бел құйымшақ

Д) мойын, бел, сегіскөз, арқа, құйымшақ

Е) мойын ,арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ











-75%
Курсы повышения квалификации

Методика обучения биологии в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қаңқаның негізгі бөлімдері: бассүйек, тұлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулерінің қаңқасы, қол-аяқ қаңқасы. Омыртқа жотасының бөлімдері. Адам қаңқасының ерекшеліктері (1.84 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт