Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  Прочее  /  Интерактивті тақтаны қолдану

Интерактивті тақтаны қолдану

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы атап көрсеткендей қазіргі замандағы білім берудің мақсаты – тез өзгеріп отыратын ақпараттық заман жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Жаңа заман ағымына сай білім саласында инновациялық технологиялар қолдану, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру оқытушыдан оқу үрдісінің ғылыми теорияға және студенттің қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.

23.05.2018

Содержимое разработки

ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТАНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ КЕЙБІР ӘДІСТЕРІ.



Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы атап көрсеткендей қазіргі замандағы білім берудің мақсаты – тез өзгеріп отыратын ақпараттық заман жағдайында  алынған  терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Жаңа  заман  ағымына   сай  білім  саласында  инновациялық  технологиялар  қолдану, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру оқытушыдан оқу үрдісінің ғылыми теорияға және студенттің қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.

Ондағы негізгі мақсат – білім алушылардың барлығын  және  жекелей алғанда жақсы оқыту болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында педагогика саласында бірнеше инновациялық технологиялар жүйесі зерттеліп, қолданысқа енгізілді.

Инновация латын тілінен аударғанда “жаналықты енгізу” деген мағынаны білдіреді. Ал инновациялық оқыту дегеніміз – жаңалықты ашу, оны игеру және оқу үрдісіне енгізу.Инновация – жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, жаңашылдардың ұсыныстарының, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңғы нәтижеде қолданылуы.

Инновациялық технологияның мақсаты - білім алушыларды технологияға бейімдеп, шығармашылық, ізденіс қабілетін дамыту, жеке тұлғаны қалыптастыру. Инновациялық технологиялар түрлері:

- Деңгейлеп саралап оқыту

- Сын тұрғысынан ойлау

- Дамыта оқыту

- Модульдік оқыту

- Проблемалық оқыту

- Ақпараттық технология және т.б

Осы технологиялардың ішінде ақпараттық технологияны өз сабақтарымда қолданамын. Қазіргі уақытта заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады.. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын интерактивті тақта болып табылады.

Интерактивті тақтаны дидактикалық мақсатта пайдалану барысында, бұл құралдың ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды. Интерактивті тақтаны қызықты және мультимедиялық құралдар көмегімен студенттердің қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады.

Интерактивті тақтаны қолданудың кейбір әдістері:
• Мультимедиа презентацияларын ұсыну;
• Ауызша есептеулерді жүргізу;
• Ақпаратты біртіндеп берілуі;
• Формула, мәтін, тапсырмалардағы бос орындары толтырылуы;
• Цифр, сөз, сан немесе суретті жылжыту арқылы керекті объектілермен өзара әрекеттесу, байланыстыру;
• Дайын коллекциядағы суреттер кадрларын қиыстыру(кесте, графика, сызықты қағаз, нышандар, иллюстрация, координаталар жүйесi, сызғыш, схема және т. б.) ;

Сабақты түсіндіру барысында оытушы тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивті тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы есеп шығаруды, құрал саймандарды қолдануды көрсетіп, түсіндіреді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Сонымен, интерактивті тақта студенттердің ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады

Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интеактивті тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивті тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сабақты тиянақты жоспарлап, керекті материалдарды алдын-ала дайындау керек.

Сабақта оқытушы интерактивті тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді.
Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар.

Оқытушылардың көрсетуінше интерактивті бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады, мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады, бұны сабақта болмай қалған студенттерге қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады. Материалдарды оқып үйрену барысында интерактивті тақтаны пайдалану білім өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді, сондықтан оқытушылардың дайындаған материалы студенттерге түсініктірек болады. Көп оқытушылардың байқағанындай сабақтың студенттерге қызықты және дәлелді (мағыналы) болады, және оны (студенттер) жылдам есте сақтайды. Интерактивті тақта оқу сапасын жоғары деңгейде тағы да оқытушылардың уақытын үнемдейді, оған бұрын өтілген материалдардың екінші рет қайталауға қажеті жоқ.

Интерактивті тақта барлық сабақта қолдану мүмкін, жоқ болмаса сабақтың әрбір сатысында. Басқа да заттар сияқты интерактивті тақтаны пайдаланудан ең көп тиімділікке сабақта қойылған мақсаттарға сәйкес қолдану арқылы жетуге болады.

Интерактивті тақтамен бірге жүретін бағдарламалық нұсқаулықты жақсы біліп, оны сабаққа дайындалғанда қолданулары керек.
Оқытушыларға тағы басқа да бағдарламалық құжаттар керек.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, айта кетейік: Сабақ алдын - ала дайындалған болу керек, сонда ғана материалдар жылдам түсіндіріледі.
Интерактивті тақтада бір уақытта бірнеше материалдарды қолдануға болады: бейне, дыбыс, сурет, мәтін, және т. б. Сабақ соңына дейін логикалық үздіксіз түрде болса, сонда ғана сабақ қойылған мақсатына жетеді; Сабақ кезінде сақталған файлдар студенттерге беріледі: сондай - ақ бұл файлдарды келесі сабақта өтетін материалдарды қайталау және толықтыру үшін қолданылады.

Сабақта интерактивті тақтаны қолдану студентті оқыту тиімділігін арттырады. Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс - тәсілдер студенттердің оқуға деген ынта - ықыласының, дағды мен ой - өріс, білім - біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз.

Оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану оқытушының жеке тәрбиесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырады. Интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Математика және физика журналы» 2012 ж. № 5

  2. ҚР Жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасы. Алматы қаласы.

  3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту

-80%
Курсы повышения квалификации

Методика подготовки к ОГЭ по математике

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Интерактивті тақтаны қолдану (19.84 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт